Валюта бағамы USD: 312.76 | EUR: 331.08 | CNY: 45.53

МҮШӘЙРА!!! «МӨЛТ ДҮНИЕ!..» АЙАРУ

МҮШӘЙРА!!!  «МӨЛТ ДҮНИЕ!..»  БІР ШУМАҚҚА БІР ЖҮЗ ДОЛЛАР!

 

Qazaquni.kz ұлттық порталы  бұрын-соңды болмаған  мүшәйра жариялайды!!! 

«МӨЛТ ДҮНИЕ!..» атты бұл мүшәйраға жарық дүниенің  жалт еткен бір сәулелі сәтін бейнелеген суретке арнап бір ғана шумақ жазсаңыз жетіп жатыр. Тақырыбын да өзіңіз қоясыз.

Бәрінен асып түссеңіз, оқырмандардың көп дауысын алсаңыз,

бір ғана шумағыңыз үшін бір жүз доллар (18 000 теңге+) аласыз…

 Жеңімпазды оқырмандар пікірі  мен әділқазы қорытындысы анықтайды. Бір шумақтан құралған ақындар бәйгесіне әділқазы да бір ғана адам болады. Әр мүшәйрада әр ақын әділқазылық етеді.

Мүшәйраға қатысу мерзімі де   ары кеткенде бір ай көлемінде. Мүмкін одан қысқа уақытта да шешілуі  мүмкін…  Ақындардың жасына шек қойылмайды.  Мүшәйраға жолданатын шумақтар бірден оқырман оқып, ойын білдіру  үшін  пікір-коммент орнына жазылады.

 Мүшәйра арналатын  сурет сайт редакциясы мен оқырмандар тарапынан да қабылданады.

Жеңімпаз qazaquni.kz ұлттық порталында, сонымен қатар «Қазақ үні» газеті мен «Жұлдыздар құпиясы» журналы мен сайтында және т.б. бірнеше сайттарда жарияланады.

Әділқазылық еткен ақын  аты қорытынды шыққанда жарияланады.

Сонымен, бір шумақ, бір жүз доллар, бір әділқазы, бір демеуші, бір ай мерзім.

 

Алғашқы мүшәйраны ақын Қазыбек Иса өзі бастап, бәйгені де өзі тігіп отыр.  

(Сурет Гүлмира Әлжанованың Фейсбуктағы парақшасынан алынды)

Мөлт дүние…

АЙКЕЗБЕ АРУ

АЙЛЫ ТҮННЕН ӘУЕН ТЫҢДАП ӘРҚИЛЫ,
АЙДАЙ АРУ АЙ АСТЫНДА ШАЛҚИДЫ…
АЙДЫНДАҒЫ АЙ СӘУЛЕСІН АУЛАУМЕН,
АЙМАҢДАЙ ҚЫЗ  АЛАУ КЕШІП ҚАЛҚИДЫ…

Қазыбек Иса

 * Мүшәйра туралы жарияланымдар:

«МӨЛТ ДҮНИЕ!.. АЙАРУ»  атты МҮШӘЙРА МӘРЕГЕ ЖЕТТІ!

http://www.qazaquni.kz/?p=32120

МҮШӘЙРА!!! “МӨЛТ ДҮНИЕ!..” Көш-керуен

http://www.qazaquni.kz/?p=32482



186 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Сайгез жебе 8 Желтоқсан, 2014, 08:55

    Арғын Абай, сіздің айтқаныңызбен келісе алмаймын! Не ай сәулесінің астында тұрған қыз бейнесі құрып қалды ма қойсаңыздар?… Біресе былай, біресе олай бұлталақтатқанша бастамау керек еді. Біресе Айкезбе ару,біресе Айдай ару, ұйымдастырушының өзі де туған аймен батар күнді шатастырып отыр, не батар күүнің шапағы поэзиялық шумаққа жатпай ма? Ердің екі сөйлегені өлгені…

    Жауап жазу
  2. Қамбар төре тегі 8 Желтоқсан, 2014, 14:00

    Ақын Сенбек Сансызбайұлы, өз шумақатарында болашақ адам Анасының табиғат-Анамен сырласуын ойға келтіреді. Табиғат-Ананың туған жер қасиетінің өз перезентеріне осылай беріледі екен ғой. Ал осындай табиғатпен тілдесудің жалпы адаммен табиғат байланысы тәрбиелік маңызының қазіргі кезде өте өзекті екені әркімге аян.
    Айтылғандарды ескерсек адаммен мен табиғаттың байланысын, адамзат және оның Анасының келешегі үшін табиғат-Ананы аялау қажет екенін меңзеп жазылған Сенбек мырзаның жыр шумақтары кем дегенде 200 АҚШ долл.бәйгеге әбден лайықты, деп есептеймін.

    Жауап жазу
  3. Қадырсұлтан Нүсіпқан 8 Желтоқсан, 2014, 14:07

    Сөнбесін үміт

    Хас сұлуым, төге көрмеші сен мұңлы жас,
    Жеткізер жағаға, ҮМІТ деген от-арба.
    Ұстадым ұшынан көйлегіңнің мың құлаш,
    Салайын деп жүрегімдегі бір нотаға

    Жауап жазу
  4. Мағаш тама 8 Желтоқсан, 2014, 15:01

    Осы уақытқа дейінгі басылған өлеңдердің ішінде Сенбек Сансызбайұлы ғана бір шумақ өлеңге ұсынылғын суреттегі ару қыз бен табиғат сұлулы үйлестігін жандүниесімен сезініп мүшәйра тақырабынан ешқандай ауытқымай лирикаға толы жолдарға сидыра білген.
    Сенбек мырза бас бәйгеге бірден-бір лайық ақын деп санаймын

    Жауап жазу
  5. Марат ҚАНИЕВ 8 Желтоқсан, 2014, 16:09

    Айлы аспан ақтарған ащы мұңын,
    Тіршілік жоқ. Жатқандай өлі күліп…
    Айдынмен арпалысқан ана бүгін,
    Кетер ме екен сағыныштың күлі болып!

