Жұмыспен қамту саясатын жұмыс беруші белгілеуі тиіс

Жұмыспен қамту саясатының басты бағыттарын жұмыс беруші белгілеуі тиіс – бұл туралы Азат Перуашев ҚР Парламентінің Сенатында жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі дөңгелек үстел барысында мәлімдеді. «Жұмыспен қамтудың қазіргі саясаты көбінде формалды көрсет­кіштерге бағдарланған, кәсіпорын мүдделерінен бөлек өмір сүреді және нақты жұмыс орындарын құруға ынталандырмайды», – деп атап өтті «Ақ жол» партиясының көшбасшысы және кездесетін сәйкессіздіктер туралы мысалдар келтірді. 2011 жылы мемлекеттік бағдарлама аясында туризм мамандығы бойынша 30 адам оқыған болса, олардың тек 10-ы ғана жұмысқа орналастырылған. Тамақтандыруды ұйымдастыру мамандығы бойынша 389 адам оқытылса, жұмысқа тұрғаны 20, фермерлік шаруашылық мамандығы бойынша 236 адам оқытылып, оның 19-ы жұмысқа орналастырылыпты. Оның айтуынша, қалыптасқан қиғаштықтардың нәтижесінде, кейде өзекті шаралардың өзі қағазда ғана орындалады. Ол жаңа жұмыс орындарын құруға арналған қаражатты игеру, оны жайдан-жай бөліп алу үшін кәсіпкерлерге өз қызметкерлерін жұмыстан шығарып және сол мезетте жұмысқа орналастырылғаны сияқты қайтадан жұмысқа қабылдауды ұсынғандары туралы БАҚ-да жарияланған жағдайларды еске салды. Ол бұл саладағы, жергілікті жер­лердегі жұмыспен қамту орталығын қоса алғанда, көптеген органдардың жұмыстарының тиімсіздігін атап өтті және «Жұмыспен қамту» бағдар­ламасын іске асыруды тал­дағанда, осы орталықтар арқылы жұмысқа орналастырылған қазақстан­‑дықтардың жұмыс істеген мерзімдерінің ұзақтығы жөніндегі мониторинг жүргізуді ұсынды. «Олардың сол жұмыс орнында қанша уақыт жұмыс істегені туралы неге талдау жоқ? 2-3 айдан кейін олар жұмыстан шығып кетеді», – деп ескертті депутат. «Ақжолдықтардың» пікірінше мұндай орталықтар арқылы жұмысқа орналас­тыру, көбінесе қысқа мерзімді, әрі еңбек ақысы төмен. Ірі компаниялар оларға кадр іздеп өтініш білдірмейді, ал сауатты мамандар өздері-ақ мұндай Орталықтар арқылы жұмыс іздемейді. Сондай-ақ бюджеттік қаражат бө­лінетін оқыту немесе жаңадан мамандандыру бағдарламалары да іс жүзінде қадірін кетіріп болды, мұндай оқудан қызметкерлердің ешқандай да біліктілігін көтеру туралы айтуға болмайды. Азат Перуашев жиынға қатысушыларға жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі «Ақ жол» партиясының пайымдауын ұсынды. «Біз, жұмыспен қамту саясатының басты бағыттарын жұмыс беруші белгілеуі тиіс екеніне сенімдіміз, – деп атап өтті демократтардың көш­басшысы. Ең басты мақсат –жұмыссыздар құрғақ уәделер және хаттар емес, тұрақты жұмыс алатын, ал кәсіпорындар мамандармен толықтыратын сенімді жол және олар қажетті біліктілік деңгейіне жеткенше, мемлекеттік қолдау алатын жұмыспен қамтудың тиімді жүйесін құру болу керек». «Ақ жол» ҚДП Еуроодақ елдерінің тәжірибесі бойынша бірқатар шаралар ұсынады. Олардың ішінде – жұмыс берушілердің салалық бірлестіктерімен кәсіби стандарттарды әзірлеу. Қазіргі уақытта оқу бағдарламалары білім беру мекемелерінің өздерімен дайындалған білім беру стандарттарының негізінде әзірленеді, соның салдарынан білім беру жүйесі нақты еңбек нарығының талаптарынан алшақтап кеткен. Сонымен қатар, кәсіпорындардың студенттердің және кәсіби-тех­никалық оқу орындарының оқушы­ларының өндірістік практикасына шығындарына субсидиялау енгізу ұсынылады. Бұл практиканттар үшін арнайы оқытатын жерлерді құ­руға мүмкіндік береді, тәлімгерлік тәжірибені қайта жандандырады, кәсіпорын мен оқу орындары арасында тікелей байланыс орнатады. Жас мамандар мен жұмысшы­лардың сынақ мерзімін өту кезеңін­дегі еңбекақыларын субсидиялау ұсынылады. Кәсіпорындардың біліктілігі жеткіліксіз жас мамандарға жоғары еңбекақы төлеуге мүмкінші­лігі жоқ. Осы ұсынысты іске асыру оқу бітірушілердің компанияларға ұзақ мерзімге тұрақтап қалуына мүмкіндік береді. Бұдан басқа, еш құпиясы жоқ, қазіргі уақытта жұмыс берушілер жабдықтарды бүлдіріп алуға қауіп­теніп жас мамандардың жеткілікті машықтарының аздығынан оған жіберуге тәуекел етпейді. Сондықтан да жаңа бастаушы қызметкердің сынақ мерзімін өту кезеңінде кәсіпорын жабдығына залал келтір­гені үшін жауапкершілігін сақ­тандыру «ақжолдықтардың» маңыз­ды ұсыныстарының бірі болып табылады. «Ақ жол» ҚДП Парламенттік фрак­циясы қатардағы Қазақстан азамат­тарының мүддесіне сайлауалды тұғырнамасын іске асыру бойынша жұмысын жалғастыра береді. Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі