Елдос Сметов дзюдодан әлем чемпионы атанды

Бүгін Астанада дзюдодан әлем чемпионаты басталды. Аталған сынның алғашқы жарыс күнінде қазақ балуаны Елдос Сметов әлем чемпионы атанды.

сметов

Елдос финалда өзінің отандасы әрі командаласы, ақтөбелік Рустам Ыбыраевтан басым түсті.

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы 2009 жылдан бері алғаш рет дзюдодан әлемдік доданың алтынын алып тұр. Бұған дейін қазақстандықтар арасынан Максим Раков қана еліміздің әнұранын шырқатқан еді.

Осыған дейін әлем чемпионатының финалында екі қазақ балуанының белдесуі де тіркелмегенін атап өткен жөн.

Елдос Сметов 60 келідегі ұлттық құраманың үздігі. Тараз қаласының тумасы 2014 жылғы Азия ойындарында жеңімпаз атанған тұңғыш қазақ балуаны.

Дереккөз: NUR.KZ