    Жауап жазу
  6. Алатау ұланы 8 Желтоқсан, 2014, 19:08

    Таудан асып булттағы ай көкжиекке батама,
    Сағымы оның теңізді сүйіп маңгі осылай жатама .
    Ай мүсінді ай арудың айлап күткен арманы,
    Әттең ертеңгі күн сенімен бірге атама.

    Жауап жазу
  7. Мәден Лашын 9 Желтоқсан, 2014, 23:55

    Сен едің ақ таң,
    Кіршіксіз сезімді кеудеңе тумарғып таққан.
    Қап қара көзіңде сезімнің сиқырын шашып,
    Тұп тұнық түнімде, амалсыз жұлдыздар аққан…..

    ***

    Жауап жазу
  8. Алтай 10 Желтоқсан, 2014, 15:06

    Өлеңім үшін ақталу ғана емес, жоғардағы сурет мұндағы ағалар айтқандай мүлдем түннің суреті емес қой. Екінтіден бесінге ауған шақ емес пе? Ендеше «Бесін алды» деген тіркесті жоққа шығарудың өзі – әбестік!

    Жауап жазу
  9. Қыр қазағы 10 Желтоқсан, 2014, 15:11

    Мөлт-мөлт еткен тамшыны бесін алды жұтқың кеп,
    Аңсайсың-ау,аруым,жанарыңда шық гүлдеп.
    Мөлдірлікке жаралған жаның үшін бір шыбын,
    Теңіз барып, тұрсың ба сен де өлімге тұтқын боп?!
    Дүние-ай!!!(Алтай)

    Қарауыл жасақ
    5 желтоқсан, 2014
    9:22 pm
    Алтай көп -көрім. Бірақ бесін қайда , біз қайда , айлы түн қайда..?

    Жауап жазу
  10. Жетімдердің Баласы 10 Желтоқсан, 2014, 16:04

    Ақын Сенбек Сансызбайұлының өлеңі 1000$ лайық деп білемін.

    Жауап жазу
  11. АМАНБЕК 10 Желтоқсан, 2014, 22:20

    Қыз – ғұмыр, қызғылт – дүние, қызыл – көйлек.
    Қызыл – күн, қып-қызыл көл, өрттей өрлеп!
    Аялаған үкілі үмітіне,
    Ару қыз қол созады қанат сермеп!

    Жауап жазу
  12. Сайгез жебе 10 Желтоқсан, 2014, 22:30

    Алтай, дұрыс айтасың бұл арада шатасу автордың өзінен де болып отырған сияқты,айлы түн мен кешкі бесінді шатастырып. Ал тек ұйқас үшін болмаса осы бейнеге айдың сәулесінің түк те қатысы жоқ…

    Жауап жазу
  13. Модератор 10 Желтоқсан, 2014, 22:53

    Суретті «айлы түндегі ару» деп шартты түрде ұғу керек. Өйткені айлы түнде мынадай ару қыздың әсерлі де, әдемі фотосы табылмады. Сондықтан, бұл суреттегі айлы түн бе, немесе кеш батып бара жатқандағы кез бе, оған бас қатырудың қажеті жоқ. Тапсырма – айлы түндегі ару қыз туралы бір шумақ жыр жазып, бәйгеге тігілген 100 долларды жеңіп алу.

    Жауап жазу
  14. Жеңіс Кәріп (Бурабайдан) 11 Желтоқсан, 2014, 15:02

    Аппақ тәнің қызыл көйлек жасырып,
    Ай жүзіне телміреді қара қыз.
    Бір тілегі бар ма екен Тәңірден,
    Жүрген қыз ба махаббатсыз сыңарсыз.

    Жауап жазу
  15. Жеңіс Кәріп 11 Желтоқсан, 2014, 15:09

    Қандай қызсын, айлы түнде адасқан,
    Телміресің ай жүзіңе сілейіп.
    Бір сырыңды ұрлап алып түнгі аспан,
    Сәруар самал, бұрымыңды тарқатқан.

    Жауап жазу
  16. Шарбат 11 Желтоқсан, 2014, 17:16

    Женiс сiздiн жазганыныз оте тамаша

    Жауап жазу
  17. Тобықты- Ерлан 11 Желтоқсан, 2014, 20:18

    Ару мұңын айдың нұры көжиекке жалғаған,
    Ғашық дерті жұлқынады шырқау көкке самғаған.
    Дауа іздеп шарқ ұрады жараланған жүрекке,
    Жағаға кеп мұңын шағып тағдырына алдаған.

    Жауап жазу
  18. Айналайын 11 Желтоқсан, 2014, 23:56

    Ай нұрымен әсем етіп сәл мұңын
    Ұмытсам деп қажытқанның барлығын
    Кең дүнеге көзін тіккен ару қыз
    Бірақ осал санамайды тағдырын

    Жауап жазу
  19. Аха 12 Желтоқсан, 2014, 11:20

    Санди деген атпен жазылган олен унайды, +5

    Жауап жазу
  20. editor Author 12 Желтоқсан, 2014, 17:01

    Мүшәйра қорытындысы 22 желтоқсан-дүйсенбіде жарияланады.

    Жауап жазу
  21. erkem 13 Желтоқсан, 2014, 04:22

    Төбемдегі ай, сейіл бұлттар, неменеге паңсындар
    Сырымды ұқ
    Күндер… Айлар… сендерге хақ, ішкі сырым ашылар.
    Жалғасып кеп жылдармен,
    Менің мына, мөлт дүниеме қонған жас та тамшылар.
    Бәрібірде күтемін мен бақытымды,
    Қызыл айдағы құс жолдар.

    Жауап жазу
  22. Тобықты- Ерлан 13 Желтоқсан, 2014, 19:26

    Жеңіс Кәріп ұнады, ал Санди неге өзін өзі жарнамалай береді екен!!!

