Валюта бағамы USD: 319.42 | EUR: 339.08 | CNY: 46.59

Қажымұқан Ғабдолла. Ж.ҚУАНЫШӘЛИН ҚАЗАҚТЫ ҚАЛАЙ САТТЫ?

…Арсыз-нәрсіздің, имансыз-ділсіздің, ұры-қарының, залым-зұлымның, сұм-сұрқияның, қорқақ-қорқаудың заманы жүріп тұр, қазір… Жаңа технология мен жетік өркениет те ТАСАДАН ТАС АТУҒА таптырмас құрал болды…

Тіпті, «…Өзімізді Абаймен салыстыру үшін емес» деп, «ант суын» ішкен болып, шын мәнісінде: «…Сонау 19 ғасырдың аяғы, 20 ғасырдың басында қазақтың өз бойындағы жағымсыз мінез-құлық, әдеттерден арылуын тілеп, ұлтымызды өткір сынаған кемеңгер Абайды да түсінбейді» деп, өз қаны, туған қазағын қайдан келгені беймелім кірме Владимир Козлов дейтін біреуге «жығып беріп», аяусыз күстаналған Жасарал Куанышалин «Фейсбук» әлеуметтік жүйесінің тасасында саясаткер Мұхтар Тайжанға «жан сырын» ашқан кейіппен басына сыйса да, жасына жараспайтын жарапазанайтыпты…

«Даудың басы – Дайрабайдың қара сиыры» демекші, әңгіменің өзегі Айсұлу Қадырбаеваның («по совместительству» Жасарал Куанышалиннің кезекті әйелі) Владимир Козловты қолпаштап: «СІЗ – ЖҮЗ ҚАЗАҚҚА ТҰРАСЫЗ!» немесе «МЕН КОЗЛОВТЫ БҮКІЛ ҚАЗАҚҚА АЙЫРБАСТАМАЙМЫН!» – деген масқарашылық сөзінде болып отыр…

Айдың күні аманында айтылған мұндай сұмдыққа кеудесінде жаны, бойында рухы, жүрегінде намысы бар әрбір парасатты қазақ өре түрегелді…

Бақыттарына қарай, осы сөз қазақ топырағында айтылды, ал, біздің қазақ ұлты болмысында кешірімшіл ғой, егер осындай надандық сөз, мысалы, Шешенстанда немесе Дағыстанда айтылса, қазір Жасарал Куанышалин мен Айсұлу Қадырбаева жалпақ жердің жүзін аралап-қашып, арып-ашығып, кірерге тесік таппай, тентіреп кеткен болар еді…

Жақаң сөздерді ойнатып, қаншама бұлғақтағанымен бұл қылықтың аты – дәп «жаңа құлдық сана-сезімнің дәлелі» және «өз ұлтыңды жоққа шығарудың» дәл өзі! Сөз жоқ, мұны аз-маз басқаша атауға да болады. Отыз екі тістен шығып, отыз рулы елге тараған бұл сөздің тура аты – «ҚАЗАҚТЫ САТУ» деп аталады! Бұл масқара мойынсұнушылықтың басқаша аты жоқ!!!

Осы күнде екі сөзінің бірі «режимді кетіру» болса да, кезінде Ақтөбеде атышулы Аслан Мусиннің арнайы шақырумен облыс әкімшілігінде білдей басқарманың құлағын ұстаған Қуанышәлин алған бағытынан жалт бұрылып: «…ең алдымен адамдығына, тек сөзіне қарай емес, нақты іс-әрекеттеріне қарай бағалайтын ересек түсінікке ауысатын кез келді»– деп көсемсіп шыға келіпті…

Дұрыс-ақ дейік. Олай болса билікпен де, биліксіз де өз басыңыз қандай «адамдық» қасиеттеріңізбен (сылдыраған сөзіңізден басқа) «нақты іс-әрекеттер» жасадыңыз? Әлде, Жаңаөзен мұнайшылары аш-жалаңаш, жылап-сықтап жатқанда да, қанға бөгіп, ажал құшқанда да ат ізіңізді салмай, төбеңіздің шұқырын да көрсетпей, ал, Владимир Козловтың сотында Ақтауда айлап жатып алуыңыз – әлгі өзіңіз айтқан «адамшылығыңыз» бен «нақты іс-әрекетіңіз» бе?..

Қазаққа жанашыр адам осылай істей ме?!.

Бұрынғыны былай қойғанда, сіздің 2012 жылғы 30-қарашадағы «ересек түсінігіңіз»: «…байғұс бес қазаққа (Болат Атабаев, Серік Сапарғали, Жанболат Мамай, Ақжанат Әминов, Айжангүл Әмірова. Қ.Ғ.) сол сотта нағыз күрескерлік, саясаткерлік һәм адами қырларын жарқырата көрсеткен Володяны өз басым айырбастамаймын», «…көсемсіген Оралдық пысықай Қажымұқан Ғабдолла»,  «…«ұлтшыл» мақалаларды бірінен соң бірін шимайлап, онда-мұнда жариялаудан басқа түк бітірмей, мұны өзіне арзан саяси ұпай жинайтын кәсіп қылып алған, сөйтіп жүріп, «көсемшілдік» дертіне шалдыққан «нарцисс» Қажымұқан Ғабдолла тәрізділер «нағыз ұлтшыл» атанып…» – деп, қазақты көре алмаудан, күстаналап-жамандаудан аса алмай, батпақтап-батып жатыр емес пе?!.

