Қазақстан Ресейді 74 млн теңге салықтан босатты...

jpg543444grt_jpggg__jpgfgf_jpeggfgf Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы Қытай еліне мұнайын экспорттайтын Ресей еліміздің бюджетіне түсетін 74 млн теңге салықтан босатылатын болады. Бұл туралы бүгін парламент мәжілісінің кезекті отырысында мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин мәлімдеді. Көршілес Ресей мұндай жеңілдікке Еуразиялық экономикалық одаққа мүшелікке өткелі ие болған. "Сондықтан оған кедендік баж салығы салынбайды. Ресей Қазақстанға тек тасымал үшін ғана ақы төлейтін болады" деді министр. "Біздің бюджетке жобамен 74 млн теңге көлемінде шығын болады. Бірақта ол шығынды өтейтің біздің завоттарымыздың нарыққа тиісті мұнай өнімдерін беріп тұруымен бұл шығындар жабылып кетеді", - дейді Ұзақбай Қарабалин. Мұндай жеңілдікке Қазақстан тарапы да ие екен. Болашақта мұнай газ немесе басқа да шикізатты біздің ел Ресей арқылы еуропаға өткізетін болса салық төлемейді nur.kz