Павлодар облысының бұрынғы әкімін қамау мерзімі 6 шілдеге дейін ұзартылды

224.jpg Павлодар облыстық сотының апелляциялық алқасы Павлодар облысының экс-әкімі Ерлан Арынның қамау мерзімін 2014 жылғы 4 шілдеге дейін ұзарту туралы бірінші сот сатысының қаулысын өз күшінде қалдырды. Бұл шешім сот отырысының хаттамасында тіркелді. Ерлан Арынның қорғаушысы Айжан Сабырованың хаттамада айтылған пікірінше, "Ерлан Арынның бұл қылмыстарға қатысты кінәсі анықталмаса да, сот жасалған қылмыстың ауырлығын ғана назарға алып, шешім қабылдады". Адвокат "қорғалушы сот алдында кінәсіз екенін дәлелдеп, кінәлі тұлғаларды анықтауға әзір" екенін айтады. Естеріңізге сала кетейік, Павлодар облысының бұрынғы әкімі 6 наурызда сот санкциясымен тұтқындалды. Қаржы полициясы оны демеушілер қаланы абаттандыруға бөлген 23 млн теңгені иемденгені үшін айыптауда. Бұдан басқа, оған мемлекеттік тапсырыс алу үшін құрылыс фирмаларынан аса ірі көлемде пара алды деген айып тағылуда. ҚазАқпарат