    Жауап жазу
  23. Ляззат 14 Желтоқсан, 2014, 10:11

    Беу,дуние!мына тун де жаралы. Молдiрейдi айдын-кыздын жанары. Сыр айтады ай нурына ай ару.Титтей журегiнде бар алi.

    Жауап жазу
  24. Ляззат 14 Желтоқсан, 2014, 10:18

    Титтей умiт журегiнде бар алi.

    Жауап жазу
  25. Тобықты- Ерлан 14 Желтоқсан, 2014, 20:00

    Ляззаттікі жақсы екен!

    Жауап жазу
  26. Төлеген Меллат 14 Желтоқсан, 2014, 22:46

    Анонимка

    Бұлтын бояп,үрпін сүйген іңірдің,
    Батар күні, бата оқыдым мен саған!
    Күту дейтін көз жасымен көк теңіз,
    Кемеріңді толтырды екен қанша адам?!

    Жауап жазу
  27. Көз 14 Желтоқсан, 2014, 23:22

    Ең мықты шумақ Төлеген Меллаттікі екен!

    Жауап жазу
  28. Ляззат 15 Желтоқсан, 2014, 02:40

    Канша акыннын шабытына ун косканМына сурет жазылмаган бiр дастан.Табигаттын тылсым кушi булбалкм .Сан шумактар тогiлуде тынбастан

    Жауап жазу
  29. Серғазы Қайырболды 15 Желтоқсан, 2014, 15:23

    Қиялға салып күй-әнге толы бейнені
    Қозы көш ғұмыр, сөзі бос болып сөйледі
    Қап-қара бұлттар – қаптала төнген қайғысы,
    Қып-қызыл ымырт – қарашаш қыздың көйлегі

    Жауап жазу
  30. Серғазы Қайырболды 15 Желтоқсан, 2014, 16:04

    Иран Сал ағамыз да осында екен-ау

    Жауап жазу
  31. Серғазы Қайырболды 15 Желтоқсан, 2014, 17:58

    Суретте кеш берілсе, тақырыпта түн. шарт бойынша суретке қарап өлең жазу керек қой, тақырыпты өздерің қойсаңдар деген жоқ па? Суретке қарап жазған дұрыс сірә

    Жауап жазу
  32. Ахан АХМЕТ 15 Желтоқсан, 2014, 18:06

    …АЙДЫН ТИПТИ БАСА АЛМАСТАН ЕНТИГИН,
    ЖАНАРЫН ДА АЙКАРА АШЫП ЖАТЫР АЙ…
    СОЛ СУЛУГА ЫНТЫК ЕКЕН МЕН ТУГИЛ,
    АДЕМИ АЙ ДА, КОРКЕМ КОЛ ДЕ, ЯПЫРАЙ!

    Жауап жазу
  33. найман- Мұрат 15 Желтоқсан, 2014, 19:51

    Алтай бауырым, бізді шатастырған АВТОРДЫҢ өзі,не бұл тақырыпқа жауапты адамдар…Шумағың маған ұнады.Тақырыбы; Жарық дүниенің жарқ еткен бір сәулелі сәті…Қызығы мынау- қанша ақындар жырласа да ;АЙКЕЗБЕНІ,, аузына алмады.ТектБІРЛІ -ЖАРЫМ болмаса..
    Қазы-ағам, арғын-Абай,,
    Ай-Аруды жырлай баріңіздер АҚЫНДАР… Іске сәт.
    ,, поэзияның исі мұрнына бармайтын,, НАЙМАН-МҰРАТ

    Жауап жазу
  34. Келгенбай Оспан 15 Желтоқсан, 2014, 19:53

    Бара жатыр батып айда олгелi,
    Кара бултты кушi жетпей тургелi.
    Сулу ару самал желге тербелiп,
    Коз алмауда асемдiктен колдегi.

    Жауап жазу
  35. орта жүз-Керей 15 Желтоқсан, 2014, 20:04

    Қиялдағы қарындасым,мінезге бай ,қылықты,
    Толған АЙҒА мұңын шағып, бізді мүлде ұмытты.
    Діріл қаққан көлдің беті,АРУ жанын ұғынар,
    Абайлашы,оу ағайын, былғамайық тұнықты…
    орта жүз КЕРЕЙ

    Жауап жазу
  36. муратбек каракас 15 Желтоқсан, 2014, 22:42

    Келгенбай оспан оленi сурет сай келедi

    Жауап жазу
  37. Арыс 15 Желтоқсан, 2014, 23:05

    Ай ару тұр екен кімді сағынып?
    Айдың қызыл сәулесіне малынып,
    Әлде тұр ма тағдырына налынып,
    Айдын көлге мұңын айтып шағынып?

    Жауап жазу
  38. Меку 16 Желтоқсан, 2014, 03:10

    Келгенбай Оспаннын олени суретке сай келеди,арине баскаларыныкы де жаксы

    Жауап жазу
  39. Алтай 16 Желтоқсан, 2014, 09:51

    Күйдей сұлу, сырлы жаны өлеңнен,
    Бір арудың сыр айтқанын айға алқып
    көрдім бүгін –
    «Ләйләң десе», сенем мен!
    жүрегіме қайтам сосын қайғы артып…

    Жауап жазу
  40. алтын 16 Желтоқсан, 2014, 22:20

    Оспаннын олени оте Керемет суретке сай айтылган

    Жауап жазу
  41. дикош 16 Желтоқсан, 2014, 22:25

    келгенбай оспаннын олен манерин керемет ашкан

    Жауап жазу
  42. Нұртай Текебаев 16 Желтоқсан, 2014, 23:33

    Тылсым нұр
    Қызыл мақпал шәйі оранған,
    Сыр шертеді қос ару.
    Бұлттар баяу тоқтай қалған
    Бойға дарып масаң у.

