Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Симона Халептен айласын асыра алмады

Уимблдон турнирінің төртінші айналымына шыққан қазақ теннисшісі Зарина Дияс әлемнің үшінші ракеткасы румыниялық Симона Халептен айласын асыра алмады.

Екі партияда С.Халеп 6:3, 6:0 есебімен жеңіске жетті. Зарина Австралияның ашық чемпионатында да осы теннисшіден ұтылған болатын.

Чемпионат.ком сайтынан алынған мәліметке қарағанда, қазақстандық Ярослава Шведова мен неміс қызы Сабина Лисицкидің бәсекесінде неміс қызы 6:3, 3:6, 6:4 жеңіске жетті.

Енді ширек финалда Лисицки Симона Халеппен сайысқа түседі. Читать полностью:  http://news.nur.kz/kk/320033.html

ҚазАқпарат