Бәлкім, бұл – байырғы бір кемеңгердің «Мықтының мықтылығын мойындай білу де – мықтылық» дейтін өзіңіз жаттап алған нақыл-тұзағына еріксіз әрі байқаусыз түсіп қалуыңыз шығар?..

 

*******************************************

 

…Жақаңның жер астынан тұншыға һәм құмыға шыққан дауысы «құлағыма жеткендей» жаным ашып, мен еріксіз ойға түсемін: Жақаң мен Айсұлу апамыздың осыншама бозторғайдай шырылдап қорғап, «ел мен жер, халық пен мемлекет үшін басын қауіп-қатерге тігіп, шын күресіп жүрген Владимир Козловтары» Маңғыстау мұнайшыларына не жақсылық жасады? Жұмысқа орналастырды ма? Айлықтарын арттырды ма? Бала-шағаларын асырады ма? Қазақ билігіне ықпал етті ме? Әлде, айдалаға қашқан, шетел асқан «данышпандары» арқылы өркениет елдерінің назарын дер кезінде Маңғыстау мұнайшыларының мұң-зарына бұра алды ма?..

Жоқ! Жоқ! Жоқ!!!

Аталған сауалдардың біреуін де жүзеге асырмапты. Түк істемепті. Тек арандатушылықпен  айналасыпты…

Қарапайым қазаққа, мұңайған мұнайшыға, жабыққан жұмысшыға жаны ашыған қай басылым қолдап-қорғап, мақала баспапты?!. Әсіресе, «Дат», «Абай кз», «Қазақ үні», «Жас алаш», «Азаттық радиосы», , т.б. толып жатқан баспасөздердегі қазақтың қайсар қыз-жігіттері мұнайшылармен «бірге өліп, бірге тірілгендей» күй кешті ғой…

Ендеше, Жасарал неге жалғыз Козловты ғана көреді?.. Себебі, жалғыз-ақ екен: Жақаң Козловтың құлақкесті құлы – жұмыскері. Бұл – бір. Екіншіден, жоғарыда аталған қазақ тілді баспасөздің түп-тұқияны қазаққа шынайы жанашырлық мақалаларын басты…

Ал, Козловтың басылымдарының мақсат-мүддесі мүлдем басқа болды… Өз басым қырықққа таянған жасымда өзімнің қазағыма шын жаны ашитын қазақты сирек кездестірдім, ал, «діні мен ділі бөлек келімсектің қарапайым қазаққа жаны ашиды» дегені – есалаңның ертегісі ғана…

Тегінде текті қазақ Жақаң мен Айсұлу апамыздың талай табаны тайып, тасқа соғылған тасмаңдай қателіктерін кешірер, бірақ, қазақты сатып қана қоймай, орыстың орына итергенін кешіре қояр ма екен?!. Қайдам?

… «Ешкімнің ұлтымызды кемітуге құқығы жоқ!» – деп, ерекше елеңдеген Мұхтар ТАЙЖАН бауырым әкесінен жақсы ат, беделді есімді мұра қылған бақытты ұрпақ. Өзіміз «Жетімдер үйінде» өспесек те, тірліктің қиыншылығын қалың кешіп, табанымыз тілімденген ауылда қоңыр тіршілікпен жетілдік…

Бәлкім, осы себепті ескеріп, бауырым Мұқа, замандастық жарты сөзіме құлақ салсаң болар еді. Қазақтың ауылының Ата заңы да, қадір-қасиеті де, салт-дәстүрі де, болмыс-бітімі де үлкеннің сөзінде, қарияның ғибратында. Жүрегіндегі иман-таразысын жоғалтпаған нағыз қазақтың баласы ақ жаулықты кейуананың, ақ сақалды қарияның алдынан кесіп өтпейді…

Алда-жалда кесіп өткен екен, «жазасын алады», қатесін мойындап, тәубесіне түседі. Сондықтан, танымал тұлғаның жалғасы екенсің, Мұхтар бауырым, ең алдымен, кіммен кеңес құрарыңды алдын-ала елеп-екшеп алғаның мақұл.