    Жауап жазу
  43. Мұқият Қойшыбайұлы 18 Желтоқсан, 2014, 11:26

    Қазыбек аға салған суретке…

    Тымық кеш, жұлдыздардан шашырап нұр,
    көл бойы, сыңсыйды орман, атырап гүл.
    арманшыл ару телміріп көктегі айға,
    Жанарынан от моншақ Тамшырап тұр.

    Жауап жазу
  44. nurgul.mukaheva 18 Желтоқсан, 2014, 22:56

    Сулу ару кун батканда
    Шыкты тауга кеш самалын жутуга
    Кызыл алау кун,коныр булттарбатып барады
    Бул алемди кймай кинала?
    Келер куннен кыз тур бакыт сурап
    Иа Раббым бере гор сулу кыздын ой арманын тилегин
    Жайкалта гор кызыл гулдей кыз омирин жасарта

    Жауап жазу
  45. Асия Ундирбаева 19 Желтоқсан, 2014, 22:19

    Лаззат Серикбайкызынын олени оте тамаша!Унады!

    Жауап жазу
  46. Ляззат 19 Желтоқсан, 2014, 23:04

    Менiнше мына сурет жаны бар суреТ сиякты калай жырласан да жарасАды.кeремет дуние!маган осы жумбАктыгымен унайды!

    Жауап жазу
  47. Ержан Ақмешіттік 20 Желтоқсан, 2014, 10:32

    Сенбек Сансызбайұлының көп өлеңдерін оқығанмын, әсіресе «Табиғатпен сырласу» атты өлеңі табиғат анаға адамзаттың көрсетіп жатқан аяусыздығын ерекше суреттей білген. Мүшәйрадағы жалғыз шумағы табиғат – Анасымен арудың сырласуға шыққанын, шер болып қатқан зар-мұңын жайып салуға келгенін тамаша бейнелеген!

    Жауап жазу
  48. Шаймарданова Дана 21 Желтоқсан, 2014, 17:36

    Мына мендей шұғылаға қарайды
    Бұл әлемде өзін жалғыз санайды
    Ай сәулесі ару қызды аймалап,
    Еркелетіп, періштеге балайды.

    Жауап жазу
  49. Тенелген Азамат 21 Желтоқсан, 2014, 18:29

    Туса туар артылмас туылса анык,
    Сулуды суреттеуге коныр шабыт.
    Кара тунде устiнде кызыл койлек,
    Ару кыз тур табигатка кылыктанып.

    Жауап жазу
  50. Хайрош 21 Желтоқсан, 2014, 21:13

    Тобықты Ерлан мен Сәндінің шумақтары озық тұр.Бірақ, Сәнді қарындасымның кенеттен орысша сайрап кеткеніне қынжылып, бас жулдеге Ерлан ініміз лайық деп шештім. Қайта оқып көріңізші.

    Жауап жазу
  51. жанка 22 Желтоқсан, 2014, 11:31

    Азамат Тенелген олены жаксы шыккан

    Жауап жазу
  52. Қайырболды Серғазы 22 Желтоқсан, 2014, 12:24

    Ал, көрелік ендеше

    Жауап жазу
  53. Санди 22 Желтоқсан, 2014, 17:47

    Хайрош, ұмытпағаныңыз жөн болар, біздің елде 50/50! (ар жағы өзіңізге айтпаса да түсінікті ғой…) Мен орысша жаздым деп жүлде ала алмай қалсам… орысша жазып, сөйлейтін шенеуніктерден бастап ел ағаларына дейін ендеше орындарын босатсын…

    Жауап жазу
  54. Санди 22 Желтоқсан, 2014, 17:50

    Мен еліміздің Ата заңы – Конституциядан аса алмаймын…

    Жауап жазу
  55. Хайрош 22 Желтоқсан, 2014, 18:32

    Сәнді қарындасым! Мен өзіңді еш ренжіткім келген жоқ. Шала қазақ шенеуніктер бұл жерде жоқ қой.Ең болмаса неге тіліңнің өзгеруінің себебін де білмей қалдым. Сосын улкен адамға ағаны қосып деп тіл қатқаның жақсы.

    Жауап жазу
  56. Хайрош 22 Желтоқсан, 2014, 18:42

    Тобықты Ерланның 3 желтоқсанда жазған шумағы лайық. Тек соңғы жолында: жұлдыздар мен түнгі аспан болуы керек. Жұлдыздармен деп бірге жазылып кеткен екен.

    Жауап жазу
  57. АҚНИЕТ ӘБДІҒАППАРҚЫЗЫ 23 Желтоқсан, 2014, 10:05

    «Ай сұлуды» құрсаулап бұлттар жан-жақтан,
    Ой салар көпке келтірердей-ау салмақты ән.
    Көк көлге түскен алтын көпірдей ай-сәуле,
    Арудың арзу арманын көкке самғатқан.
    ОҚО ШАРДАРА ҚАЛАСЫ!

    Жауап жазу
  58. Әбдірахман Айтолқын 23 Желтоқсан, 2014, 15:40

    Күрең күні жүрегі жалғызсырап, Құз басына қыз келді сезім сұрап, Жары бар ма жанына жамау болар, Жібітеді көңілің сол бір сұрақ…

    Жауап жазу
  59. editor Author 29 Желтоқсан, 2014, 21:59

    МҮШӘЙРА ІРІКТЕУІ

    «МӨЛТ ДҮНИЕ!..» атты мүшәйраға бір айда 161 пікір жазылып, оның ішінде 52 ақынның жыр шумағы түскен. Бұны 5611 адам оқыған. Осы 52 ақыннан 20 ақын іріктеліп, әділқазы-ақынға жіберілді. Қорытындысы ертең шығарылады.

