Валюта бағамы USD : 325 | EUR : 362.8 | CNY : 47.57

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

ЭКСПО – 2017 – Қазақстанның жетістіктерін әлемге паш етеді

експо

Петерборлықтар тәжірибесімен бөлісуге дайын

«Қазіргі кезде Қазақстанда көрмелік-жарнамалық және жәрмеңкелік қызметті реттейтін заң жоқ», – деп мәлімдеді «ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесін дайындау және өткізу жөніндегі дирекция» ЖШС директоры Қаһарман Джазин: «Мегаполистегі конгрестік-көрмелік қызмет. Санкт-Петербор қаласының ЭКСПО-2017-ге қатысуы» атты дөңгелек үстелде. Оның айтуынша, «Жарнама туралы» заңның және Үкіметтің көрмелік-жәрмеңкелік қызметті дамыту туралы қаулысының негізінде көрмелерді мемлекеттік құрылымдар мен ерікті кәсіпкерлер ұйымдастырады. «Қазіргі кезде ЭКСПО-2017-нің қарсаңында Үкіметте «ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесін өткізу туралы» заң жобасы қарастырылып жатыр. Елімізде көрмелік бизнестің көпжылдық тәжірибесі бар, бұл жұмыспен 20-дан астам жоғары білікті ұйымдар айналысады» – деді ол.
Ал аталған басқосудан белгілі болғандай, санкт-петерборлық көрмелік компаниялар Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне өз қызметтерін ұсынуға дайын. «Астана әкімдігінде өткен дөңгелек үстелде санкт-петерборлық көрмелік компаниялар өз тәжірибесімен бөлісіп, қызметтерін ұсынды, – дейді Аймақаралық, шекаралық және халықаралық бағдарламаларды дайындау және жүзеге асыру жөніндегі ынтымақтастық орталығының атқарушы директоры, экономика ғылымдарының кандидаты Игорь Бычков. – Санкт-Петерборда G8, G20, Санкт-Петербор экономикалық форумы сияқты жаһандық деңгейдегі форумдар көп өткізіледі. Сондықтан, біздің операторларымыздың кәдімгі логистикадан бастап, көрмелік экспозициялар мен конгрес-менеджментке дейінгі шараларды ұйымдастыруда үлкен тәжірибесі бар».
Оның айтуынша, «Петербург-Дорсервис» фирмасының өкілі ЭКСПО-2017-ге дайындық кезінде автокөлік жолдары мен басқа да көлік кешенінің құрылысына қатысты жобалау-іздестіру қызметтерін ұсынған. – Тәжірибесі де, әлеуеті де зор «Петербург-Дорсервис» фирмасы Сочи Олимпиадасының нысандарын, Санкт-Петербордың үлкен айналма жолын, тоннелдерін жобалау мен салуға қатысты. Ал, ЭКСПО көрмесі дегеніміз – бұл ауқымды құрылыс (автожолдар, автотұрақтар, тұрғын үйлердің кіре берістері, әртүрлі үйлер және т.б.) екені сөзсіз, – деді Игорь Геннадьевич. Сонымен қатар, туризм, экология және көрмелерді ұйымдастыру мәселелерімен айналысатын ұйымдардың өкілдері де жиналғандарды өз қызметтерімен таныстырды.
«Бүкіләлемдік ЭКСПО – бұл миллиондаған шетелдік қонақтар тамашалайтын үлкен форум. Мұндай форум мейлі, Сарагоса, Барселона, Шанхай немесе Астанада өтсін, оған халықтың лек-легімен ағылатыны белгілі, – дейді Игорь Бычков. – Халықаралық көрме болған соң, ол жерге үкіметтік, кәсіпкерлік топтардың делегациялары келетіні даусыз. Ал, өзімізбен көршілес, дос, бауырлас Қазақстанның бас қаласындағы көрмеге ресейліктердің қызығушылығы зор болатынына еш күманданбаймын. Ресми делегациялар тіпті, Ресей президенті, премьер-министрі деңгейінде болатыны сөзсіз. Өйткені, олар мұндай мүмкіндікті пайдаланып, халықаралық көрме­дегі Ресейдің күндерін өткізеді. Сондықтан, ресейлік тараптан билік органдарының, кәсіпкерлер қауы­мының және басқа да қызығушылық танытқандардың көрмені көптеп тамашалайтынына күмәнім жоқ. Оның үстіне, ЭКСПО-2017-де бұрын-соңды болмаған мәдени-бұқаралық іс-шаралар бағдарламасы дайындалып жатқанын естідік».

