ЖҰЛДЫЗ БОЛҒЫҢ КЕЛСЕ... (жалғасы)

 

2-ТАРАУ

МУЗЫКАЛЫҚ АСПАПТА ОЙНАУДЫ ҮЙРЕН,

ӘРІ ӨЗ МҮМКІНШІЛІКТЕРІҢДІ ОЙЛА

мадонна

  Сонымен сен атақты Джон Леннонның: «Барлық адамның арманына қол жеткізуге мүмкіншілігі мол. Тек мен калайда мақсатыма жетемін деп сеніммен қайталап айта беру керек» деген сөзін қабыл алдың. Енді сен үшін ең басты нәрсе бірінші тарауда әңгіме болған бірнеше аккордтарды үйрену. Ол үшін олардың қайсысы үйренуге оңайырак екенін білу керек. Алғашкы кезде саусақтарың сені тыңдамай, гитараның пернелерін баса алмауы мүмкін. Бірак бұл өткінші нәрсе. Және бір айта кететін нәрсе, саусақтарыңның ұшы нэзік болғандықтан алғашқы уакытта темір ішектерді басқаннан біраз ауыруы мүмкін. Сол колыңмен аккордты койып отырып оң қолыңның саусақтарымен гитараның ішектерін теріп дыбыс шығаруға тырыс. Келесі аккордтарды үйренуде де осылайша асықпай «аздан көпке, оңайдан күрделіге» деген ережені ұстануың керек. Әрине бірден керемет нәтижеге жете қою қиын екені жасырын емес, сондықтан бұл істе ең басты нәрсе шыдамдылық. Және алдыңа қойған ойыңнан кайтпай дайындала берсең біраз уақыт өткеннен кейін нақты нәтижеге қол жеткізе бастағаныңды өзің де сезесің. Бірақ, дәл қанша уақытта нәтижеге жетуге болатынын ешкім айта алмайды, бәрі сенің ыждахаттылығыңа байланысты. Ең бастысы күніге дайындалу керек. Бүгін көп дайындалып ертең демалайын, баска күнде бар ғой деуге болмайды. Аз уақыт болса да күн сайын дайындал. Қанша уақыт дайындалу керек екенін өзің шеш, бірақ үзбей күніге дайындалуың қажет. Бұл бір мақсатқа кол жеткіземін деген адамдардың айнымас заңы. Біраз шыдамдылық танытсаң аккордтарды гитарада емін-еркін ауыстыра отырып ішектерден дыбыс шығара алатын дәрежеге жетесің. Тезірек нәтижеге жетемін десең айнаның алдына отырып өзіңнің әр кимылыңа зер салып отыр. Бүл әдіс саған болашақта гитарада ойнағанда аспапқа қарамай-ақ ойнай беруіңе септігін тигізеді. Нағыз шеберлер осылай ойнайды. Әрине гитараға карап тұрып ойнаушыларды сен күніге теледидардан көріп жүрсің. Және бұның еш өрескелдігі жок. Кейбірде бұл әдіс көремендерге де ұнап жатады. Дегенмен болашақта сен концерт кезінде аспабыңа карай берсең көрермендеріңнің ықыласы басқа жаққа ауып кетуі ықтимал. Ал сахна жұлдызының ең басты міндеті көрермендермен карым-қатынас жасау. Сондықтан нағыз жұлдыз көрермендеріне барынша көңіл бөлуі керек. Сонымен казақ айтатын «аспабының қүлағында ойнайды екен» деген дәрежеге жетуге тырыс. Енді не істеу керек дейсің ғой? Бүндай шеберлікке жету үшін қараңғы бөлмеде ойнауды үйрен. Қараңғыда дыбыс жақсырақ естіледі, әрі көзің ештеңеге алаңдамайды. Күннің батуын күткің келмесе көзіңді жұмып отырып аспабыңның дыбысына қарай аккордтарды еркін алмастыру әдісін меңгеруге тырыс. Ал дыбыс өте жақсы естілсін десең гитараңмеи дуалдың алдына жақын барып түр. Табиғат заңы бойынша аспаптың дыбысы дуалға соғылып кері кайтатын болғандықтан жақсы естіледі. Бүндай мүмкіндіктің бар екеніне мен өзім сегізінші сыныпта оқып жүріп гитара үйрене бастағанда көз жеткізіп оған «Дуал әсері» деп ат қойдым. Бірақ бұл әдісті жасөспірім Джон Леннон мен Пол Мак-Картнидің менен көп жылдар бұрын үйде дайындалған кездерінде қолданғанын кейін кітаптан оқып білдім. Дыбыстың бұндай касиетін