    Қазыбек Иса

    АЙЛЫ ТҮННЕН ӘУЕН ТЫҢДАП ӘРҚИЛЫ,
    АЙДАЙ АРУ АЙ АСТЫНДА ШАЛҚИДЫ…
    АЙДЫНДАҒЫ АЙ СӘУЛЕСІН АУЛАУМЕН,
    АЙМАҢДАЙ ҚЫЗ АЛАУ КЕШІП ҚАЛҚИДЫ…

    Ұлықбек Тәңірберген

    Айдың жүзін келеді бұлт қалқалап,
    Айдын жатыр ап-ауыр жүкті арқалап.
    Ардақтым да кеп қалар деген оймен,
    Ару ма екен жолына шыққан қарап.

    Ақжусан Иманғазықызы
    Қызыл оттан жүзі күйіп өлкенің,
    Кәрі теңіз мұңын ішті еркенің.
    Батқан күнге дұға қылды Ай-Ару,
    Көргісі кеп махаббаттың желкенін.

    Әбу-Асқар Мекешұлы

    Қанға малып көкжиекті мұнар күн…
    Қара бұлтпен жақындасқан шығар тым?
    Қызғылт әлем ұятымды ұрлады,
    Күңіренген жан сырымды ұғар кім?!

    Ербол Бейілхан

    Бояулы бұлт, бояулы Күн, бояулы Ай,
    Іңкәр – жүрек көлге жетті баяулай.
    Теңіз кешіп, қолаң шашты қыз келед(і),
    Барқыт түннен бақыт іздеп жаяулай…

    Манарбек Хыдырбай

    КӨКТЕМ ТҮНІ…ТӨБЕМДЕ АЙ ҚАРАЙДЫ,
    БАЛҒЫН ТАЛДЫ ПӘК САМАЛ АЙМАЛАЙДЫ.
    САУМАЛ ЖЕЛГЕ ЖЕЛПІНІП ҚҰШАҚ ЖАЙҒАН,
    СЫҢҒЫР СУДАН АҚ САҒЫМ ТАЙҒАНАЙДЫ.

    Т. Қарашев

    Түнгі аспанда көрдім айдың жүзгенін,
    Сезім нұрын құс жолына тізгенін.
    Құшағына бұлттың еніп барады,
    Сұқ көздерден жасырғандай іздерін.

    Ғабит Кәдірбаев

    Күн-көркін мұң бұлты басқан,
    Көңілге күңгірт ұласқан,
    Айнаға қарайды сұлу,
    Көйлегі – қызғылтым аспан.

    Нұржан Байтөс

    Теңіз шөккен, бұлт өбкен сахна тұр,
    Майлы бояу сөйлейді сәт төрінде.
    Аузын ашып, iңкәр боп ақын отыр,
    Аспан бүгін түсiрген “ақ келінге”…

    Нұрахмет

    Тамсандырып жүретұғын талайды
    Өмір сүрсем деп ойлайды арайлы
    Күннің нұры шуақ шашып аруға
    Келешекке және үмітпен қарайды

    Арыс

    Бұлт астынан ай сығалап қарайды,
    Қызғылт сәуле әлем бойлап тарайды,
    Айқаракөз жағалауда су кешіп
    Сілкіндіріп түр ғой көңіл-сарайды.

    Саннұр Көшербай

    Көкжиектің от жағып жылт нұрына…
    Будақтатып кім тартқан бұлтты мына?!
    Айдынымды жұбатып тұрған күнім
    Айналуда түнектің тұтқынына…

    Сүгірбай Нұрман

    Ай алауы ару қызды өртеді ме,
    Шешіндірген сырып тастап көрпені де.
    Суға барған түн ішінде, періме әлде-
    Көкжиектен күткен үміт ертеңіне…

    Гүлмира Садық

    ЖҮРЕГІМДЕ ҰЯЛАЙДЫ ҚАТПАР МҰҢ,
    БАР СЫРЫМДЫ АЙЛЫ ТҮНГЕ АҚТАРДЫМ,
    АЙ НҰРЫМЕН МӨЛДІРЕГЕН АЙДЫН СУ
    КУӘСІСІҢ, СЕЗІМі мол ШАҚТАРДЫҢ.

    Алтай

    Мөлт-мөлт еткен тамшыны бесін алды жұтқың кеп,
    Аңсайсың-ау,аруым,жанарыңда шық гүлдеп.
    Мөлдірлікке жаралған жаның үшін бір шыбын,
    Теңіз барып, тұрсың ба , сен де өлімге тұтқын боп?!

    Айналайын

    Ай нұрымен әсем етіп сәл мұңын
    Ұмытсам деп қажытқанның барлығын
    Кең дүнеге көзін тіккен ару қыз
    Бірақ осал санамайды тағдырын

    Төлеген Мелат

    Бұлтын бояп,үрпін сүйген іңірдің,
    Батар күні, бата оқыдым мен саған!
    Күту дейтін көз жасымен көк теңіз,
    Кемеріңді толтырды екен қанша адам?!

    Серғазы Қайырболды

    Қиялға салып күй-әнге толы бейнені
    Қозы көш ғұмыр, сөзі бос болып сөйледі
    Қап-қара бұлттар – қаптала төнген қайғысы,
    Қып-қызыл ымырт – қарашаш қыздың көйлегі

    Шаймарданова Дана

    Мына мендей шұғылаға қарайды
    Бұл әлемде өзін жалғыз санайды
    Ай сәулесі ару қызды аймалап,
    Еркелетіп, періштеге балайды.

    АҚНИЕТ ӘБДІҒАППАРҚЫЗЫ
    Ай сұлуды”құрсаулап бұлттар жан-жақтан,
    Ой салар көпке келтірердей-ау салмақты ән.
    Көк көлге түскен алтын көпірдей ай-сәуле,
    Арудың арзу арманын көкке самғатқан.

    Жауап жазу
  60. Алтай Бұқарбаев 30 Желтоқсан, 2014, 08:51

    Сүйем сені табиғатты сұлуы,
    Іңкәрлығым – махаббаттың тұнығы.
    Құшағыңа ал күрең қызыл іңіртім
    Ұстап алып сұлу құмар ұрыны,
    Тұншықтырсын періштенің құрығы!