«Қазақтың намысын көтеруіміз қажет!» – деген дәйекті уәжіңді басқаға айтпасаң, отыз жылда «беліне байлай алмаған қылышты» егде тартқан тарамыс шағында Жасарал көтере алмайды… «Жылтырдың бәрі – алтын емес», ауызы бардың түгелі – ақылды болмайды…

Жақаң «оқи беретін» данышпан Абайдың 3-ші Қара сөзінде: «…Әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз тартады; әрбір қайратсыз қорқақ, мақтаншақ келеді; әрбір мақтаншақ қорқақ, ақылсыз, надан келеді; әрбір ақылсыз надан, арсыз келеді; әрбір арсыз жалқаудан сұрамсақ, өзі тойымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады…» – дегенін жадыңда жасырғайсың…

Орыстың боданында екі ғасырдан аса уақыт болғанда да, қиналып-қажыған бір қазақ самагон бұрқыраған орысты «бүкіл қазаққа айырбастамаймын!» деп айтпап еді. Елі еркін, жұрты бостан кезеңде адасқан Айсұлу апам айтты, жаңылған Жасарал ағам қоштады…

Махамбет бабам тірілеп келсе, Сырым атам оянып кетсе, шіркін-ай?!:

…Жалғыз ұлының қандай адам болатындығын білгісі келген ханға көріпкелдің: «Ұлыңның ең жақын сырлас досын алып кел!» – дейтін аңыз әңгіме есіңде ме, Мұхтар бауырым?!. Атамыз мұны қаттырақ һәм қатаңырақ айтады: «Итпен құда болсаң, Боқпен тойың өтеді» – дейді…

…Қолқаны күлімсі қапқан сасық той кімге керек?!.

…Қалай болғанда да, мен айтпай тұра алмайтын бір шындық бар, егер осы ақиқат жасырын қалса, барлық тіршілігіміз бен сөзіміз жартыкеш болып шығар еді. Мен, Жасарал ағамыз мен Айсұлу апамыз туралы көп нәрсе айта аламын, өйткені, бір кезде үшеуіміз бір ұжымда, бір тудың астында ниеттес серік, рухтас ағайын болдық, талай әңгіме-дүкен құрдық, сыр бөлісіп, жүрек ақтарыстық. Кең дастарханда ақ көңіл, шалқар пейілімізбен дәмдес-тұздас болған кездер өтті, басымыздан…

Сондықтан, мейлі апам, мейлі ағам болсын – мен туралы қаншама ауыр сөз, қатты пікірлер айтса да, інілік ізетпен кешіруге тырысамын. Үлкендерге ақыл айту – менің ойымда да болған емес, тек ниетім – сабырға шақыру ғана…

Саясат дегенің – сиқыры мол, зардабы зор апиын ғой, есімізді жиып, етегімізді жинасақ, мұнымыздан қазағымыз да ұтылмас. Мүмкін болса, тізе қосып, тізгіндесе жүріп, ұлтымыздың тәуелсіздігі мен қазағымыздың еркіндігін мәңгілік сақтап қалу жолындағы күресте батыл, адал, айнымас, табанды болсақ деймін.

Неге десеңіз, біз қанша жерден жақынымызды жамандағанымызбен, ешкім жақсысын бермейді. Өзімнің апам мен ағайын ағам туралы құпияларым жабулы қазан күйінде қала берсін…

Алаштың ардақтылары Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатовтың замандасы, ақын Файзолла Сатыбалдыұлы Міржақыптың қайтыс болғанын естігенде:

 

«Міржақып өлді деген сөз,

Ішімді өртеп кетті лез…

Дірілдеп жүрек демігіп,

Малынды жасқа екі көз.

 

Қасиет тұтқан Алашым,

Кеңге жайған құлашын.

Намысты қолдан бермеген,

Қайран да менің нағашым.

 

Міржақып пен Ахмет

Нақақтан-нақақ болды шет

Бір уақыттар болғанда

Ақталар орнап әділет.

 

Қиянат кетпес тоқтаусыз

Әділ сөз қалмас құптаусыз.

Күндердің күні болғанда

Міржақып кетпес жоқтаусыз…» – деп, қайғырып-күңіренген екен…

 

…Көзіміздің тірісінде бір-біріміздің қадірімізді білгенге не жетсін!..

 

Қажымұқан ҒАБДОЛЛА,

“Қазақ елі” Халықтық қозғалысының төрағасы

shyn.kz

Тақырыпқа байланысты материалдар:

Серік Сапарғали: “ҰЛТТЫҚ МҮДДЕНІ Әбіләзовтің МАЙШЕЛПЕГІНЕ АЙЫРБАСТАП ЖІБЕРДІҢ, ЖАСАРАЛ!”  http://www.qazaquni.kz/?p=13685

ЖАПҚАН ЖАЛАЛАРЫҢНЫҢ ЖАНАЗАСЫ ШЫҚТЫ, ЖАСАРАЛ-ЖАНБОЛАТ!                  http://www.qazaquni.kz/?p=25608

ЖАСАРАЛ, Жанболат, ВАШИ ОБВИНЕНИЯ РАЗВЕЯЛИСЬ КАК ПРАХ!         http://www.qazaquni.kz/?p=26288