қазақтар бұрыннан білген. Әбілхайыр ханның ұрпағы. сұлтан Қаратайдың немересі, әрі әнші әрі күйші Мұхит інілері Жәкен мен Ашу үшеуі киіз үйдің ішінде үш жақта отырып бір күйді бірдей ойнайтын болған. Сондағы домбыра дыбысының күші тыңдаушыларға өте күшті әсер еткен. Демек «дуал әсері» әдісін қолдану домбыра үйренгеніңде де өз пайдасын бермек. Бұл әдісті колдану кімге болса да көмегін тигізері сөзсіз. Осы бір әдістің тағы бір қыры бар, ол саған өзгеше өз дыбысыңды табуға көмектеседі. Сонда сен атағы жер жарған скрипкашы Николло Паганини айтқандай «әркімнің өз қупиясы бар» деген деңгейге жетуге мүмкіншілік алатының сөзсіз. Таңдаған аспабыңда ойнауда жақсы нәтижеге жеткен сайын сенің басқа да сұрақтарға жауап беру мүмкіншіліктерің де ұлғая береді. Өнер жолын таңдаған әр адам кейбірде өзінің мүмкіншіліктеріне күмәндана карауы заңды. Бұндай сезім, туған-туысқандар арасында өнер адамдарының болмауы себепті пайда болады. Кезінде бұндай сұраққа менде жауап іздегенмін. Себебі ол кезде мен жұлдыз болғысы келетін адамның ата-анасы, ата-әжесі де атақты өнер иелері болуы керек деп ойлайтынмын. Кейін мен даңқы жер жарған көптеген жұлдыздар туралы оқып-біліп, олардың басым көпшілігінің туыстары көпшілікке белгісіз адамдар болғанын анықтадым. Сондықтан «Дарындылардың ұрпақтары да дарынды бола ма» деген сұрақтың өзіңді мазалауына ешқашан жол берме. Себебі бұл сұрақка жауап іздейтін ғалымдар жеткілікті. Ал олардың зерттеу жұмыстарының нәтижелері не дейді? 1869 жылы Лондон қаласында Чарлз Дарвинге анасы жағынан туыстас Френсис Гальтонның «Дарын тұқым қуалаушылығы» атты кітабы жарық көрген. Оның есептеуі бойынша 100 әулеттің 100 дарын иелерінің дарынды туысқандары да болған. Солардың ішінде дарынды бабалар – 3, аталар – 17, әкелер – 31, әкесінің бауырлары – 18, аға-інілер – 41, ұлдар – 48, немерелер -14, немере іні-карындастары – 22, шөберелер – 3. Ғалымның айтуы бойынша шамамен адамдардың мүмкіншілігі бірдей, бірақ кейбіреулеріне баска қасиеттермен бірге дарындылық дариды. Және Гальтон дарындылық сыртқы өмірге байланысты бола бермейді деген тұжырымға келген. Мысалы әлемге белгілі ақыл иелері Ньютон, Гаусс, Лаплас, Юэлл, Милль, Фарадей, Кант пен Кеплер кедей шаруалардың жанұясында дүниеге келіп, дарынды дамытады дейтіндей үлде мен бүлдеге оранып өмір сүрмеген. Балалардың әке-шешесіне ұксауы заңды. Бірақ түр ұқсауы мен кабылет ұқсауы екі бөлек нәрсе. Бүкіл әлем Иоган Себастьян Бах атты композиторды біледі. Бірақ сол Бахтардың бес ұрпағының арасынан 18 (он сегіз!) композитордың шыққанын біле бермейді. Бұл барлық композиторлардың ұрпақтары композитор болады деген сөз емес. Мысалы Бетховен мен Моцарттың, Шуберт пен Чайковскийдің ұрпақтарынан дарынды композиторлар шыққан жоқ. Тарихта басқа да мысалдар көп. Қазақтың атақты күйшісі Құрманғазыәрі күшті болуымен қатар мерген де болған. Оның әке-шешесі Сағырбай мен Алқа кедей адамдар болғаны белгілі. Әкесі бүкіл өмірін байдың жалшылығында өткізген жуас-момын кісі болыпты. Ал ағалары төкпе ақын, аңыраған әнші, бармағынан бал тамған күйші, топтан озып жүлде алған палуан болған анасы Алқа Мәтіғұлқызы той-жиындарда талай рет колаң  шашын түйіп, жіп белбеу буынып, екі білекті сыбанып, той-астарда күреске шығып талайларды