Германия ЭКСПО-2017-ге қызығушылық танытты

Астананың ЭКСПО-2017-ні өткізуге кандидатурасын алғашқылардың бірі болып қолдаған ЕуроОдақтың мүшесі – Германия да ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға үлкен қызығушылық танытуда. «Астана ЭКСПО-2017 ҰК» АҚ-ның ресми сайтынан алынған ақпаратқа сүйенсек, мұндай жаңалық герман Бундестагы мен ҚР-ның ГФР-дағы елшілігі бірлесіп ұйымдастырған «Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің негізінде Қазақстан экономикалық және туристік орталық ретінде таныстырылады» атты экономикалық форумда жария етілді. Германияның федералдық Үкіметінің атынан сөз сөйлеген ГФР-дың сыртқы істер министрі Корнелия Пипер Қазақстанның Германия үшін Орталық Азия аймағындағы берік саяси диалог орнатқан, саяси-экономикалық байланыстар табысты дамыған жетекші ел екенін атап өтті. Неміс дипломаты шикізаттық, өнеркәсіптік және технологиялық салалардағы екіжақты әріптестікті жандандыруға ешқандай кедергі жоқтығын тілге тиек етті.
«Германия өзінің жинақтаған тәжірибесін, қаржылық және технологиялық мүмкіндіктерін ескере отырып, Қазақстан Республикасымен ұзақмерзімдік экономикалық ынтымақтастық қарым-қатынастарға мүдделілік танытады, – деп мәлімдеді Бундестагтың экономика және технологиялар жөніндегі комитетінің төрағасы Эрнст Хинскен. – Атап айтқанда, біз Қазақстанның индустриалдық бағдарламасы мен ЭКСПО-2017 көрмесін өткізудегі қадамдарын қолдаймыз, бұл салаларда қолымыздан келетін көмегімізді ұсынуға дайынбыз».
Бұл пікірді Экономика және технологиялар министрлігінің Парламенттегі статс-хатшысы Эрнст Бургбахер де қолдайды. Өз кезегінде ол қазақстандық және неміс іскер топтарын шикізаттық, өнеркәсіптік және технологиялық әріптестік жөніндегі келісімді нақты жобалармен толықтыруға шақырды. – Менің ойымша, жаһандық экономиканың жаңа жағдайларына орай, қазір «шикізатты алдыңғы қатарлы технологияларға айырбастау» деген формула үлкен сұранысқа ие болып отыр, – деді ол. Неміс депутаты туризмді және Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесі саласындағы екіжақты ынтымақтастықты жандандыру үшін екі ел арасындағы визалық тәртіпті ырықтандыруға шақырды. Бундестагтың туризм және спорт жөніндегі комитетінің мүшесі Юрген Климкебтің пікірінше, Қазақстанда туризм экономикасын дамытуға берік негіз болатындай бірегей табиғи құндылықтар, тарихи және мәдени ескерткіштер көп. Осыған орай, ол Қазақстанды халықаралық туризм мен туристік бизнес орталығына айналдыруға мүмкіндік беретін бірқатар жобаларға назар аударды. Неміс депутаты бұл бағыттағы Германияның озық тәжірибесі мен мол мүмкіндіктерін қазақстандықтардың үлгі тұтуын қостайтынын айтты.
Ағымдағы жылдың қыркүйегінде өткен бұл шараға неміс сарапшылары жоғара баға берді. Олардың пікірінше, Германияның жоғары заң шығарушы органының ғимаратында болған форум екі ел арасындағы қарым-қатынастардың деңгейінің өте жоғары екенін, ЕуроОдақ көшбасшысы мен әлемнің үшінші экономикасының Орталық Азия аймағында Қазақстанның рөлі мен маңызын мойындайтынын айқын көрсетті. Атап айтарлығы, Бундестаг қабырғасында Қазақстанға арналған мұндай ауқымды шара тұңғыш рет ұйымдастырылды. Бұл – Германияның Қазақстанмен екіжақты қарым-қатынастарын кеңейтуге деген ықыласының шынайы көрінісі. Өйткені, еліміз герман экономикасының аталған аймақтағы негізгі әріптесі болып қалуда. Мәселен, Германияның Орталық Азия және Оңтүстік Кавказ елдерімен сыртқы саудасының 65 пайызы Қазақстанның үлесіне тиеді. Сондай-ақ, біздің еліміз Германияға мұнай тасымалдаушы-елдер арасында 6-шы орынды иеленеді. Қазақстанда неміс капиталының қатысуымен ашылған 1200-ден астам экономикалық және қар­жылық құрылымдар жұмыс істейді.