Төлеубек Сейітқалиұлы. «СЕНГЕН ҚОЙЫМ СЕН БОЛСАҢ…»  Жасарал өз халқының тамырына балта шабуға кіріскенін айтуды міндетім деп санаймын.    http://www.qazaquni.kz/?p=26605

АДАМДАРДЫ АЛДАУ ОҢАЙ, АЛЛАНЫ ҚАЛАЙ АЛДАЙСЫҢ, Жасарал?!.    http://www.qazaquni.kz/?p=27936

ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ ҚАРСЫ БАСЫЛЫМДЫ ЖАҚТАП, «ЖАБУЫНАН» АЙРЫЛҒАН “ЖАС АЛАШ…”
http://www.qazaquni.kz/?p=25137

РЫСБЕК пен МАМАЙ ОППОЗИЦИЯ СЕРКЕЛЕРІНЕ НЕГЕ ЖАЛА ЖАУЫП ОТЫР? http://www.qazaquni.kz/?p=27791

 

 



152 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Серік 26 Тамыз, 2014, 22:09

    Қазақ тілін қолдаған 138-дің хатына қол қоюдан қашып, оны кейін «хат жарияланып кеткен соң көрдім» деген бүкіл елді алдаған суайттығы әлемге әшкере болғасын Жасаралдың қоғамда ешқандай да орны жоқ!

    Жауап жазу
  2. Әбдірашит Б. 28 Тамыз, 2014, 13:29

    Қажымұқан інім, «қалам қару емес» деп кім айтыпты? Нағыз қару сол болар. Баяғыда Сейфулиннмен түрмеде бір отырған нарқасқа батыр қазақ оған былай депті: «Мен өлсем өлейін. Сен өлмесең етті – қаламың жүйрік. Жағдайды жеткізсең болашақта мендей жүз қазақ шығар. Ал сен өлсең – мен де жоқ, сен де жоқ» деген екен… Бұл да сол айтпақшы нәрсе ғой. Оны ұқпаған адамнан не сұрарсың?!

    Жауап жазу
  3. Алшын 29 Тамыз, 2014, 22:10

    Әбдірәшит дұрыс айтыпты. Қажымұқан сен азаматсың.

    Жауап жазу
  4. Жанболат 29 Тамыз, 2014, 22:11

    Пырт-пырт дегізіп сындырып тастапты ғой Қажекең Засралды.

    Жауап жазу
  5. Жомарт 29 Тамыз, 2014, 23:46

    Ит сияқтысыңдар сүйекке таласқан, басқа проблема жоқпа еді Жасарал мен Мамайдан басқа? Сендер сүйекке таласқан итше ырылдасып жатқанда, жаулар өз дегенін қылып жатыр…Өй өңкей…

    Жауап жазу
  6. Сейдін Author 30 Тамыз, 2014, 11:03

    «Орыстың боданында екі ғасырдан аса уақыт болғанда да, қиналып-қажыған бір қазақ самагон бұрқыраған орысты «бүкіл қазаққа айырбастамаймын!» деп айтпап еді. Елі еркін, жұрты бостан кезеңде адасқан Айсұлу апам айтты, жаңылған Жасарал ағам қоштады…» міне, Қажымұхан орысқұл Жасаралдың сатқындығын төбесін ойып тұрып дәлелдепті.

    Жауап жазу
  7. патриот 3 Қыркүйек, 2014, 15:32

    Жасарал әр уақытта да сатқын болған Өз мүддесін ғана ойлаған жан

    Жауап жазу
  8. Секен 5 Қыркүйек, 2014, 02:14

    Бұл Рысбек пен Жанболаттың және Жасаралдың үш сатқынның лаңы әлі біте қоймас… Ақша болса, тілі, елімен қосып, өздерін де сата салады бұлар.

    Жауап жазу
  9. Эдик 5 Қыркүйек, 2014, 09:19

    Дұрыс жазыпсың.

    Жауап жазу
  10. Шамурат 5 Қыркүйек, 2014, 16:46

    Казбек Иса мен Жасарал суреттерi maidan.kz caйтында тур.

    Жауап жазу
  11. әріп 30 Қазан, 2014, 00:02

    Асыл текті аргынмын деген сөз артықтау. Арғыннын басқа рулардан айырмашылығы жоқ. Орта жүздің ақыны Ілияс жансугуровтің құлагер поэмасында мынадай жолдар ба, ұмытпасам батыраштың монологы болуы керек: Уа, керей, азған арғы, уақ найман, бойыңда ненің буы қоқырайған, өлді деп қарауылдың бір жылқысы ұрыны қанды мойын таптың қайдан…. Соған қарағанда арғын сол заманның өзінде оңған ру болмаған сияқты

    Жауап жазу
  12. әріп 30 Қазан, 2014, 00:09

    Мына қазақтар шынымен азған екен шынында мыналардың ішінде жастар жоқ деп ойлағым келеді. Өте лас әңгімелер айады екен. Төбе шашым тік тұрды. Бір бірін танымайтын бір біріне адамдар бір адамдар үшін соншам лағынет айту, боқтау біздің рухани азғандығымызды көрсетеді. Бұл адамдарды мен күндері өтіп бара жатқан ағаларымыз деп ойлаймын. Жастар болса тіпті масқара! біздің елдің болашағы күмәнді онда.