жеңген күш иесі болған. Қорлан кызға ғашық болып ән шығарған атақты Естайдың әкесі Беркімбайдың айта қаларлықтай дәулеті болмаған, әрі екі аяғы ауырған ғаріп жан екен. Ал анасы Құлипа мен нағашысы Байтұлым ауыл арасында ғана емес, кезінде бүкіл Кереку өңіріне аттары әйгілі әншілер болған. Ал Дәулеткерей күйшінің әкесі Шығай төре ауқатты адам болған. Бірақ ел басқару өнеріне жетік болғанмен ән айтып күй тартпаған кісі. Есесіне Дәулеткерейдің ұлы Салауатгерей де шебер күйші болған. Ұлы күйшінің перзентін көріп, күйін естіген Дина Нұпейіс оның асқан орындаушылық дарынын тамасана айтқан. Дәулеткерейдің туған жиені Науша Бөкейханұлының да казақ күй өнері тарихында алатын орны ерекше. Атақты Біржан сал Қожағұлұлының арғы атасы Бертістен: Ақшуақ, Айшуақ. Жаншуақ, Қожамқұл, Қожағұл деген бес ұл туған. Бірақ атақты саз зерттеушісі Ахмет Жұбановтың айтуынша «Сөзден кесте төгетін ақындық, жаныңды жайлайтын жібек үн, айызыңды кандыратын ән, дарынды орындаушылық – әрісі Бертіс, берісі Қожағұл түқымында болмаған». Сондай-ақ Ақан сері атанып кеткен Ақжігіт, Қорамсаның перзенттері Айша, Мүхамбет, Рамазан, Айберген арасынан шыққан жалгыз өнер иесі. Қорамсаның Ақаннан басқа балалары көптің бірі болып өмір кешкен. Кенен Әзірбайұлының шешесі Ұлдар үлкен әнші болған. Атақты күйші Дина апамыздың әкесі Кенже палуан, әрі домбырашы болған. Күйші Сейтектің атасы Байшора  жиын тойда өлең айтатын болған. Абайдың шешесі Ұлжанның сіңлісі Малқара Тәттімбетпен домбыра сайысқа түскен. Келін болып түскенде шымылдықтың ішінде отырып ата-енесіне «Сылқылдақ» деген күйді тартып берген. Қобызшы Ықыластың әкесі Дүкен қобызшы болған. Сыбызғышы Сармалайдың әкесі Садық сыбызғышы болған. Кейбіреулер өнер руға байланысты болады дейді. Бүл дарынсыздар мен еріншектердің шығарғаны. Өнерлілер барлық рулардан шығады. Қазақтың бетке ұстар ғалымыШоқан мен күйшілерДәулеткереймен Дина төре, Ақан сері арғын ішінде қарауыл. Күйші Құрманғазы Байұлының ішіндегі қызылқұрт, әнші Мәди – қаракесек, акын-жыршылар Жамбыл мен Сүйінбай – екей, қобызшы Ықылас – тама, күйші Қазанғап — шанышқылы. Күйші Тәттімбеттің руы – шаншар. Естай Беркімбайұлының руы – алмашы. Балуан Шолақтың руы Дулаттан шыққан — сәмбет, белгілі әнші-композитор Жаяу Мұсаның руы  – айдабол, суретшілер Әбілхан Қастеев– суан, Үкі Әжиев – дулат, ғалым Құдайберген Жұбанов – әлім, ақын Абай тобықты. Атақты жазушы Мұхтар Әуезұлымен тұңғыш қазақ журналы «Айқаптың» редакторы Мұхамеджан Сералин және әлем музыканты деген атаққа ие болған жалғыз қазақАйман Мұсақожаева–қожа. Бұл тізімді ары қарай жалғастыра беруге болады. Бірақ осының өзі-ақ өнер адамға руына байланысты қонады деген кейбіреулердің тұжырымын жоққа шығарады. Жалпы бұл өмірде адам табиғатына байланысты таңкаларлық қызық өте көп. Мысалы жазушы Лев Толстойдың арғы әжесі Ольга Трубецкая мен ақын Александр Пушкиннің арғы әжесі Евдокия Трубецкая туған апалы-сіңлілілер болғаны тарихтан белгілі. Ал неміс халкының бес бірдей ұлы адамы – ақындар Шиллер мен Гельдерлин, философтар Шеллинг пен Гегель, және физик Макс Фланк бір-біріне туыс болып келеді. XV ғасырда өмір сүрген Иоган Вант деген кісі осы бес ұлы тұлғаның бәрінің арғы бабасы екенін ғалымдар орта ғасырларда дүниеге келгендердің ыждаһаттылықпен жазылған тізімдерін зерттегенде білген. Бұл-келтірілген мәліметтер табиғаттың бізге беймәлім жұмбақтарынъң өте-мөте көп екенін дәлелдейді.                                                                                                                                                                                                                                                                                    