Астанада Түрік академиясы ашылады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Түркі Академиясын құру туралы келісімді ратификациялау туралы» заңға қол қойды. Құжаттың негізгі мақсаты мен міндеті түркі тілдерінің, әдебиеті мен мәдениетінің зерттеулерін сақтауға, дамытуға және кеңінен танытуға бағытталған түркология саласындағы зерттеулерді үйлестіру және оларға жәрдемдесу; 

Сонымен қатар, барлық түркі тілдері үшін қолданылатын жинақталған әліпби әзірлеу,

ортақ көне мәтіндер мен ауызекі дереккөздерді қоса алғанда, түркі тілдерінің бүкіл әлеуетін пайдаланып, барлық түркі халықтары үшін ортақ әдеби тіл жасауға ұмтылу;

тараптар мемлекеттері оқу орындарының пайдалануы үшін ортақ оқулықтар/әдістемелік материалдар дайындау мақсатында зерттеулер жүргізу; Түркі Академиясына жұмысқа тартылған зерттеушілер үшін PhD докторантура бағдарламасы бойынша түркітанушы мамандар даярлау болып табылады.

Заңға сәйкес тараптар міндетті жарналар төлейді, оның мөлшері Түркі Кеңесінің Сыртқы істер министрлерінің кеңесінде қол қойылатын жеке хаттамада анықталады.