    Жауап жазу
  13. орынбек 2 Желтоқсан, 2014, 16:28

    Байыбына бара алмай отырмын. Жасарал дегенді бірінші естіп
    отырмын. Ол кіи, немен айналысқан.
    Қандай адам болса да Бәйдібек деген бауырым аямай барынша
    «мақтауын» келтіріпті. Кінәсі болса сауап болыпты, ақ болса
    обал-ақ.
    Амал қанша мыңның аузына қақпақ болу қиын…
    Сын да керек, садақтың жебесіндей түйреуге «лайықтыларды».

    Жауап жазу
  14. Серік. Қазұлтпат 4 Желтоқсан, 2014, 23:58

    Мұқаңа жоғарыдағылардан гөрі ұлттық мүддеге, қазақ тіліне жаны қас, орыс тілі мемлекеттік тіл мәртебесін берейік деген Жанболат Мамайды жанұшырып қолдап, жақтасып, қазақ тіліне қарсы жұмыс істеген Жасарал Қуанышәлин мен Рысбек Сәрсенбайлардан да қауіп күтуге болады… Бұлар Мұқаң десе жиырылып шыға келетіндер. рысбек ана жылы Шаханов басқаратын “Тәуелсіздікті қорғау” ұйымына басшы бола салғысы келіп, Жанұзақ Әкім екеуі жиналыс жасағанда елдің бәрі Рысбекті боқтап-боқтап, артынан бір теуіп қуып шыққан болатын…

    Жауап жазу
  15. Ғиззат Досжанов 13 Желтоқсан, 2014, 19:14

    Жасарал Қуанышалинды жермен-жексен қылғандарың не? Ол кезінде саясатқа араласып қазақ үшін көп нәрсе істеді. Бәрін тізіп отыруға уақыт жоқ. Екеуміз Қазақстанның «Азат» қозғалысы (1989) мен Республикалық партиясын (1991) құрысқандардың біріміз. Михаил Есеналиев («Азат»-тың ұйымдастырушысы және бірінші төрағасы) оны өзінің орынбасары етіп алды. Осының кара жұмысы көп болды (бәрін тізіп отыруға уақыт жоқ). Жасарал екеуміз істеп щыктық. Осылай жамандау адамды ашындырады: ауызынан бір сөздер шығып кеткен шығар. Бірақ ол өте интеллигент жігіт еді. Ақша үшін солай істеді деп айтуға барғандардың ауызы қисайсын: бәріне шыдадық. Темекіні бір-бірімізден сұрап тартатын да кез болған.
    Бұны екі жылдан кейін көргеніме өкінемін. Дер кезінде арашалау керек еді.

    Жауап жазу
  16. Қолқоюсыз 7 Қаңтар, 2015, 13:12

    Б

    Жауап жазу
  17. Ерболат Қошқарбаев 7 Қаңтар, 2015, 13:16

    Онысы дұрыс емес әрине. Какой то козелға қазақты алмастырғаны. Дегенмен бұл фигураның келелі істері бар екенін де естен шығармау керек. Салыстырмалы теңшеп қараған дұрыс. Қазақ үшін, ұлт үшін шыр пыр болған кездері де жоқ емес. Бәлкім ызаланып әдейі айтқан шығар

    Жауап жазу
  18. Еділ 7 Қаңтар, 2015, 18:12

    Шахановқа шәуілдеп,
    «Шакал кәнден» атандың!
    Әлемге әйгі ақыннан,
    «Саяси бомж» ат алдың!
    маxамбет жасаралды маскара кылып сойып, кажымуканды дурыс колдап шыгыпты. Шындык солай гой!

    Жауап жазу
  19. Болат 7 Қаңтар, 2015, 22:29

    Айтқандарыңа мыйымыз ашып кетті.37 жыл басымызға келсе, бір біріңді ұстап бересіңдер ғой.Мыналарың соның алдындағы репетиция сыяқты. Ұялсаңдаршы!

    Жауап жазу
  20. Аман 10 Қаңтар, 2015, 22:44

    Қазақты адамға санамайтын, сасық «козловқа» бола Қажымұхан бауырымызды балағаттағандарды қазақ деу қиын. Жасаралдың кім екенін, не істеп жүргенін біздер Ақтөбеліктер жақсы білеміз. Иә, кезінде қазаққа пайдалы істер істеді жұртпен бірге, енді сол кезіндегі ісі үшін қазақты сасық-пасық орыстарға таптатқанына көнуіміз керек пе?? Есі дұрыс адам, өз қандастарын таптап жатқан өзге ұлт өкілін, «жүз қандасыма да алмастырмаймын» деген әңгіме айта ма?? Жоқ ағайын, бұлай істейтін тек «құлақ кесті құлдар мен солардың тұқымдары» ғана, мен құл емеспін, ақты ақ, қараны қара деймін, осы арада өліп кетсеңдер де мен, «бір қазақты жүз сасық-пасыққа алмастырмаймын! Әр қазақ менің жалғызым!» Өз туғанын, жалақысы үшін сасық-пасықтан артық көретін адамды мен ҚАЗАҚ деп айта алмаймын! Жасарал сияқты Олжас деген ағамыз да кезінде елге пайдалы істер істеген, қәзір алжасты, алжыды… қазақ деуге ауыз бармайды… Тарих қоқысында қала береді ондайлар!

    Жауап жазу
  21. Қ. Мұқан 19 Қаңтар, 2015, 02:41

    Орыс тілі мемлекеттік тіл болсын деген үшеу Жанболат Мамай, Жасарал Қуанышәлин және Рысбек Сәрсенбайларың да, ақшаға арын да, барын да сатып жіберетіндер ғой, ұлтты, тілді не қылсын олар…

    Жауап жазу
  22. Майдан 15 Ақпан, 2015, 22:44

    Қажымұқанның атынан Қ.Мұқан деп пікір жазған адамда ұят жоқ екен.

    Жауап жазу
  23. Силам 6 Наурыз, 2015, 12:59

    Қажымұқан Ғабдолла дұрыс айтасың, қен тараптаң қаралып жазылған екен сөз жоқ

    Жауап жазу
  24. Қадырғали Мұқан. 7 Наурыз, 2015, 01:15

    Қ.Мұқан деп пікір жазған мен – Қадырғали Мұқанмын. Неге менің пікірімді Қажымұханға теліп жатырсыздар. Жалғыз сол ғана жаза ала ма екен… Одан соң ол біреудің атына жасырынбай-ақ ашық айтып, ашық жазып жүр ғой…

    Жауап жазу
  25. Toktamys 13 Наурыз, 2015, 01:22

    Туысқандар!! Былай болмайды ғой «Төртеу түгел болса төбедегі келеді»- демей ме.Сондықтанда бір- біріңіздің сөздеріңізді тыңдап, балағаттамай сөйлеген дұрыс шығар.Мен бұрын Facebook -қа көп кірмеуші едім. Дәл мынандай бір- бірімізді осынша қорлауға болмайды ғой.Мен- Семейденмін. Найманмын.Алайда, бірде бір қазақтан руың кім- қайдансың- деп сұрап көрмеппін. Сондықтан болар достарым қазақ жерінің барлық аймағында бар. Ендеше, неменеге бөлінеміз, неменеге күл шашамыз бір- бірімізге.»Бесеу бірге болса- бермегенді алады»,- деп,-
    «…өсер елдең баласы..»- болайық!!!!!!

    Жауап жазу
  26. кошпенды. 23 Наурыз, 2015, 20:21

    бұл жерде ұлтшылдық керек емес кім болмасын шындықты айтқан дұрысақшаға сатылмау керек үшеуі декүрескерлер кәзір күреске ешкім қаржы бөлмейді аблязов беріп жатыр рахат мұхтар тб жамандаумау керек ғабдуланікі дұрыс емес орысты жамандамау керек олар аралас көршілер ақшпен бірігіп күресу керек ақша беріп бір бірімізбенқырылыстырып жатыр ауызбіршілік керек

    Жауап жазу
  27. Марат 4 Сәуір, 2015, 20:30

    2003 жылы Қажымұқанды Алматыға лаып келіп адам еткен сол Жасарал еді. Қажымұқан да Жасаралдың артын жалап, аға-көкелеп жүретін жігіт еді. Шын мәнісінде Жасарал Қажымұқанды інісіндей өзіне көп тартып, біраз көмек жасады. Қажымұқан, Жасаралдың арқасында біраз елге танымал болдың, енді келіп айтқан рахметің осы ма? Жігіттік қылық қа жатпайтын нәрсе! Ешқашан пасық, сатқын болма! Жасарал ағаңды сатып, ластап отырған сен кімсің сонда – патриотсың ба?

    Жауап жазу
  28. Серік 14 Сәуір, 2015, 13:45

    Марат, Қажымұхан Жасаралсыз да өз жолын тауып жүретін жігіт. Жасарал біреуге көмектесті дегенді бірінші рет естіп отырмын. Ол тек қара басының мүддесіне ғана жұмыс істейді. Жеке басына жақпады ма, кім болсаң да, Мұхтар Әуезов боласың ба, Мұхтар Шаханов боласың ба, бәрібір, орыстың кәнденіндей шәуілдеп, балағына жармасаады. Шахановты ұнатпағаны үшін, Козловтың талабы үшін қазақ тілін құрбандыққа шалып, 138-дің хатына қол қоймағаны бүкіл елге әшкере болып, масқарасы шыққан жоқ па? Содан-ақ біле бер оның кім екенін.

