Мадонна хиджаб киді!

Әлем жұлдызы Мадонна жұртты таң қалдырды. 55 жастағы әнші қара түсті хиджаб киіп, өзін селфи суретке түсірді деп жазады Lite.BNews.kz.

Беті тұмшаланған, тек екі көзі ғана көрінетін суретін ол Instagram парақшасына жариялады. Мұнымен әншінің не айтқысы келгенін ешкім түсінбей-ақ қойды.

Мадонна табынушыларын бұған дейін де таң қалдырған болатын. Әнші осыдан бір жыл бұрын әлеуметтік желідегі жеке парақшасына исламдық үлгідегі киім киіп түскен суретін жариялады.

Суреттің төменгі тұсына "The Revolution of Love is on…Inshallah, Arabic for 'God willing" деп жазған.

Мадоннаның бұл әрекетін біреулер құп көрсе, енді бірі оны сынап-мінеп жатты.

Айта кетейік, әншінің хиджаб киіп түскен суреті санаулы ғана сағаттардың ішінде 30 мыңнан астам пікір жинап үлгерді.

"Мадоннаның мына қылығыТаяу Шығыс халқының ашу-ызасына тиетіні сөзсіз. Себебі, әншінің көзінің тұсын тормен жапқанын олар "қорлау" деп қабылдауы мүмкін", - дейді зиялы қауым өкілдері.

lite.bnews.kz