"Қазақмультфильм" студиясы ашылды

photo_106573Қазақстан анимациялық фильмдер Ассоциациясының президенті Ғали Мырзашевтің айтуыша, елімізде 50 жылдан бері анимация өнері еленбей келе жатыр. Сондықтан мұндай фильмдердің көрсетілуі мемлекет тарапынан қолдауға ие бола алмай, жас ұрпақ тәрбиесіне өз үлесін қоса алмады. Соны ескерген мамандар "Қазақмультфильм" студиясын ашуға әрекеттенген. Аталған студия еліміздегі анимация саласындағы продюсерлік, менеджерлік мәдениеттің қалыптасуына және өркендеуіне үлес қосуды мақсат етіп отыр. Сонымен қатар анимациялық фильмдерді шығаратын мамандарды даярлайтын оқу орнын да ашуды жоспарлауда. Ана тілімізде түсірілген тарихымыз бен ұлттық ділімізді дәріптейтін мультфильмдер қатары өсіп, оны көрсету арқылы ұрпақ тәрбиесі алдындағы бір борышымызды өтейміз деп сенеміз!