Арқалық қаласының әкімі 18 млн теңге жымқырғаны үшін айыпталуда

1298881836_tenge_dollar_nacbank Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы Әубәкір Тайкешовке және оның бұрынғы орынбасары Ғазиз Бекмұхамедовке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы бүгін Қаржы полициясы департаментінде өткен брифингте аталмыш ведомство бастығының орынбасары Рустам Рашитов хабарлады. Ол атап айтқанда, ҚР ҚК 314-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын нақтылады. Шенеуніктер Рудный қаласында газ бөлу желілері құрылысын салуға жобалау-сметалық құжаттаманы жасау конкурсында жеңіп шыққан "Жалын-А" ЖШС-ы атқарған жұмыс актісіне қол қойған деген күдікпен ұсталды. Алайда құжаттама күні бүгінге дейін әзірленбеген, бірақ компания бюджеттен 17,8 млн теңге қаражат алған. Қазір Арқалық қаласы әкімінің лауазымын атқарып отырған Ғ. Бекмұхамедов 2013 жылғы шілдеге дейін Қостанай облыстық энергетика және ТКШ басқармасында қызмет атқарған. ҚазАқпарат