    Алтай Бұқарбаев

    Жауап жазу
  61. Алтай Бұқарбаев 30 Желтоқсан, 2014, 08:56

    Сүйем сені табиғатты сұлуы,
    Іңкәрлығым – махаббаттың тұнығы.
    Құшағыңа ал күрең қабақ айлы түн
    Ұстап алып сұлу құмар ұрыны,
    Тұншықтырсын періштенің құрығы!

    Алтай Бұқарбаев

    Жауап жазу
  62. editor Author 31 Желтоқсан, 2014, 16:52

    МҮШӘЙРАНЫҢ ЕКІНШІ ІРІКТЕУІ

    «МӨЛТ ДҮНИЕ!..» атты мүшәйраның соңғы іріктеуіне дейін бір айда 161 пікір жазылып, оның ішінде 52 ақынның жыр шумағы түскен. Бұның ішінде екі ақын екі рет жіберген шумақтарын. Сонда бұл 54 шумақты бүгінге, 31 желтоқсанға дейін 6670 адам оқыған. Осы 52 ақыннан 20 ақын іріктеліп, әділқазы-ақынға жіберілген болатын. Бүгін екінші іріктеуге 11 ақын жіберілді. Қорытындысы кешке шығарылады.

    Қазыбек Иса

    АЙЛЫ ТҮННЕН ӘУЕН ТЫҢДАП ӘРҚИЛЫ,
    АЙДАЙ АРУ АЙ АСТЫНДА ШАЛҚИДЫ…
    АЙДЫНДАҒЫ АЙ СӘУЛЕСІН АУЛАУМЕН,
    АЙМАҢДАЙ ҚЫЗ АЛАУ КЕШІП ҚАЛҚИДЫ…

    Ұлықбек Тәңірберген

    Айдың жүзін келеді бұлт қалқалап,
    Айдын жатыр ап-ауыр жүкті арқалап.
    Ардақтым да кеп қалар деген оймен,
    Ару ма екен жолына шыққан қарап.

    Ақжусан Иманғазықызы

    Қызыл оттан жүзі күйіп өлкенің,
    Кәрі теңіз мұңын ішті еркенің.
    Батқан күнге дұға қылды Ай-Ару,
    Көргісі кеп махаббаттың желкенін.

    Әбу-Асқар Мекешұлы

    Қанға малып көкжиекті мұнар күн…
    Қара бұлтпен жақындасқан шығар тым?
    Қызғылт әлем ұятымды ұрлады,
    Күңіренген жан сырымды ұғар кім?!

    Ербол Бейілхан

    Бояулы бұлт, бояулы Күн, бояулы Ай,
    Іңкәр – жүрек көлге жетті баяулай.
    Теңіз кешіп, қолаң шашты қыз келед(і),
    Барқыт түннен бақыт іздеп жаяулай…

    Манарбек Хыдырбай

    КӨКТЕМ ТҮНІ…ТӨБЕМДЕ АЙ ҚАРАЙДЫ,
    БАЛҒЫН ТАЛДЫ ПӘК САМАЛ АЙМАЛАЙДЫ.
    САУМАЛ ЖЕЛГЕ ЖЕЛПІНІП ҚҰШАҚ ЖАЙҒАН,
    СЫҢҒЫР СУДАН АҚ САҒЫМ ТАЙҒАНАЙДЫ.

    Саннұр Көшербай

    Көкжиектің от жағып жылт нұрына…
    Будақтатып кім тартқан бұлтты мына?!
    Айдынымды жұбатып тұрған күнім
    Айналуда түнектің тұтқынына…

    Серғазы Қайырболды

    Қиялға салып күй-әнге толы бейнені
    Қозы көш ғұмыр, сөзі бос болып сөйледі
    Қап-қара бұлттар – қаптала төнген қайғысы,
    Қып-қызыл ымырт – қарашаш қыздың көйлегі

    Төлеген Мелат

    Бұлтын бояп,үрпін сүйген іңірдің,
    Батар күні, бата оқыдым мен саған!
    Күту дейтін көз жасымен көк теңіз,
    Кемеріңді толтырды екен қанша адам?!

    АҚНИЕТ ӘБДІҒАППАРҚЫЗЫ

    Ай сұлуды”құрсаулап бұлттар жан-жақтан,
    Ой салар көпке келтірердей-ау салмақты ән.
    Көк көлге түскен алтын көпірдей ай-сәуле,
    Арудың арзу арманын көкке самғатқан.

    Алтай Бұқарбаев

    Сүйем сені табиғаттың сұлуы,
    Іңкәрлығым – махаббаттың тұнығы.
    Құшағыңа ал күрең қабақ айлы түн
    Ұстап алып сұлу құмар ұрыны,
    Тұншықтырсын періштенің құрығы!

    Жауап жазу
  63. Edil Author 31 Желтоқсан, 2014, 18:27

    Екі іріктеуге де кілең жақсы шумақтар іріктеліпті.

    Жауап жазу
  64. editor Author 31 Желтоқсан, 2014, 18:38

    «МӨЛТ ДҮНИЕ!..» атты МҮШӘЙРА МӘРЕГЕ ЖЕТТІ!
    31 ЖЕЛТОҚСАН, 2014 5:55 http://www.qazaquni.kz/?p=32120

    «МӨЛТ ДҮНИЕ!..» атты бір шумаққа бір жүз долллар жүлде тігілген мүшәйра қорытындысы шықты.

    Мүшәйраның соңғы іріктеуіне дейін бір айда 162 пікір жазылып, оның ішінде 52 ақынның жыр шумағы түскен. Бұның ішінде екі ақын шумақтарын жаңартып, екі рет жіберген . Сонда бұл 54 шумақты бүгінге, 31 желтоқсанға дейін 6700-ден аса адам оқыған. Осы 52 ақыннан 20 ақын іріктеліп, әділқазы-ақынға жіберілген болатын. Бүгін екінші іріктеуге 11 ақын жіберілді. http://www.qazaquni.kz/?p=31000 Қорытындысы енді , міне шығарылды.