    Жауап жазу
  29. Ғиззат Досжанов 3 Маусым, 2015, 20:46

    Модераторларға: осы көп талқыландардың енді сақтау мерзімі жеткен сияқты – алып тастау керек, бүкіл қазақ мөлшерінде (басқа мемлекеттердегі даспораларды қосып айтқанда) дау шығара бастады, орнына 6асқа көп талқыландарды қою керек.

    Жауап жазу
  30. ұстаз 9 Маусым, 2015, 02:15

    қазақ тілін қолдауға қол қоймағаннан не үміт, не қайыр?

    Жауап жазу
  31. Модератор 9 Маусым, 2015, 02:20

    Ғиззат Досжанов мырзаға! Көп талқыланғандарды интернет автоматты түрде анықтайды. Ең көбін басты бетке шығарады. Сізге ұнамай тұрған тақырыпты одан кем талқыланғандар көбейіп, оны орнынан ысырып тастағанда ғана басты бетте көрінбейтін болмаса, біз ала алмаймыз. Ал мақаланы өшіріп тастауға болмайды, олай бола қалған жағдайда да оған автордың рұқсаты керек

    Жауап жазу
  32. Қолқоюсыз 5 Шілде, 2015, 03:29

    Пайгамбарымыз айткандай акырзаманнын алдында билик басына куыс кеуде надандар келеди деп.
    акырзаман казактын басына келип калган сиякты

    Жауап жазу
  33. Қолқоюсыз 5 Шілде, 2015, 03:40

    :zhlau: маскара балык басынан шириди

    Жауап жазу
  34. Шәріп 25 Шілде, 2015, 14:12

    Жарайсың, Қажеке!

    Жауап жазу
  35. Алаш 14 Тамыз, 2015, 23:25

    Жасарал Қуанышалиннің де қазақ еліне еңбегі жоқ деп айту күнә. Біз қазақтар тек жаман жағын ғана іліп әкетеміз. Мысалы Оралдағы казактардың көтерілісінде осы Жасарал мен Айсұлу емеспе еді Төстерін оққа қарсы жандарын Қазақ жері үшін Құрбан етуге барды. Ай Қазақтар бір-біріңді таламасаңдар өздеріңнің қандарыңда бар Қасиет ғой. Осы Қасиеттеріңді басқалар пайдаланып жатырған жоқпа ? Қай уақытта бізде ауыз біріктіретін уақыт болады екен? Кемшілік Ханның қызында да болады -демейме атамыз қазақ. Жұдырықтай Күш біріктіретін уақыт қашан болады? И так талан-тараж қылып жатырған жоқпа сіздерді Келімсектер бір-біріңе сүйекті лақтырып иттей ырылдастырып қойған. Біреу айтып еді ххІ-Ғасыр үшінші сорттағы қазақтардың ағыны қазіргі уақыт -деп, сол осындай мақаланы оқысам осы сөз ойыма түсіп кетеді. Мен бәрі осындай деп айта алмаймын,ұлтымды сүйемін.

    Жауап жазу
  36. Айкен 15 Тамыз, 2015, 00:44

    Серік аға дұрыс айтады, өйткені ол Жасаралды жақсы біледі ғой. Иә, Жасарал тек қара басының мүддесіне ғана жұмыс істейді. «Өзіне жеке басына пайдасы болмаса, кім болсаң да, орыстың кәнденіндей шәуілдеп, балағына жармасаады. Козловтың талабы үшін қазақ тілін құрбандыққа шалып, 138-дің хатына қол қоймағаны бүкіл елге әшкере болып, масқарасы шыққан жоқ па? Содан-ақ біле бер оның кім екенін».

    Жауап жазу
  37. Молдабай Ержанов 23 Тамыз, 2015, 16:20

    Казактардын репрессия кезинде неге ен коп кырылган халык болганын енди тусиндим! Сталин байгус кайтсын, мынадан кеиин? Ешкайсысынын конилин кигысы келмеген дэ!

    Жауап жазу
  38. Серік 7 Қазан, 2015, 01:36

    Қуаныш МҰҚТАЙ аға Жасарал бейшараның масқарасын шығарыпты ғой. Әркімге, қызындай журналистке қолын шығарып жүрсе, көше қатынынан бетер екен ғой… бұл Козловқа бола қазақты сатып кеткен сатқын

    Жауап жазу
  39. Перизат 27 Желтоқсан, 2015, 21:08

    Мына жерде пікір жазғандар ұрысқақ әйелдер секілді. Ауыздарына не келсе соны айтып отыр. Оқудың өзі ұят екен. Шығып кетейін. Он күнәнің тоғызы тілден дегенді ұмытпаңыздар.