Астана ЭКСПО-2017 көрмесінде Түркияның үлкен павильоны болады.
Астанадағы Түркия Республика­сының елшілігінің ғимаратында өткен «Турецкий прорыв» атты кітаптың тұсаукесерінде Түркия Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Омер Бурхан Тузель осылай мәлімдеді. «ЭКСПО көрмесі – әлемдік деңгейдегі өте ауқымды, маңызды шаралардың бірі. Бұл жиынға Қазақстан 5 млн. адам күтіп отыр. Халықаралық көрменің Қазақстанды әлемге барлық қырынан таныту жағынан маңызы өте зор. Өйткені, Түркиямен бауырлас ел осылайша өзінің Орталық Азиядағы жетекші мемлекет екенін тағы бір мәрте қуаттайын деп отыр. Ал, Түркияның көрмеге қатысуы туралы айтар болсам, ЭКСПО-да Түркияның үлкен павильоны болады. Түрік компанияларының қатысуы олардың өз шешімдеріне байланысты. Біз елшілік ретінде оларға: «Сендер қатысыңдар!» немесе «Сендер қатыспаңдар!» деп қысым жасай алмаймыз. Бірақ, менің жеке пікірімді білмек болсаңыз, түрік компаниялары бұл шараға белсенді түрде қатысады деп ойлаймын», – деді түрік дипломаты.
Тұсаукесерден кейін Омер Бурхан Тузельге ЭКСПО-2017 көрмесі, түрік кәсіпкерлерінің Қазақстанды дамытуға қосқан үлесі турасында бірнеше сауал қойдық.
– Ал, көрмеге Қазақстанның таң­дап алған тақырыбы туралы не айтасыз?
– Қазақстанның бұл көрмеге таңдаған тақырыбы – «жасыл экономика», болашақтың энергиясы. Бұл жерде «жасыл энергетиканың» жаңа ғасырда маңызының арта түскенін ескерер болсақ, тақырып өте тың, өте қызықты. Менің ойымша, бұл мәселе жер бетіндегі барлық мемлекеттерді қызықтыратын болғандықтан, көрмеге қатысушылардың да саны өте көп болады. Сондықтан, Қазақстан бұл форумды ұйымдастыру мен өткізу бағытында барлық мүмкіндіктерін тиімді пайдаланғаны жөн. Және Сіздердің солай әрекет ететіндеріңізге менің ешқандай күмәнім жоқ.
– Біздің қоғамда бұл көрме елімізге пайда да, шығын да әкеледі деген әртүрлі пікірлер айтылып жүр. Сіз бұған не дер едіңіз?
– Өз басым «мұндай ауқымды шара шығын әкеледі» деген пікірлерге еш қосылмаймын. «Біз осыншама ақша жұмсадық, оның осыншасын қайтарып аламыз» дегендей жай ғана экономикалық есептер жасау дұрыс емес. Өйткені, бұл болашаққа бағытталған жоба. Сондықтан бұл шараның Қазақстанға, оның халқына берері алда. Мысалы, Астанада жыл сайын экономикалық форум өтеді. Бұл форумға Қазақстан Үкіметі миллиондаған доллар қаражат жұмсайтын шығар. Алайда, мұндай шараларға осынша көлемде шығын шығардық, осынша көлемде табыс таптық деп дәл есептеу мүмкін емес. Бұл жерде есептен бұрын, елдің беделі аса маңызды. Халықаралық деңгейдегі имиджді ешқандай да ақшамен сатып алу мүмкін емес. Екінші жағынан экономикалық форум – елдің экономикалық әл-қуатының, даму деңгейінің үлкен жарнамасы. Қазақстан осы жағынан ұтады. ЭКСПО-2017 көрмесі аяқталған соң, Қазақстанда үлкен технопарк пайда болады деп жоспарлануда. Ол технопарк Назарбаев университетіне қарасты бір үлкен инновациялық орталық есебінде қызмет етпекші. Яғни, көрменің пайдасы ұшан-теңіз. Егер де елдің болашақтағы дамуын ойлайтын болсақ, онда қандай да бір экономикалық есептер жасау орынсыз деп санаймын.
– Бұл көрме Қазақстанға не береді?
– Бұл көрменің Қазақстанға әкелетін пайдасы, беретін мүмкіндіктері көп. Біріншіден, Қазақстан әлемге тағы жаңа қырынан танылады. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегенді, салиқалы саясатының арқасында күн сайын дамып-жетіліп, құқықтық-техникалық негіздерін күшейтіп жатқан елдің келешегі жарқын. Жыл сайын елге 20 млрд. долларға жуық инвестиция тартылып, Азия мен Еуропаның арасындағы ерекше көпірдің рөлін атқаруда.
Екіншіден, ЭКСПО-2017 көрмесі Қазақстанның 20 жылда қандай үлкен жетістіктерге жеткенін күллі әлемге паш етеді. Үшіншіден, өздеріңіз білетіндей, Нұрсұлтан Назарбаев 2050 жылға дейінгі белгілеген стратегиясында Қазақстанды әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 мемлекеттің қатарына қосу мақсатын көздеген болатын. Ал, ЭКСПО көрмесі қазақ бауырларымызды осы көзделген мақсатқа итермелеуші күш, нақты механизм деп айтуға болады. Бұл орайда мен айтқан үш негізді тұтасымен алып қарайтын болсақ, ЭКСПО-ның Қазақстан үшін қаншалықты маңызды екенін көруге болады.
– Түрік кәсіпкерлерінің біздің елімізді дамытуға қосқан үлесі қандай? Бүгінге дейін олар республикамыздың да­муына қандай көлемде инвестиция салды?
– Екі ел арасындағы 20 жылдан бері жалғасып келе жатқан ынты­мақтастықтың жемісі зор. Соның бір дәлелі, қазіргі таңда екі жақты сауда айналымының көлемі 4,5 млрд. долларға жетті. Бүгінге дейін түрік кәсіпкерлері тарапынан Қазақстанға 2 млрд. доллар инвестиция құйылды. Жалпы көрсеткіштерге көз жүгіртер болсақ, Түркия Қазақстанға инвестиция әкелу жөнінен 17-ші орында тұр. Алайда, мұнай және газ саласындағы инвестицияларды есептемегенде түрік кәсіпкерлері осы елдегі 4-ші ірі инвестор болып табылады. Мысалы, түркі әлемінің ең жас елордасы және бүгінгі қуатты Қазақстанның символына айналған Астананың ғажайып көркіне қол жеткізуде түрік кәсіпкерлері мен мердігерлерінің үлесі зор. Олар жалпы құны 17 млрд. дол­лардан асатын жобаларды жүзеге асырды.