    Алғашқы Мүшәйраның қорытындысын осы мүшәйраға алғашқы жүлдені тіккен ақын Қазыбек Исаның өзі жасады. Сондықтан ол көкпарды ортаға лақтырып тастап, шабандоздарға «ал , шабыңдар!» -дегендей, өзінің ақындарға шабыт шақыру үшін жариялаған жыр шумағын соңғы іріктеуден алып тастады.

    Жалпы, Мүшәйраға түскен жыр шумақтарының екі-үшеуі ғана болмаса, бәрі талапқа сай, жақсы жазылған, шымыр шыққан шумақтар. Сондықтан да, жүлдегерді анықтау оңай болған жоқ. Кейбір ақындар жыр шумағын әдемі алып келеді де, қарапайым өлең техникасынан ауытқып кетеді. Біреулері тиісті буын санын сақтамаса, екіншілері қажетті ұйқасты ұмыт қалдырған… Мысалы, Төлеген Мелаттың:

    Бұлтын бояп,үрпін сүйген іңірдің,
    Батар күні, бата оқыдым мен саған!
    Күту дейтін көз жасымен көк теңіз,
    Кемеріңді толтырды екен қанша адам?!-

    деген әдемі шумағын шалыс ұйқас деп алсақ (қазір кезекті ұйқастың заманы өткен), 1-жол мен 3-жол (2-жол мен 4-жол) ұйқасуы керек, ал бұл жерде сақталмаған… Әйтпесе, жеңімпаз болатын-ақ жыр шумағы екен!

    Сонымен ұзақ іріктеуден соң, тақырыпты тап басуына байланысты екі ақын үздік деп танылды. Олардың біріншісі – Қызылорда облысынан Ұлықбек Тәңірбергенов. Екіншісі – Астана қаласынан Ақжусан Имамғазықызы. Сонымен, бұрынғы және жаңа астаналық екі автор бәйгеге қатар келді. Жүлде осы екі ақынға бөліп беріледі. (Жаңа жыл мерекесі қарсаңына байланысты жүлде көбейтіліп, әр ақынның әр шумағына 10 мың теңгеден беріледі)

    Ұлықбек Тәңірбергенов

    Айдың жүзін келеді бұлт қалқалап,
    Айдын жатыр ап-ауыр жүкті арқалап.
    Ардақтым да кеп қалар деген оймен,
    Ару ма екен жолына шыққан қарап.

    Ақжусан Иманғазықызы

    Қызыл оттан жүзі күйіп өлкенің,
    Кәрі теңіз мұңын ішті еркенің.
    Батқан күнге дұға қылды Ай-Ару,
    Көргісі кеп махаббаттың желкенін.

    Жүлдегерлер халықбанк карточкасы нөмірін qazaquni.kz порталы поштасына qazaquni@mail.ru немесе 8-777-200-9646 телефонына жіберуі керек.

    КЕЛЕСІ МҮШӘЙРА ЖАҢА ЖЫЛДАН СОҢ ЖАРИЯЛАНАДЫ.

    ТАҚЫРЫП пен СУРЕТТІ ОҚЫРМАНДАР ДА ЖІБЕРУГЕ БОЛАДЫ.

    Жаңа жылдарыңыз құтты болсын, Мүшәйра қатысушылары! Қой жылы ой жылы болып, шығармашылықтарыңыз шыңға шыға берсін.

    Qazaquni.kz ұлттық порталы

    Жауап жазу
  65. Гүлмира 31 Желтоқсан, 2014, 20:15

    Мүшәйра қорытындысын бәйге тіккен Қазыбек ақынның өзі шығарғаны дұрыс болыпты. Соның арқасында ол өзінің жыр шумағын алып тастады. Әйтпесе,қазіргі жыр дүлүлдерінің алдыңғы қатарында келе жатқан Қазыбек Исаның жыр шумағы ең мықты шумақ. Иә, мүшәйраға жақсы жырлар көп шығыпты. Бұл да қуанарлық жағдай.

    Жауап жазу
  66. Меруерт 1 Қаңтар, 2015, 14:42

    Қуанарлық дүние екен. Осындай игі бастамаларыңыз көбейе берсін!

    Жауап жазу
  67. Меруерт 1 Қаңтар, 2015, 14:44

    Осындай игі бастамаларыңыз көбейеберсін!

    Жауап жазу
  68. Сайгез жебе 3 Қаңтар, 2015, 19:19

    Меніңше мүшайра авторы Қазыбек пен Рашит және Арғын Абай бір адам сияқты әсер қалдырып отыр.

    Жауап жазу
  69. Рашит Ахетұлы 3 Қаңтар, 2015, 22:17

    Мені Қазыбек Исамен бірге бір адам ба дегенің ұнайды, Сайгез жебе, бірақ, мен өз сөзім өзімдікі дейтін адаммын. Мысалы, сені Найман-Мұратпен бір адам десем бола ма? Осы қиялдап, жобалап соға беруді қашан қоясыңдар.

    Жауап жазу
  70. Бейсен 4 Қаңтар, 2015, 23:19

    Шыбынға мініп ызылдап,
    Ғарышқа самғап зылдап,
    Айға барып аялдап,
    Марсқа барып қонамын.

    Айда мені алты ағам,
    Марста бар мың балам.
    Алтауында алпыс үй,
    Сонда барып тұра алам.

    Жауап жазу
  71. Бейсен 4 Қаңтар, 2015, 23:25

    Алғашқыда екі жерде әріп қателігі кетіп қалыпты,ғафу етіңіздер!

