АССАМБЛЕЯ ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ БОЛА АЛА МА?

ассамблея Жақында Қазақстан халқы ассамблеясының ХХІ сессиясының талаптарын орындау мақсатында облыс әкімшілігінде өткен облыстық кіші ассамблеяның мәжілісіне шақырылдым. 2010 жылы «Қазақ тілі» қоғамының төрағалығына сайланғаныма бір ай толар-толмас кезінде де осындай отырысқа қатысқанымда, этно-мәдени орталықтары жетекшілерінің жаппай орысша сөйлегеніне жаным төзбей, сол кездегі облыс әкімі Болатбек Баянұлының рұқсатыменсөз алып, оларға қаратып: «тәуелсіз Қазақ елінде өмір сүріп жатқандарыңызға 19 жыл толса да Сіздердің кеңестік кезеңдегідей бұларыңа жол болсын, ең болмаса 19 жылда 19 сөз үйреніп мемлекеттік тілде амандасатын жағдайға жетуге болады ғой» дегенім бар. Менің ондағы ойым: облысқа «Қазақ тілі» деген қоғамның келгенін және оның бұдан былай мемлекеттік тілдің мәртебесін қорғау үшін әрекет ететінін білдіру болатын. Тату-тәтті өмір сүріп жатқанын бір-біріне (билік пен басқа этнос өкілдері) дәлелдеп, жиынды осы мамыражайлықпен енді аяқтай бергенде төтеннен қойылған менің сұрағым екі жаққа да ұнмағанын байқадым. Сонан соң әкімдік мені онан кейінгі,яғни 2011,2012 жылдардағы,өткен мәжілістеріне шақырмайтын болған. Бірақ диаспора жетекшілері қалада өтетін басқа жиындардағы сөздерінде қазақша амандасатын болып, тіпті кейбірі қазақ мақалдарын қолданатынын көріп, менің сөзімнің әсері болғанын байқағанмын. Әкім ауысқаннан бергі 2013 жылдан бастап бұл жиынғашақырылатын болдым. Менің байқағаным, мемлекеттік қызметкерлердің, әсіресе Елбасының не әкімнің қатысуымен өтетін жиындарда алдын-ала дайындалып қойғандардан басқа адамның сөйлеуі, төтеннен сұрақ қоюы мақұлданбайды екен. Сондай жазылмаған заң бар ма деп қалдым. Соның да әсері болды ма, әйтеуір ассамблеяғабайланысты өз көзқарасымды айтуға былтыр әкім жаңа келіп жатыр ғой депөзімді-өзім тежесем, биыл сырттан (жоғарыдан) кісі қатысып отырғандықтанбіз туралы басқаша ойлап кетпесін,сөйлемей-ақ қойыңызшы деп өтініш жасағандардың көңілін қимай білдіре алмаған едім. Енді «айтылмаса сөздің атасы өледі» дегенді ұстана отырып, Ассамблея құрылымы және оның отырыстары жайлы бұрыннан көкейімде жүрген ойларымды газет бетінде жариялауды жөн көріп отырмын. Тәуелсіз елімізде бақандай 23 жыл өмір сүре отырып, ұлттық құндылықтарымыз жайлы өз ойларымызды ашық айта алмасақ біздің кім болғанымыз, сонда? Мен деқолымызға тиген тәуелсіздігіміздің шайқалмағанын, еліміздегі барлық ұлт өкілдерінің құқықтарының сақталуын қамтамасыз етеотырып,  тату-тәтті бейбіт өмір сүру үрдісінің сақталуынжан-тәніммен қолдайтындардың бірімін.(Бұл менің ғана бойыма емес, жалпы қазақ халқының жан-дүниесіне ғасырлар бойғықонақжайлылығы мен басқаларға тек жақсылық ойлайтынерекше қасиеттерімен сіңген ұстаным болар деп ойлаймын). Бірақ мен ол бейбіт өмірдіқазақтардың бірнеше ғасыр бойы сыртқы күштердің ықпалынан теперіш көріп, басылып қалған ұлттық құндылықтарын онан сайын кеміте түсу есебінен емес, бойын тіктеуіне мемлекет тарапынан үнемі қамқорлық жасау арқылы және басқа ұлт өкілдерінің біздің осы тағдырымызға түсіністікпен қарап, олардың қолдаулары арқылы іске асуын қалаймын. ҚХА-ның Астанадағы және Қызылордадағы мәжілістерінің осыған дейінгі өтуіндегі шаблондықты, ел иесі, жер иесі қазақтың мүддесінен гөрі, бұрыннан қалыптасқан басқа ұлттардың, әсіресе орыстардың қамын көбірек жеушілік басым болатынын көріп жүрміз. Елбасы сонау 1995 жылы Қазақстан халқы ассамблеясын (ҚХА) құрған кезде биліктің заң шығарушы органы Жоғарғы Кеңесті белгілі журналист Татьяна Квятковскаяныңарызы бойынша таратып жіберіп, бұл құрылымғақос палаталы Парламент сайланғанға дейін,Ата заңда қаралмаса да оның өкілеттігінбергенболатын. Сол кезде Олжас ағамыздың «Ельцин Ресейдің Жоғарғы Кеңесін танкінің күшімен атқылап таратса, Назарбаев үшін оны таратуға бір Танечканың арызы жетіп жатты» деген қанатты сөзі есте қалыпты. Міне сонан бергі 20 жылдай уақыт ішінде ҚХА-ның рөлі жылдан жылға артып келеді.  