                                                                                                                                                                                                             Таңатар Табынұлы


Осыған ұқсас:



56 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Гүлнұр Қостанайдан 29 Қараша, 2013, 15:06

    ЕХРО Қазақстан үшін маңызды жоба болғалы тұр. Алайда осыны аяғына дейін жақсылап жеткізіп, ойдағыдай өткізсе болғаны.

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 19 Маусым, 2017, 17:12

      Сен коп кырта бермей озин ойлап озин тап не интернет деп кояди ози

      Жауап жазу
  2. КӨГЖАЛ 2 Желтоқсан, 2013, 22:37

    ЭКСПО тек қонақ күтетін қазақтың тойы емес, ол ең алдымен отандық кәсіпкерлердің мүмкіндіктерін арттыратын, отандық қызмет көрсету мен тауарда, туризмдік бағытта жаңа сатыға көтеретін жоспарлы мүдде болуы керек.

    Жауап жазу
  3. Айнур 11 Тамыз, 2015, 12:09

    ЕХРО 2017 туралы балабакшага арналған іс шаралар болса бөлісіңіздерші өтініш :zhlau:

    Жауап жазу
  4. Галактика 10 Қыркүйек, 2015, 22:02

    Неге ЭКСПО жеткілікті дәрежеде дамыған еліміздің бас қаласы Астанада өтіледі. Неге Қазақстандағы әлі дамымаған жерді дамыту үшін өтілмейді. Мысалға Корея елінде ЭКСПО атақты Сеул қаласында емес, дамымаған жерде өтілген соның нәтижесінде Кореядағы жер дергілікті дәрежеде дамыған)

    Жауап жазу
  5. Абдипатта Женисбек 26 Қараша, 2015, 18:32

    :aaa: :aaa: :bala: :jap: :koisai: ойл

    Жауап жазу
  6. Абдипатта Женисбек 26 Қараша, 2015, 18:38

    EXPO-2017 казірги кезде кризистен шағарар деген сенімдеміз . EXPO-2017 дегі проекттер жақсы жасалған.

