Қазақстандағы жаңа кадрлық өзгерістер

Осы аптада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның шетелдегі екі Елшісін тағайындады. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдардарда бірқатар кадрлық ауыс-түйіс орын алды. ҚазАқпарат апта ішінде орын алған осы және басқа да тағайындауларға шолу жасайды.

nazn2303Сонымен Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Қайырбекұлы Лама Шариф Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды. Қайрат Қайырбекұлы Лама Шариф 1962 жылы 1 қаңтарда Павлодар облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің шығыстану факультетін бітірген (1990).

Қазақстан Республикасының Оман Сұлтанатындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы (2008-2010) болған. 2007 жылғы мамыр айынан бастап Кувейт мемлекетіндегі және 2009 жылғы наурыз айынан бастап Бахрейн Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы. 2011 жылғы 7 маусымнан осы кезге дейін ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы болды. ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Венгриядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрбах Тұрарұлы Рүстемов Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы, Бұрынғы Югославияның Македония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды. ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Маңғыстау облысы әкімінің өкімімен Әміржанов Рақымбек Маршалұлы облыс әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Әміржанов Рақымбек Маршалұлы 1964 жылы дүниеге келді. Жоғары білімді. Лениндік комсомол атындағы Новосібір мемлекеттік университетін, Хоккайд университетін (Саппоро қ., Жапония) бітірді. "Сонымен қатар, Маңғыстау облысы әкімінің өкімімен Сағындықов Жеңісбек Өренұлы облыстық индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының қызметіне тағайындалды. Сағындықов Жеңісбек Өренұлы 1975 жылы дүниге келді. Жоғары білімді. Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін, "Ұлағат" университетін, тау-кен, экономист-менеджер мамандығы бойынша Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халықтық шаруашылық және мемлекеттік қызмет академиясын, МВА: менеджмент - халықаралық бизнес академиясын бітірді", - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен. Сонымен қатар, Маңғыстау облысы әкімінің өкімімен Төлеуғалиева Гүлзайда Бектұрқызы облыстық тілдерді дамыту басқармасы басшысының қызметіне тағайындалды. Қазақстан Республикасының Бас прокурорының бұйрығы және Бас көлік прокурорының ұсынуымен Ерлан Төлегенұлы Төлегенов Павлодар көлік прокуроры болып тағайындалды. Ерлан Төлегенов 1979 жылғы Солтүстік Қазақстан облысының тумасы.

ҚазАқпарат