Тіпті Конституцияға өзгеріс енгізіп, біздер сайлау кезінде өз елімізде бір дауысқа ие болсақ, ҚХА мүшелерін екі дауысқа ие еттік. Сөйтіп заң шығарушы органымыз Парламентте біздің құқығымызды қорғайтын партиялық тізіммен сайланған депутаттар болса, ҚХА мүшелерінде мұнан басқа Ассамблеядан сайланған депутаттар бар. Көпшілігіміз Елбасының бұл қадамдарын елдің бірлігін сақтау үшін жасап жатқан шаралары деп қабылдаудамыз. Ал, Абай өзінің 6-шы қара сөзінде «Қазақтың бір мақалы: «Өнер алды – бірлік» дейді. Бірлік қандай елде болады, қайтсе тату болады – білмейді. Қазақ ойлайды: бірлік ат ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дәулет ортақ болса екен дейді... Жоқ, бірлік – ..., малға бірлік емес. Малыңды беріп отырсаң, атасы басқа, діні басқа, күні басқалар да жалданып бірлік қылады. Бірлік малға сатылса, антұрғандықтың басы осы. Ағайын алмай бірлік қылса керек, ...» - дейді. Яғни, данышпан Абайдың айтып отырған «алмай бірлік қылу» дегені қоғам мүшелерінің біреуінің есебінен екіншісіне артықшылық жасау арқылы емес, адамдардың бір-біріне деген шынайы сенімінен туатын алыс-беріссіз ынтымақтасуы. Басқаша бірлік ол – «жалданған бірлік», ал ондай бірлік – «антұрғандықтың басы» дейді. ХХІ ғасырдағы күрделі саясатқа Абайдың сөзін келтірген несі дейтіндер болса, оларға айтарым: адамдар арасындағы құндылықтар ешқашанда ескірмейді, қайта уақыт өткен сайын дами түсіп, мәдениеттене бермекші. Олай етпген жағдайда қоғам кері кетеді. Шекспирдің айтқандарына бірнеше ғасыр өтсе де әлем осы кезге дейін тағзым етіп келетіні сияқты, біз де Абайдың айтқандарынан ғибрат алуымыз керек дер едім. Данышпандар сондығымен де данышпан! ҚХА-ның ХХІ сессиясында Елбасы: «Елордамыз Астанаға қатысты айтатын болсам, ол толерантты этносаралық қатынастардың лайықты үлгісі болуы керек. ...Атап айтқанда, жол инфрақұрылымы, қала көлігі, көшелер, даңғылдар мен өзге де қала нысандары толықтай заңнама талаптарына сәйкес қазақ және орыс тілдерінде нұсқаулануы шарт.Бүгін бұл барлық жерде қамтамасыз етілмеген, автобустардағы аялдамалар, неге екені белгісіз, тек бір ғана тілде хабарланады, олардың маршруттарының нұсқаушалары да бір тілде. ...Бұл еліміздің басқа да барлық қалалары мен елді мекендері үшін маңызды» деп ұлтжанашырларының шыр-пыры шығып жүріп осы кезге дейінгі қол жеткізген мемлекеттік тілдің өз мәртебесіне сәйкес көше атауларының бір тілде жазылуын сынға алды. «ЭКСПО-2017»-ге байланысты жол инфрақұрылымдарының шет тілінде де жазылғандары дұрыс болар. Бірақ көше атауларының басқа тілге аударылмайтыны түсінікті. Сонда аударылуға жататын сөз ол – «көше» сөзі екен. Мысалы ғимаратқа ілінген «Абылайхан көшесі» дегеннің көше атауы екенін кез-келген ұлт өкілі «улица», «street» деп жазбасаң да түсінеді. Президент айтып жүрген «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» болатын болса, біз аудармай қою арқылы басқа ұлт өкілдерінеең болмаса «көше» деген сөзді үйренуге болатын еді. Енді онан да айыратын болдық.Тіпті қайсыбір шетелге осындай халықаралық форумдарға барсаңыз, олар басқа ұлт өкілдеріне түсінікті болсын деп не қазақтың, не басқа елдің тілінде жазып қоймайтынын көріп жүрміз. Неге біз басқа жұрттың алдында жас келіндей иіле түсіп, өзімізді кемсіте береміз, кемсіте береміз??? ҚХА-ның Астанадағы, облыс орталықтарындағы өтіп жатқан жиындарында басқа ұлт өкілдерінің Елбасының, облыс әкімдерінің алдында қазақ халқына, мемлекеттік тілге деген ыстық махаббаттарын білдіріп барынша тебіреніп сөйлеп жатқанын үнемі көрудеміз. Риза болғанымыз сондай, тіпті елжіреп кетеміз. Бірақ осы көріністер олардың нақты өмірдегі қазақ тіліне деген шынайы көңілдерінің көрсеткіші бола алмайтынын да көріп жүрміз. Мысалы: «ӨЛГЕН ИТТІ ӨЛТІРІП КӨРДІҢІЗ БЕ?» («Айқын» газеті, 17.07.2013ж, №127) атты мақалада:«...