Біз Кедендік одаққа түбегейлі қарсылығымызды білдіреміз!

Ертеңгі ұрпаққа бодандық қамытын кигізсек,

екінші Беловеж қайталанбайды!

 

 

Қазақстан халқына, Ел Президентіне!

 

            Бастамашыл топтың Қазақстанда референдум өткізетіні мәлім болғанына біршама уақыт болды. Басты сұрақ Еуроазиялық одақтан бас тарту. Референдум өткізу жөніндегі Алматыдағы алдыңғы аптада өткен дөңгелек стөл барысында Кеденді одақ (КО), Бірінғай экономикалық аймақ (БЭА) тәуелсіздікке тікелей қауіп төндіретіні ресми сандармен тағы дәлелденіп өтті. Осы орайда қоғам қайраткері, белгілі экономист М.Тайжан «алдымен Кеден Одағынан шығу керек» дегенді айтты. Біз, бір топ Керекуліктер, референдумде қоятын мәселелерді, соның ішінде: әкімдердің халықпен сайлануын, азаматтардың барлығы, шеніне қарамай, заң аясында өмір сүруі, т.б. қолдайтынымызды білдіре отырып, сонымен бірге Бірінғай экономикалық аймаққа, Кедендік одаққа түбегейлі қарсылығымызды білдіреміз. Алғышарт КО-шығу керек. Өйткені КО, келесі саты- БЭА бір-бірімен тікелей байланыста. Сөздерімізді дөңгелек стөл барысындағы ресми сандармен жалғастырсақ: КО құрылғалы Беларустың мүше экспорты 22 пайызға, Ресейдікі 28-ге өскен. Ал ҚР керісінше, 30 пайызға кеміген! КО-қа дейін де Ресеймен саудада 0 пайыздық кедендік ставка болатын. КО аясында 92 пайыз кедендік тариф саясаты Ресейдікі болғандықтан, шетел тауарларының бағалары күрт өсіп жатыр. Кедендік салықтардан түскен қаржының 88 пайызы ресей бюджетін, 7 пайызы ғана Қазақстан бюджетін толықтырады. Ал БЭА - ол: ортақ валюта, ортақ т/жол, басқа да тарифтер, ортақ мұнай бағалары, басқа да бағалар. КО сыртқы шекараларын демаркациялау, яғни біз Ресеймен бір шекараның ішінде боламыз деген сөз. Бір сөзбен айтқан КО өзі біздің Ресеймен жұтылып жатқандығымыздың айқын, айғағы, БЭА айтпағанның өзінде. Осыны көруге ой-өрістің кеңдігі қажет емес. Біздің Ресей бодандығына кіріп бара жатқанымызды бүкіл әлем мемлекеттері бақылап отыр. Жоғарыда келтірілген сандарды біліп отырған елдегі де, шеттегі де жұрттың елбасындағылар, кешіріңіздер, ҚР жоғарыдағыдай шарттарда өз тәуелсіздігін өзі өткізіп, жеңіл сөзбен айтқанда адекваттық іс істеп отыр деп ойлай ғоюы нейғабыл! Ел азаматтары, Халайық, Ертеңгі ұрпаққа бодандық қамытын кигізбейік! Біз мемлекет үшін тарихи қауіпті кезеңде өмір сүріп жатырмыз. Бұғып қалып, мәңгілік құлдыққа күмп бермейік, болашақ өз қолымызда! Екінші Беловеж қайталанбайды! Біз барлық жағынан теңдікті қамтамасыз ететін еш одақтан қашпаймыз. Ал бұл интеграция, барлық жағынан өзіне басымдылықты қамтамасыз етіп отырған Ресейге қосылу интегрциясы.             Президент мырза! Ертең еліміз бодандық қамытын шешілместей қайта кие ме, әлде, азат болып қала ма, ұрпақ, болашақ, мемлекет құрдымға кете-кетпей ме, алдымен Өзіңіз жауапты екеніңізді түсінесіз деп сенеміз. Р. Бейсенбай тегі, «Желтоқсан Ақиқаты» РҚБ Павлодар облысы филиалы төрайымы Қ. Нұрбаев, т.ғ.д., профессор З. Агимбаев, «Қазақстан патриоттар партиясының» Павлодар обл. филиалы басшысы А.Тойшыбай, Намыс КЗ жорналы тілшісі, Қ. Набиев, «Аттан» ҚБ басшысы, Ақсу қ. С. Байбосын, жорналшы С. Нұрсила, ақын А. Қаниев, ақын Е. Алдабергенов, жастар белсендісі А. Тоқтасын, уақытша жұмыссыз, Г. Мырзағали студент, Ж. Смағұлов, фермер, Н. Шәкібаева, колледж мұғалімі, Қ. Баязит, теміржолшы, Р. Ғабдығалиев, оператор, И. Сарбалаев, теміржолшы, Т. Рамазанұлы, тіл жанашыры, қоғам белсендісі, А.Қалиева, жұмысшы, С.Қалиев, жұмысшы, Ж. Хамитова, мұғалім, Г. Дүйсенбина, кітапханашы, Ж. Сәрсенбаев, жүргізуші, А. Сәрсенбаева, сатушы Е. Санатұлы, тәуелсіз жорналшы, Г.Сейтқалиева, оралман, Р.Бергенбек, оралман, А.Бергенбек, оралман, Қ. Қырықбай, оралман, Н.Самархан, оралман