Біздің бабаларымыздың төл жазуын ажыратып оқып, керемет ғылыми жаңалық ашқан, отызға жуық тіл білген даниялық Вильгельм Томсеннің әкесі катардағы пошта қызметкері болған. Орыстың атақты «Орыс тілінің түсіндірме сөздігінің» авторы, қазақ тілімен қатар басқа да бірнеше шет тілінде де таза сөйлеген ғалым В.Даль де даниялық. 1799 жылдың 14 желтоқсанында бүкіл жанұясымен Ресей азаматтығын қабылдаған оның әкесі Иван Матвеевич Дальдің шын есімі Иоганн Христиан Даль екенін көп адам біле бермейді. Кезінде белгілі би, ірі бай болған Балқожа Жаңбыршиннің немересі болашақ ағартушы Ыбырайдың әкесі Алтынсары қайтыс болғаннан кейін анасы Айман Шегенқызы сол кезгі әмеңгерлік салты бойынша қайнысы Қошанға шығады. Ақын Мәриям Хакімжанова, ғалым Шәбден Балғожин осы Қошанның ұрпақтары. 18 тіл білген ғалым, қазақтың тұңғыш профессоры Құдайберген Жұбанұлының інісі Ахмет Жұбанұлы әрі композитор, әрі қазақ музыка өнерінің тарихын зерттеуші-бірегей ғалым екені белгілі. А.Жұбанұлының қызы Ғазиза Ахметқызы да белгілі композитор болды. А.Жұбанұлының тағы бір ұрпағы – жиен немересі Алан Бөрібай белгілі дирижер. шоқан  Бүкіл адамзат тұтастығын сақтау мақсатында атом полигонын жабуда асқан азаматтық көрсеткен ақиық ақын әуезовОлжас Омарұлы Сүлеймен жоңғар баскыншылығына қарсы қазақ елінің біртұтастығы үшін күресте ерлігімен белгілі болған Олжабай батырдың туысы. Ал белгілі коғам кайраткері Мұрат Әуезұлы заңғар жазушы Мұхтар Әуезұлының ұлы. Атақты театр және кино артисі Серке Қожамқұлұлының қызы Балым қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш скрипкашы. Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялағаннан кейін шығарылған ақшаның екеуінде бір әулеттің екі өкілінің суреті басылды. Оның бірі қазақ халқын біріктіруде үлкен еңбек сіңірген саясаткер хан Абылай болса, екіншісінде оның шөбересі ғалым Шоқанның суреті басылды. Абылай хан тек елбасы ғана емес, шебер күйші де болған тұлға. Оның ұрпағы Шоқан ғылымда керемет жетістіктерге кол жеткізді. Шоқанның ағасы Ханқожа да керемет домбырашы, ал інісі Мақы дарынды суретші болған. Абылай ханның тағы бір ұрпағы қазақ халқының тәуелсіздігі үшін күрескен Кенесары хан, ұйымдастырушы әрі қолбасшы болумен қатар суырып салма ақын, әрі әнші де болған жан-жақты дарынды тұлға. Қазақтың атақты балуаны Қажымұқанның ұрпақтары арасынан аты әлемге белгілі күрескер шыққан жоқ. Бірақ бір ұрпағы, Шаттық каратэ күресімен айналысып бірқатар жетістіктерге жетті. Немересі Бақытжан Қажымұқан композитор. олжасҚазақстанға атамекенім деп келген Қытай Халық Республикасының 1 дәрежелі артисі, Құлжада туып-өскен биші Шұғыла Сапарғалиқызының ата-анасы мен екі ағасы да оқу-ағарту кызметкерлері. Скрипкашы Айман Мұсақожақызының әкесі Қожабек те, анасы Рахила да музыкант емес. Бірақ екеуі де ән-күйді