    Шыбынға мініп ызылдап,
    Ғарышқа самғап зуылдап,
    Айға барып аялдап,
    Марсқа барып қонамын.

    Айда менің алты ағам,
    Марста бар мың балам.
    Алтауында алпыс үй,
    Сонда барып тұра алам.

    Жауап жазу
  72. Жан сері 6 Қаңтар, 2015, 23:22

    Серігі серттен айналып,
    Ару тұр мұңға байланып.
    Сылқым қыз тартты тылсымға,
    Мөлт еткен сезім лайланып…

    Жангелді(Жан сері)НЕМЕРЕБАЙ

    Жауап жазу
  73. Сая 10 Қаңтар, 2015, 18:15

    Әбу Асқар-Мекешұлының өлеңі өте керемет жазылған! Жанға жылы тиеді…

    Жауап жазу
  74. АЙЖАН 10 Қаңтар, 2015, 18:17

    ЖАЗЫЛАТЫН ШУМАҚ СУРЕТКЕ САЙ БОЛУЫ КЕРЕК КОЙ… СОНДЫҚТАН БЕТ АЛДЫ БИРДЕНЕНИ ЖАЗБАЙ ТАКЫРЫПКА САЙ ЖАЗАЙЫК….

    Жауап жазу
  75. Мұрат 10 Қаңтар, 2015, 18:19

    МАГАН НУРАХМЕТ ДЕГЕН КИСИНИН ОЛЕНИ УНАДЫ, ТАКЫРЫПКА САЙ ЖАЗЫЛГАН.

    Жауап жазу
  76. admin 26 Қаңтар, 2015, 22:01

    Жағадағы жалғыз

    Күн құлады көк теңізге көміліп,
    Тұтылған ай жүзі шала көрініп.
    Ойға батқан жағадағы жалғыздың,
    Жанарынан жас та кетті төгіліп.

    lala altynbek

    Жауап жазу
  77. Әли 30 Қаңтар, 2015, 12:04

    Сол айдынға бурып кеттің кемеңді.
    Күнмен бірге бата көрме сен енді.
    Бұлттарменен сырласа тұр мұң шертіп.
    Сәл күте тұр жетіп калдым мен енді.

    Жауап жазу
  78. Kairat Sabyrbai 23 Ақпан, 2015, 11:33

    Тостырды ма байқұс қыз Төлегенін,
    Желбегеймен жағаға неге келдің?
    Шыға келсе бір жөлік іңірлетіп,
    Көрер едің… немесе көнер едің.

    Жауап жазу
  79. Жакашев Бейсенгали Имангалиевич 4 Наурыз, 2015, 11:30

    Күн нұрындай шұғылалы шуақты,
    Ару бейнең қандай сұлу сымбатты.
    Ғашығыңды күтіп үнсіз тұрсыңба,
    Төлегенді тосқан Жібек сияқты.

    Жауап жазу
  80. Жасын 8 Наурыз, 2015, 21:10

    Кызарып батты Манагы аткан тан нуры,
    Кызарып барад кызыл койлектын тагдыры.
    Тунерген коктен тенызге тускен тамшы жас-
    Кызыл койлектын конылындегы бар муны….

    Жауап жазу
  81. Пернебек Нарымбетов 21 Наурыз, 2015, 18:24

    …Сұлулыққа сұқтану-
    Кейде өліммен егіз де,
    Ару-ажал,қабір-қара теңіз бе?!.
    Бұлт – қабақтан құлап кетті тамшы-күн,
    Мөлт дүние маған опық жегіз бе!!!

    Жауап жазу
  82. казыбек Жуман 22 Наурыз, 2015, 02:10

    Ай … Ару тур пәк періште міскінде
    Қызыл қанын буйыртады қыз кімге?
    ҚҰРАН сөзі емес пе екен алде бул?
    «Перілердиң тағы – судың үстінде» .

    Жауап жазу
  83. Полатбек Жанбаев 15 Мамыр, 2015, 17:01

    ҚЫЗ КҮТУІ

    Ай туғанда он төртінде толықсып,
    Сен екеуміз алғаш рет жолықтық.
    Келмедің-ау қаншама жыл көз сүзіп,
    Тұрсам-дағы жағажайда шолып тік.

    Жауап жазу
  84. Серікбол Сейіл 25 Қазан, 2015, 18:02

    Ай ару ай махаббат мені жылатты,
    Мөлт дүние жүрегімді қиналтты.
    Бір өзіңді ғашық болып сүйіп ем,
    Уақыт бәрін бөліп тұрған сияқты.

    Тағдыр неткен қиын едің қиналдым.
    Махаббатымды өзге жанға силадың.
    Өзге жанға табыстатып менікін,
    Мөлт дүние одан қандай сый алдың.

    Авторы: Серікбол Сейіл

    Жауап жазу
  85. Серікбол Сейіл 25 Қазан, 2015, 18:15

    Ай ару қызға талықсып ,
    талып қарадым.
    Сарғайып солып сезімге,
    Еріп жанарым.
    Кеудеме сыймай жүрегім,
    Өліп барамын.
    Тезірек айтшы жауабын…

    Авторы: Серікбол Сейіл

    Жауап жазу
  86. АРман Бүркіт 31 Қаңтар, 2016, 16:50

    Қызғыш нұры күн,Айдың,құшқан көлге қараймын,қара аспанға қараймын,Аспан,Айдан нәр алған,қызғыш нұрдан жаралған,Қызғыш құстай үр-арман,жағада тұр Арайлым,символы етіп шырайдың,жаратқаны-ай Құдайдың!Перісі ме ең Сен айдын,Үр-құсы ма ең сен Айдың!?.-деп щн екі жолдық бір шумақ толғау арнап едім.Бәйге үшін емес,көңіл толқынын суреттеу үшін,сол сәтте.

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*

 aaa aaa aaa aaa aaa aaa aaa aaa aaa aaa Көңіл күй бейнелер авторы: IMKAZ.kz.