Астанада шақса адам өлтіретін маса пайда болды

komar_123654Астанада шақса адам өлтіретін масалар пайда болды. Әзірше, қауіпті қансорғыш қала іргесіндегі ауылдарда бас көтере бастаған. Енді орталыққа қарай ығысып келеді.

Сөйтіп көктем шыға Елордадағы зиянкестердің санын азайтуға жанталасып жатыр. Оның өзінде қас қарайған шақта. Алайда, жұртты "кеселден қорғаймыз" деп жүрген жандарды түсінбей жүргендер көп.Эпидимиологтар болса шұғыл қамданып, қатердің алдын-алуға кірісті. Жәндіктер көбейуі мүмкін деген жерлерді қазір жаппай улап жатыр. Бөшкелерге құйылған суға СЭС қызметкерлері у араластырып жатыр. Өйткені, масаларды осы улы қоспамен ғана көзін жоюға болады, деп хабарлайды КТК арнасы.

"Түнімен дарылдатып жүргеніміз тұрғындарға ұнамайды. Айқайлап, ұрсып, полиция шақыртамыз дейді. Басқа амалымыз жоқ енді. Шашып жүргеніміз улы ғой. Күндіз адамдар уланып қалуы әбден мүмкін. Ал, бұл жұмыстың бәрі сол тұрғындар үшін", - дейді дезинфекиялаушы  Денис Рукаберт.

СЭС қанша әлек болғанымен жәндіктердің қауіпті түрлері де пайда болып жатыр. Бұл жолы "Анофлес" деп аталатын маса бас көтере бастапты. Қауіпті қансорғыш Елорда іргесін жаулап алған. Енді орталыққа жаппай ағылуы ғажап емес.

Ең қорқыныштысы жәндікке таланған адам өліп кетуі мүмкін. Болмаса безгек ауруын жұқтыруы ықтимал.

Астана қалалық СЭҚБ бас маманы Айбарша Дүйсенбайдың мәлімдеуінше, Астана қаласында "Анофлес" масасының пайда болу түрі бар. Өйткені, қолайлы жағдай болып отыр оның пайда болуына. Масаның бірінші ошағы Мичурин кентінде 2013 жылы табылған. Екінші ошағы жақында Алаш тас жолында екінші орынды тауып отыр, қала бойынша.

Сондықтан қансорғышпен күрес күшейтіліп отыр. Оның қалаға жайылмасы үшін батпақты жерлер, өзен көлдер ғана емес, тұрғын үйлердің жертөлелеріне у себілуде. Ал қансорғыштардан қорғану үшін есік терезені қымтап отырған жөн. Өйткені, қауіпті жәндіктен қанша қорғанғанымен, ол осы жазда ойран салуы әбден мүмкін.

Оның үстіне биыл синоптиктердің болжамынша елімізде жауын-шашын мол болады. Бұл тұрғынар үшін қауіп. Әсіресе жазда. Себебі жаңбырдан кейін масаларға жан бітіп, белсенділіктері арта түседі екен. Ал масалар бас қаланы басып алмасы үшін СЭС қызметкерлері 24 тәулік бойы ұдайы кезекшілік ұйымдастырмақ.

КТК арнасы