жақсы көретін жандар. Сондықтан Айманнан басқа Бақыт, Раиса, Раушан есімді перзенттерінің де музыкант болып шығуына қолдан келген жағдайын жасаған. мақпал  Сахна жұлдыздары да өз перзенттерін сахна төрінен көрініп жұлдыз болғанын қалайды. Атақты әншілер, мысалы Мақпал Жүніс, Жанар Айжа, Бақытжан Жұмәділ сахнаға өз балаларымен бірге шықты. Бұл әншілердің ұл-қыздары жұлдыз бола ала ма? Оны болашақ көрсетеді. Сонымен кімнің жұлдызы жанып, ұлы тұлға болатынын ешкім білмейді. Кішкентай қызымен бірге Париж көшелерінде акробаттык өнерімен күнін әрең көріп жүрген Луи Гассионның қызы Эдит өсе келе бүкіл Францияның мақтанышына айналатынын кім білген? Бүгінгі таңда Эдит Пиафсыз Францияны көзге елестету киын. Әкесінің де шешесінің де әкелері маскүнем болған бір қыз өмірдегі өз жолын табуға Нью-Йоркке келгенде қалтасында 50-ақ доллар болатын. Енді оны дүние жүзі біледі. Ол қыздың есімі – Мадонна. Ал дүние жүзінің ең үздік деп танылған «БИТЛЗ» тобының мүшелерінің туған-туысқандары кім болған еді? Джон Леннонның атасы Джек Леннон «Кентукки Менестрелз» тобының әншісі болған. Ал экесі Фред 16 жасында теңізшілік жұмысты таңдаған. Анасы Джулия әнші болмаса да ән салуды, көңілді жүруді ұнаткан адам. «БИТЛЗ» тобының мүшелерінің жасы ең кішісі Джордж Харисонның анасы Луиза медбике, ал әкесі автобус жүргізушісі больш қызмет істеген. Дегенмен екеуі де билеуді жақсы көргендіктен жүргізушілер клубында 10 жыл би үйірмесіне жетекшілік еткен. Дауылпазшы Ринго Старрды тәрбиелеп өсірген өгей әкесі жұмысшы болған. Рингоның туған әкесі Ричард Старки де музыкант болмаған, ол аспаздық тағамдар пісіретін бас-аспазшы бола жүріп болашақ жары, Рингоның анасымен сол жұмысында танысқан. «БИТЛЗ» тобы мүшелерінің ата-аналарының ішінде тек Пол Мак-Картнидің ғана әкесі музыкамен айналысқан. Музыкалык аспапта ойнауды өз бетінше үйренген Джим Мак-Картни темекі тураушы Джозеф пен оның әйелі Флоренстің жеті перзентінің бірі еді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Джим музыкамен әуестенуін доғарып, қалған өмірін мақта компаниясынын қатардағы қызметкері болып жүмыс істейді. Жоғарыда аты аталған бүкіл әлемге аты шыққан тұлғалардың балаларының өнеешқайсысы өнерімен ата-аналарынан асып түсе алған жоқ. Адамнын даңқты немесе даңқсыз болуы ата-бабасы, немесе әке-шешесінің дүние жүзіне белгілі өнер иесі болу-болмауына байланысты болмайды. Әйтпесе көптеген сахна жұлдыздарының ұл-қыздарының атын шығаруға жағдайы да, қаражаты да жеткілікті. Нағыз дарын табиғаттың керемет құпиясы, сондықтан оны сатып алу мүмкін емес. Дарынды тек дамытуға ғана болады. Ол үшін бабаларыңның кім екенін білу кажет емес деу ағаттық. Сондықтан ата-бабаларың мен әке-шеше, туған-туысқандарыңның арасында қандай тұлғалардың болғанын білсең жеткілікті. Ең бастысы олардың арасында өз ісін жақсы меңгергендер болса болғаны. Қазақта «Бап шаба ма, бақ шаба ма?» деген жақсы сөз бар. Мүмкін бар мәселе адамның жолының болу-болмауында шығар... мүмкін. Бірақ бұл сұраққа тек өзің ғана жауап беруің керек. Сондықтан өзіңе деген сеніміңді жоғалтпай, көздеген мақсатыңа жету үшін барлық күш-жігеріңді жұмса.

БЕРДАЛЫ ОСПАН

(Жалғасы бар)

juldizdar.kz

Басы:    ЖҰЛДЫЗ БОЛҒЫҢ КЕЛСЕ…    http://www.qazaquni.kz/?p=26511