    Жауап жазу
  40. Әнипа 7 Маусым, 2016, 01:40

    БІРІҢДІ, ҚАЗАҚ, БІРІҢ ДОС, КӨРМЕСЕҢ – ІСТІҢ БӘРІ БОС. АБАЙҒА ТОҚТА, АҒАЙЫН,

    Жауап жазу
  41. сәлим 12 Маусым, 2016, 13:15

    Қажымұқан деген бұл жігіт Орал қалалық мәслихатқа депутат болғысы келііп, тізімде тұрды. Кейін Уральская неделя газетінде ол туралы нақты деректермен мақала шықты да, ертеңіне ол кандидатурасын қайтып алды. Қаршадай қазақ қызын 5 жастағы зорлаған, түрмеде отырған болып шықты. Енді міне, аңқау елге армаза молда болып жүр. Мұны оралдықтар ұмытқан жоқ.

    Жауап жазу
  42. Сая 19 Шілде, 2016, 23:12

    Қажымұқан бәрін тура жазған!

    Жауап жазу
  43. Сәду 19 Шілде, 2016, 23:16

    Иә, дұрыс айтасың, Сая. Қажымұқан Ғабдолла Жасаралдың қазаққа жасағаг сатқындығын әшкерелегесін Жасарал өзінің белгілі әдетімен Қажекеңе жала жабуды ұйымдастырды

    Жауап жазу
  44. Жаңаөзендік 22 Қыркүйек, 2016, 00:15

    Біреуге ақыл, сын айту түкке тұрғысыз оңай шаруа Қажымұқан, қазақша айтқанда қаямды шайнамай жайыңа жүр. Бұларды ел болашағы үшін біріге жұмыстанады деп жүрсек қатынөсек қуып кетіпсіңдерғой. Біреуге мін тақпас бұрын өзің не тындырдың ұлт үшін, бла-бла блапыттайсыңда қоясың, бір тиянақты ісіңді көрмедік, әрнеменің басын бір шаласыңда қоясаласың. Егер сол көтерілісті Әбләзов ұйымдастырған болса, Жасарал оның адамы болса Жаңаөзеннен шықпаған болар еді, ал оның төбесінде көрмедік. Ол түгелі Шаханов пен Әубәкіровта қарасын көрсетпеді қанша шақырсақта, олардың қасында Жасаралың «легки вес»қой, тәк ішто қ…ты жемей жайыңа жүр, бізге сыртымыздан жанашыр болмайақ қой. Козловты жақтаса кейбір қазақтардай мойымай, жасымай бар ауыртпалыққа қарсы тұрабілгені үшін болар, болмаса сол орыс келің билікті аударып тасталық деген жоқ, қайта қызбалыққа салынғандарға басу айтатын. Бұл билік ертең көтерілісті Төлешов ұйымдастырған екен десе Жасарал одан ақша алған дейсіңба, жекебасараздығыңа елді айтақтама, барда өзімен сөйлес еркекше, к…ң тұрмаса артыңа ие бол кеудемсоқ неме.

    Жауап жазу
  45. Атыраулық 12 Қаңтар, 2017, 01:56

    жаңаөзендік жағымпаз салдақы! Орысқұл Жасаралдың Қозловтың байлаулы төбеті екенін Козловтың өзі жиында (Ұлтшылдарға қарсы салатын Жасарал мен Айсұлудай торпедоларымыз бар» деп мәлімдегенін, Серік Сапарғали фейсбукта жазды

    Жауап жазу
  46. Серік 12 Қаңтар, 2017, 01:58

    Жасарлдың нағыз екіжүзді екенін қазақ тілін қолдаған 138-дің хатына қол қоймай қашқанынан-ақ белгілі болған.

    Жауап жазу
  47. Дос 12 Қаңтар, 2017, 01:59

    Жасаралға ақша берсең, тілің түгіл еліңді сатып жібереді Козловқа

    Жауап жазу
  48. Сәкен 27 Қаңтар, 2017, 00:38

    Қазақ тілін қолдаған 138-дің хатына қожайыны Козловқа жағымпазданамын деп қол қоймай, қарсы шыққан орысқұл Жасарал!..т Сол үшін оны Козлов: «Менің ұлтшылдарға қарсы қоятын торпедом» дегенін өткенде Серік Сапарғали аға парақшасында жазды.

    Жауап жазу
  49. Адай 27 Қаңтар, 2017, 12:17

    Әй қазақтар, әзір оңатын түрлерің көрінбейді ғой !

    Жауап жазу
  50. Амантай қажы 28 Қаңтар, 2017, 21:23

    Жасарал ит екенін бүкіл ел біледі

    Жауап жазу
  51. Қолқоюсыз 29 Қаңтар, 2017, 19:33

    Жасарал алжыиын деген бе..өзі не былшылдап жүр

    Жауап жазу
  52. Оралдан 29 Қаңтар, 2017, 19:34

    Жасарал алжыиын деген бе..өзі не былшылдап жүр

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*

 aaa aaa aaa aaa aaa aaa aaa aaa aaa aaa Көңіл күй бейнелер авторы: IMKAZ.kz.