    Жауап жазу
  7. Аюпов Азамат 26 Қараша, 2015, 18:41

    Менің осы жобаға дайындаған проект жұмыстарым бар еді.Оны кіммен ақылдассам болады.EXPO ға бару үшін Женисбек агай

    Жауап жазу
  8. Сейдижаппар Ердаулет 26 Қараша, 2015, 20:25

    Женисбек ата жалпы ЭКСРО пайдасын айтп кетинизши,ОК :zhlau: :unatu:

    Жауап жазу
  9. Шамшырақ 27 Қараша, 2015, 19:27

    ЭКСПО кезінде Ақтөбе қаласында көрме болады ма

    Жауап жазу
  10. Шамшырақ 27 Қараша, 2015, 19:28

    ЭКСПО кезінде Ақтөбе қаласында көрме болады ма :oilanu: :

    Жауап жазу
  11. Нурлыбек Саттаров 7 Желтоқсан, 2015, 21:18

    Ия ЭКСПО 2017 кормеси тыныш откенин калаймын :unatu:

    Жауап жазу
  12. Жолдас Әсел 21 Желтоқсан, 2015, 18:54

    Экспо меніңше бүкіл әлемге өзіміздің салт дәстүрімізді таныстыру жалпы тарихты салт-сананы және де дамушы ел екенімізді.Дамыған елдердің қатарына кіру қажеттілігін 30 елдің қатарына кіруді тағы айтарым Қазақ даласын дамытуды көркейтуді мақсат еткелі отыр жалпы үлкен-үлкен белестерден көріне берейік Дамушы ел емес Дамыған ел екенімізді дәлелдеу.Оқып отқан Қазақстандарға айтарым осы :bala:

    Жауап жазу
  13. Айдын 8 Қаңтар, 2016, 19:46

    паидасы оте зор курметти агайын

    Жауап жазу
  14. Данияр 14 Ақпан, 2016, 20:09

    Кушти

    Жауап жазу
  15. Ақнұр 16 Наурыз, 2016, 20:35

    :jap:

    Жауап жазу
  16. Ажар 13 Мамыр, 2016, 19:04

    ЭКСПО туралы пікір қалдырып жатқан адамдардың сөзіне қосыламын. Қазір 2016жыл ЭКСПО-ға бір ақ жыл қалды дайындығымыз керемет болса Құдай қаласа кризистен құтылып дамыған АҚШ пен Корея елдерінен де озамыз деп сенемін ҚАЗАҚСТАН АЛҒА! :bala:

    Жауап жазу
  17. Асылсейіт 1 Қыркүйек, 2016, 13:58

    Эхро 2017 ге қосар улесім бар идея бар калай айтуға болады

    Жауап жазу
  18. Gauhar 4 Қыркүйек, 2016, 15:10

    оте жаксы :bala:

    Жауап жазу
  19. Инабат 18 Қараша, 2016, 19:10

    ЭКСПО 2017 жақсы өтуге тілектеспін

    Жауап жазу
  20. Айта алмаймын 21 Қараша, 2016, 17:27

    ЭКСПО деген тажал болды ғой ауылдағы муғалімдерге жұмыс оны тексеретін комиссияға ақша

    Жауап жазу
  21. Гауһар 30 Қараша, 2016, 09:49

    :kulki:

    Жауап жазу
  22. РАХАТ 8 Желтоқсан, 2016, 00:26

    Менің ойымша жалпы, халықаралық көрмені ұйымдастыру үшін мол қаражат емес, үлкен мәдениет керек екенін естен шығармаған жөн деп ойлаймын.

    Жауап жазу
  23. РАХАТ 8 Желтоқсан, 2016, 00:28

    ЭКСПО-2017 Еуропалық қауыпсіздік және ынтымақтастық мүше елдердің саммиті сияқты таза саяси пиар жоба емес, бұл жобаның Қазақстанға берері көп.

