ҰБТ-да жоғары балл алудың сыры

125_ballov_ent_almatyКешегі күні көптің ішінен суырылып шығып, республика бойынша жалғыз ғана мектеп бітіруші 125 балға қол жеткізді. Бір сұраққа кідірмей, ең жоғары балл жинаған алматылық бойжеткеннің сынақтағы сырын 31 арна тілшілері біліп қатқан еді.

Кеше өткен ұлттық бірыңғай тестілеуден оның шәкірті сүрінбей өтіп, республика бойынша ең жоғарғы көрсеткішке ие болған. Таңнан бері құттықтаулардан телефоны тыным таппаған ұстаздың алтын белгіге үміткер 9 оқушысының барлығы өз білімін сынақ сағатында ақтап шыққан. Қалғын шәкірттері де 100 балдан кем жинамаған. "Айғаным осы партада отырған, өте үлгілі оқушы. Оқу озаты, алтын белгіге үміткер", - дейді төбесі көкке бір елі жетпей тұрған 11 сынып жетекшісі Сандуғаш Сәрсенбиева.

"Қандай жаңа сұрақ болса бүкіл сайттардан қарайтын, оқулықтар арқылы тесттер құрастырып әкелетін, тек қана ол дайын кітаппен жаттаған жоқ, барлық оқулықтарды, барлық мүмкіндіктерді пайдаланып, бір сұрақтың жан-жақты жауаптарымен дайындалды", - дейді ұстаз.

Айғанымға қуанышты хабарды анасы алғышқы болып жеткізген. 6 мен 11 аралығындағы бүкіл оқулықтарды бастан-аяқ қайталап, қажеттісін жаттап, миын әбден жаттықтырған бойжеткеннің өз-өзіне сенімі нық болған. "Оқу ордасында балаларды тестілеуге дайындайтын арнайы орталық та бар екен. Онда оқушылардың білім деңгейі тұрақты тексеріліп, сараланып отырады екен. Алайда негізгі салмақ бұл мектепте физика және математика пәндерін тереңдетіп оқытуға түседі екен", - деп бөліседі Айғаным.

№178 лицей директоры Әбдіжәмит Өтеш: "Негізі математика-физиканы жақсы оқыса, ол барлық пәндерді де жақсы оқиды. Сондықтан менің негізгі ойым, барлық мектепті физика-математика мектебі етіп жіберу керек", - дейді ол. Жалпы тестілеудің алғашқы күні 6 мыңнан астам адам минималды көрсеткішке қол жеткізе алмай, сынақтан сүрінген. 100-ден жоғары нәтиже көрсеткендердің саны 3800 шамасында  болған. Ал 125 балды толық жиып, "алтын белгісін" абыроймен ақтап шыққан Айғаным болашақта экономист мамандығына құжат тапсырмақ.

31 арна