Алматының іргесіндегі «Апорт» сауда орталығына есеп айырысуға барғанда кассадағы оператор қыз салған жерден орысша шүлдірлеп, біздің мемлекеттік тілдегі өтінішімізге құлақ аспады. Тіпті «Қайда барсаңыздар онда барыңыздар, маған мемлекеттік тілді біл деп ешкім де талап қоя алмайды, ал сіздердікі тіл жағынан қысым көрсету болып табылады» деп безірейген бетінен танған жоқ. Амал жоқ, дүкен басшысын шақыруға мәжбүр болдық. Негізгі басшылары Астанада отырады екен, Нияз деген азамат оператор қызға шық жуытпады. «Оған мемлекеттік тілді білудің қажеті жоқ, мұнда орыс тілінде қызмет етуге болады, орыс тілін білмесеңіз-өзіңіздің сорыңыз» деген уәж айтты.  Күйесіз бе? Жанасыз ба? Өртенесіз бе? Ішіңіз қазандай қайнайды. Бұрқылдайсыз. Сарқылдайсыз. Жынды адамдай сосын өзіңіздің бейшаралығыңызға қарап, қарқылдайсыз. Қазақстанда қай жерге барсаңыз да жағдай осындай ғой. Қазақстан деген елде тұрып, мемлекеттік тілде мәселе шешілмейді. Меселіңіз қайтады. Қор боласыз. Содан барып ішіңізде ит өледі...».Мұнан да бетер сорақыны Кереку қаласының тұрғыны, нағыз тіл майданының күрескері Бейсенбайтегі Рузаның «Президент мырза! Қазақстанда қазақ тіліне, қазақ тілділерге араша керек!»деген "Ашық хатынан" да байқауға болады.  («Қазақ үні»,22.04.2014ж.,№16.).«Биылғы 3 сәуірде Кереку қаласындағы  «Моя семья» атты дүкенде нан сатып алмақшы болып, сатушыдан: «Бір бөлке ақ нан беріңізші?» деп сұрадым. Нанды бере тұрып  еуропапішіндес сатушы:«Говорите на нормальном русском языке» деді. «До каких пор будете считать казахский на ее же родине ненормальным» деуіммұңекен, дәлжанындатұрғанеркек: «На каком оснований с русской девушкой говорите на непонятном языке?»-деп, сатушынықоштайкеткенінде, сатушы: «Если не хотите говорить на русском, почему в русскую одежду одеты? Езжайте тогда со своим казахским пасти своих баранов назад в свои юрты, освободите нас от себя»-деп, тіптіөршіпшықты» -дейді хатында. Сонда Ассамблея жиынында манағы тебіренген сөздерді айтқандар өмірде кездесетін әлгі келеңсіздіктермен күресіпті, татулығымызға кірбің түсіріпті деп өз қандастарын жерден алып, жерге салып дегендей ит терісін басына қаптапты дегенді естігендеріңіз бар ма? Мен естіген жоқпын. Немесе Қазақ Үкіметі, қазақ халқы біздерге басқа елде жоқ мамыражай мүмкіндіктер беріп отырғанда, мемлекет құраушы халықтың ғасырлар бойы есесін жіберіп келген тіліне, мәдениетіне атсалысайық деп құлшына іс-қимыл жасап жатқандарын көрдіңіздер ме? Әлде Ресей шовинистері Жириновский, Лимоновтардың елді арандату пиғылындағы, қазақтарды кемсіткен сөздеріне байланысты қарсылық білдірген сөздерін есіттіңіздер ме? Үндемеді. Олай болса орыстың «Молчание – знак согласия»емес екеніне кіп кепіл? Қайта Елбасы орыс тілінің мәртебесін көтеру жайлы айта бастаса, жаппай қол шапалақтағанын көріп жүрміз. Оларсол шапалақтардың Елбасының, қазақ халқының оларға жасап жатқан шынайы ықыласымен әппақ көңілілдеріне сартылдап тиіп жатқанын сезбейтін болып барады. Ассамблеяда осы мәселелер ашық талқыланып, оған тиісті баға берілсе, онда елімізде Абай атамыз айтқандай «алыс-беріссіз бірлік» болып, ол халықтар достығының шынайы кепілі болатынына сенімім мол. Сондықтан көкейде жүрген осы сұрақтарымды Астанадан ат арытып келіп, біздің облыстың кіші ассамблеясына қатысқан ҚХА төрағасының орынбасары, Парламент депутаты Анатолий Афанасьевич Башмаков мырзаға жібергелі отырмын. Сәдуақас Аңсат, Халықаралық «Қазақ тілі» ҚБ Қызылорда облыстық филиалының төрағасы