    Жауап жазу
  24. Айнур 9 Желтоқсан, 2016, 19:25

    сценарий жибере аласыздарма

    Жауап жазу
  25. Қолқоюсыз 14 Желтоқсан, 2016, 07:58

    :jap:

    Жауап жазу
  26. Уғилжон 17 Желтоқсан, 2016, 20:37

    маған ұнады өте керемет :bala:

    Жауап жазу
  27. Қолқоюсыз 21 Желтоқсан, 2016, 19:49

    Менинг сауалым бар еди) EXPO нын шетиндеги Павилион ба онынг ишинде не бар не болады сол маган керек еди*

    Жауап жазу
  28. Қолқоюсыз 21 Желтоқсан, 2016, 19:50

    Менинг сауалым бар еди) EXPO нын шетиндеги Павилион холы ма онынг ишинде не бар не болады сол маган керек еди*

    Жауап жазу
  29. Қолқоюсыз 12 Қаңтар, 2017, 22:08

    Жамбыл облысынан кандай буйымдар апарылгалы жатыр? Айтып бересиздер ме? Өте жылдам…

    Жауап жазу
  30. Қолқоюсыз 13 Қаңтар, 2017, 00:47

    :oilanu:

    Жауап жазу
  31. Қолқоюсыз 13 Қаңтар, 2017, 17:33

    ЭКСПО 2017 биз ушин бакыт акеледи

    Жауап жазу
  32. НУРАЙЛЫМ НУРА 17 Қаңтар, 2017, 15:35

    ЕХРО жаксы аякталуына тилектеспин :unatu:

    Жауап жазу
  33. НУРАЙЛЫМ НУРА 17 Қаңтар, 2017, 15:36

    ЕХРО жаксЫ :unatu:

    Жауап жазу
  34. Арука 17 Қаңтар, 2017, 23:28

    Expo өткени жақсы бірақ,соның арқасында айлық қысқартылып,халыққа бөлінген ақша соған кетип жатыр

    Жауап жазу
  35. Қолқоюсыз 21 Қаңтар, 2017, 19:42

    :bala:

    Жауап жазу
  36. Қолқоюсыз 23 Қаңтар, 2017, 22:30

    Серік Нұржан мен 6в сыныбында оқимын мына əңгімеңіз өте орынды

    Жауап жазу
  37. Арайлым 25 Қаңтар, 2017, 00:18

    :bala:

    Жауап жазу
  38. Ботакөз 26 Қаңтар, 2017, 22:43

    :oilanu: Кушти
    :bala: :aaa:

    Жауап жазу
  39. каракат 28 Қаңтар, 2017, 12:00

    экспода кандай заттар бар :bala:

    Жауап жазу
    • кайрат 14 Наурыз, 2017, 18:38

      экспога озимнин шыгарган онимди немесе заттарды калай апарамын энергиясыз жумыс истейтин

      Жауап жазу
  40. Жаннұр+Ким Тэхён 31 Қаңтар, 2017, 22:39

    Экспо күшті өтсе екен!!!

    Жауап жазу
  41. Қолқоюсыз 4 Ақпан, 2017, 15:36

    Expoга канша мемлекет катысады

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 4 Ақпан, 2017, 17:47

      Неше мемлекет сұраныс білдіреді келісімге келеді, сонша мемлекет катысады

      Жауап жазу
  42. Асыл 4 Ақпан, 2017, 23:34

    Недеген узак ……..????????!!!!!!!!!

    Жауап жазу
  43. Қолқоюсыз 5 Ақпан, 2017, 19:46

    Экспо дегенiмiз не?

    Жауап жазу
  44. Алибек 5 Ақпан, 2017, 19:48

    Экспо дегенiмiз не?

    Жауап жазу
  45. айнур 6 Ақпан, 2017, 09:22

    Экспо быздын елымызде болганына быз куанумыз тиыс

    Жауап жазу
  46. Қолқоюсыз 9 Ақпан, 2017, 18:54

    Экспо туралы толык малимет бересиздерма

    Жауап жазу
  47. Айдос 21 Ақпан, 2017, 19:19

    ЕХРО17 жаксы өтсе екен! :bala:

    Жауап жазу
  48. Озимбилемин 27 Ақпан, 2017, 23:57

    EXPO деген құр қиял. Көрме басталмай жатып бәрі қирап жатыр ғо сапасы нашар болғандықтан. Көрме десе біз неге көруге барамыз?

    Жауап жазу
  49. кано 28 Наурыз, 2017, 17:22

    ай базар жок :kulki:

    Жауап жазу
  50. Дина 6 Сәуір, 2017, 22:52

    Кіруге неше теңге алады?

    Жауап жазу
  51. Гул 10 Маусым, 2017, 10:32

    Экспо ойдагыдай , жаксы, тыныш отсе екен.

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*