Роналду Чемпиондар лигасында Мессиді басып озды

рлналдо Мадридтік «Реалдың» көшбасшысы Криштиану Роналду Чемпиондар лигасының үздік сұрмергендер көшінде бірінші орынға шықты. Донецкілік «Шахтерға» қарсы ойында хет-трик авторы атанып, Лионель Мессиді басып озды, деп хабарлады massaget.kz порталы. Криштиану Роналду украиналық клубтың қақпасына 3 гол соқты. Оның екеуін пенальтиден орындады. Нәтижесінде, Чемпиондар лигасында соққан голдарының санын 80-ге жеткізді. Ал, Лионель Месси португалдық футболшыдан 3 голға қалып отыр. Аргентиналық сұрмергеннің командасы бүгін Римде «Ромамен» кездеседі. Айта кетейік, Криштиану Роналду мен Лионель Месси Чемпиондар лигасының үздік сұрмергендер тізімінде кезегімен көш тізгінін иеленіп келеді.

Дереккөз: ИА "Казинформ"