Қазақстандағы жаңа кадрлық тағайындаулар

konkurs 1 «Осы аптада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен еліміздің екі облысында жаңа әкімдер тағайындалды» деп хабарлайды ҚазАқпарат. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Ерік Хамзаұлы Сұлтанов Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды. Ол әр жылдары СҚО әкімінің орынбасары, ҚР Көлік және коммуникация министрлігі автомобиль жолдары департаментінің директоры, Астана қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары. 2008-2013 жылдары - "Қазақстан темір жолы" АҚ вице-президенті, 2013 жылғы 3 сәуірден бері "ҚазАвтоЖол" АҚ басқармасының төрағасы болып істеді. Ал Ақмола облысы әкімі лауазымына Сергей Кулагин келді. Кулагин Сергей Витальевич 1952 жылғы 8 қыркүйекте туған. Білімі жоғары. Целиноград ауыл шаруашылығы институтын, Алматы жоғары партия мектебін бітірген. Ол Торғай облысы әкімшілігінің басшысы, Премьер-Министрдің орынбасары, ауыл шаруашылығы министрі, Ақмола және Қостанай облыстарының әкімі болып қызмет атқарған. Бұл тағайындауға дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы болды. Мұхтар Ерман ҚР Парламенті Мәжілісіндегі "Нұр Отан" фракциясының аппарат басшысы қызметіне тағайындалды. Тағайындауға дейін "Еуразия+ОРТ" арнасы бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. ҚР Президентінің Жарлығымен Атырау облыстық сотының қылмыстық істер бойынша апелляциялық алқасының төрағасы болып Қамбар Нұрышев тағайындалды. ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі төрағасының бұйрығымен Қызылорда облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау депар¬таментінің басшысы лауазымына Нұртаев Рзақұл Сәденұлы тағайындалды. "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ның еншілес ұйымы "Технологиялық даму бойынша ұлттық агенттік" АҚ басқармасының төрағасы міндетін атқарушы болып Санжар Ізтілеуов тағайындалды. Осыған дейін ол компания басқармасы төрағасының орынбасары қызметінде болған еді.