Атырау облысында жолаушылар пойызы апатқа ұшырады

poezd_atyrauАтырау облысында "Алматы-Атырау" бағыты бойынша бет алған жүрдек пойыз апатқа ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Төтенше жағдай Атырау қаласынан 200 шақырым жерде орын алған.

Пойыз құрамына 19 вагон тіркелген. Зардап шеккендер бар. Оқиға орнына жедел жәрдем жөнелтілді.

Алдын ала болжам бойынша, оқиға орнынан 7 адам ауруханаға жеткізілген, қазір өзге жолаушыларды эвакуациялау жүргізілуде. Қаза тапқандар жоқ.

Жолаушының айтуы бойынша, қаза болғандар жоқ, алайда көптеген адамдар жарақат алған.

Куәгердің айтуын қарағанда, пойыз аударылмастан бұрын қатты соққының дауысы естілген. Содан соң барып пойыз біртіндеп сырғи бастаған. 9 вагон рельстен шығып кеткен, ал оның төртеуі аударылып қалған көрінеді.

Осыған орай, 10 жолаушы пойызының жұмысы тоқатылған болатын. Ұлттық темір жол компаниясымен аталған учаскедегі жол қозғалысын қалпына келтіру мен жұмысы уақытша тоқтатылған пойыздардың қатынау кестесін реттеу бойынша шаралар жүзеге асырылды.

ҚР Бас көлік прокуратурасы "Алматы-Атырау" бағытындағы жолаушылар пойызының апатқа ұшырауына байланысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Соңғы ақпараттарға қарағанда, осы уақытта Атырау облысының Сағыз-Мақат учаскесіндегі жол қозғалысы қалпына келтірілді. Бұлтуралы "Қазақстан темір жолы" ҰҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған оқиғаның себептерін анықтау үшін "ҚТЖ"ҰК" АҚ арнайы комиссиясы құрылды.

Жолаушылар пойыздарының кешіктірілуіне байланысты туындаған сұрақтарға жауап алу үшін 8 7172 600 132 нөмірі бойныша Астанадағы туәлік бойы қызмет көрсететін орталыққа хабарласуға болады.