Машкевич қызметкерлерін "қолжетімді баспана" бағдарламасына қосуды сұрады

10e16b2b08b410e86f1eb9eb9d2b227a Eurasian Natural Resources Corporation негізін қалаушы және ірі акционерлерінің бірі Александр Машкевич ENRC компаниясының қызметкерлерін "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасына қосуды сұрады, деп хабарлайды BNеws.kz. "Біз бүгінде тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жариялаймыз. Алдағы 5 жылда өз қызметкерлеріміз үшін миллион шаршы метр тұрғын үй саламыз. Бірақ бұл үшін бізге мемлекеттің көмегі керек", - деді Машкевич. Бұл мәселені шешу жолдарының бірі компания қызметкерлерін "Қолжетімді баспана – 2020" бағдарламасына енгізу, жалдамалы үйді сатып алу үшін төленетін табыс, әлеуметтік жеке табыс салығынан босату болуы мүмкін. "Еуразиялық топ өз тарапынан қызметкерлері үшін жалға алу төлемін өтеуде кепіл болуға әзір. Мемлекеттік институттар, жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, компанияның бұл бағдарламаға қатысу тетіктерін әзірлеуге дайын", - деп қосты ол.