Валюта бағамы USD: 312.76 | EUR: 331.08 | CNY: 45.53

САРЫАҒАШТА НЕ БОЛДЫ? (видео және суреттер) 

Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданына қарасты ауылдардың бірінде кісі өлімі болып, соның кесірінен жаппай тәртіпсіздік орын алды. Бұл туралы облыстық ішкі істер басқармасынының баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға 4 ақпан күні түнде болған. Сарыағаш ауданына қарасты Бостандық ауылына жақын жерде көрші Ынтымақ аулының тұрғыны, 1985 жылы туған Б.Д.Артықовтың мәйіті табылған. Мәйіттің денесінде пышақтаудан қалған ауыр жарақат іздері бар.
Кісі өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ретінде Сарыағаш ауданына қарасты Бостандық ауылының тұрғыны 1976 жылы туған Нарметов іздестіріліп жатыр.
Қылмыстық оқиғаға Нарметов жалға алып отырған Артықовтың жылыжайына байланысты жағдай себеп болған көрінеді.
Осы оқиғадан кейін, 5 ақпан күні Артықовтың ауылдастары, бір топ жас көршілес ауылға келіп, бірнеше машинаны өртеп, бірді-екілі үйге шығын келтірген.
Бұл тәртіпсіздіктерді дер уақытында полиция тоқтатқан. Қазір оқиға болған ауылда тыныштық орнап, құзырлы орындар жұмыс істеп жатыр.

 

youtube видео желісінің гражданин РК және Ербол Тулегенов атты қолданушыларының каналынан алынған Сарыағашта болған оқиғаға қатысты видеолар:

 

 

abai kz



306 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Қолқоюсыз 17 Қаңтар, 2017, 09:54

    БАРРИДЕ БАСКА ШЫЫГЫП БОЛДЫ…ЖАСЫМ 57де ЕЛимиз бытырап кетпесин………….

    Жауап жазу
  2. Қолқоюсыз 22 Қаңтар, 2017, 10:24

    :koisai:

    Жауап жазу
  3. Қолқоюсыз 27 Қаңтар, 2017, 19:42

    :koisai: :shoshu:

    Жауап жазу
  4. кама 19 Ақпан, 2017, 23:05

    кинали кан ишерлердин жазасын тарткызу керек :unatu:

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*

 aaa aaa aaa aaa aaa aaa aaa aaa aaa aaa Көңіл күй бейнелер авторы: IMKAZ.kz.