Азат ПЕРУАШЕВ: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау - әлеуметтік жаңғыртудың ажыратылмас бөлігі болып табылады.

Азат ПЕРУАШЕВ, «Ақ жол» ҚДП төрағасы, Мәжіліс депутаты:

 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау -

әлеуметтік жаңғыртудың ажыратылмас бөлігі болып табылады.

 

 

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ұсынған «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» Әлеуметтік жаңғырту бағдарламасын талқылаған «Ақ жол» партиясының Орталық Кеңесінің пленумында жасаған  баяндамасы

 

«Ақ жол» партиясы үшін әлеуметтік мәселелердің басымдыққа ие  маңызы бар: біздің сайлауалды тұғырнамамызда белгіленген аса маңызды міндеттердің көбісі (10-нан 6) осы әлеуметтік салаға арналған. Зиялы қауым мен ұлттық кәсіпкерліктің көзқарастарын білдіруші партия ретінде қалыптасқан, «Ақ жол» бизнестің де, жалпы экономикалық дамудың да ақырғы мақсаты ретінде жай ғана ақша табу, баю ғана емес деген принципті қағидаттарды басшылыққа алады. «Ағымдағы жылдың 12 қаңтарында сайлауалды телепікірталастарда «Хабар» арнасынан айтқан сөздерімді мен естеріңізге сала кетейін»:    «Қазақстанның басты байлығы – мұнай, газ, металлдар, немесе тіпті  астық емес. Біздің басты дәулетіміз – біздің ақылды, мейірімді, сұлу және білімді халқымыз. Тек қана табыс түсіру үшін дамитын экономиканың мағынасы жоқ. Бүкіл гүлдердің иісін сезіне алмайсың, бүкіл ақшаны таба алмайсың, барлық сұлу қыздарды сүйіп шыға алмайсың». Гүлдер мен қыздар туралы сөздерім аудиторияны жандандырды, оларды кейін журналистер де дәйексөз ретінде келтірді. Бірақ бастысы олар емес, мыналар болды: «Экономиканың дамуының  миллиондаған адамдардың өмірін жақсартуға, байлар мен кедейлер арасындағы алшақтықты қысқартуға, интеллектуалды біліммен, лайықты жұмыспен және ізгілікті денсаулық сақтаумен қамтамасыз етуге; мыңдаған отбасыларды қолжетімді тұрғын үйлермен және өмірлік перспективалармен қамтамасыз етуге бағытталатын болса ғана мағынасы бар»    Сонымен, «Ақ жол» партиясы экономиканы ең алдымен әлеуметтік дамудың міндеттерін шешудің ең жақсы түріндегі тәсілі ретінде қарайды. Сондықтан мен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевпен ұсынылған Әлеуметтік жаңғырту бағдарламасы сөзсіз өзекті екенін және Қазақстанның бұдан әрі дамуы үшін түбегейлі маңызды, стратегиялық мағынасы бар екенін толық негізбен айта аламын (және де партияның орталық кеңесінің пленумында болған талқылау мұны растап отыр). Әлеуметтік даму адами қажеттіліктерді қанағаттандырудың маңызды ресурсы ретінде тиісті экономикалық деңгейге жетпей мүмкін еместігі анық. Мемлекет басшысы экономикалық табыстар мен қоғамдық игілікпен қамтамасыз ету арасындағы оңтайлы теңгерімді анықтау туралы айтқаны кездейсоқ емес. «Әлеуметтік саланың бүкіл өзгерістері қазақстандық экономиканың даму деңгейіне және мүмкіндіктеріне сәйкес болулары тиіс», - деді ол.   Сонымен көтерілген мәселелердің еліміздегі тек қана әлеуметтік емес, сонымен қатар глобальды экономикалық және саяси үдерістер үшін тұжырымдамалық мағынасы бар, себебі Қазақстанның дамуының базалық мақсаттары мен міндеттерін анықтауға жаңа талаптар қояды, халқымыздың уақыт талаптары мен ұлттық мүдделеріне тиісті жаңа құндылықтар жүйесін қалыптастырады.   «Ақ жол» ҚДП Мемлекет басшысымен келтірілген әлеуметтік жаңғыртудың басымдықтар кешенін елімізде сәтті, әділ және прогрессивті мемлекет құру бойынша мемлекеттік органдар мен қоғамның күштерін өзара толықтырудың аса маңызды тұғырнамасы ретінде дұрыс бағалайды. Осыған байланысты біз әлеуметтік жаңғыртудың басты мақсаты ретінде Н.Ә.Назарбаев ұсынған міндетті: Қазақстанның игілігі мен өрлеуіне қарышты қозғалыстың түбегейлі шарты ретінде жалпыға ортақ еңбек қоғамын қалыптастыруды айрықша қолдаймыз. Президенттің: «Ақыр аяғында, әлемдік өркениеттің барлық құндылықтары, барлық экономикалық және мәдени байлықтар виртуалды қаржы институттарымен емес, адамның еңбегімен жасалады. Сондықтан біздің әлеуметтік жаңғырту саясатының негізіне шынайы өндірістік еңбекті қоюға тиіспіз» деген сөзі  мен үшін тек қана глобальды емес, сонымен қатар жеке тұрғыдан, бизнестегі адам үшін, экономиканың нақты секторынан өкілі ретінде аса ғибрат аларлық болды. Себебі бүгінгі таңда, валюталар мен қаржы жүйелерінің сенімсіздік жағдайларында экономикалық өсімнің ең үздік кепілі ретінде тек өндірістік қызмет бола алатыны анық көрініп тұр. Мәселен, құнның бастапқы өлшемі ретінде тіпті ақша да емес, құнның өзі, яғни нақты өнім, болып шығады. Әлеуметтік жаңғырту бағдарламасының көптеген басқа ережелері – «Ақ жол» партиясының кадрлық негізін құрайтындар ойшыл зиялы қауым мен іскерлік адамдар үшін үндес және жақын екенін атап өту қажет. Парламенттік оппозициялық партия ретінде, сайлаушыларымыздың стратегиялық мүдделері мен базалық құндылықтарының ортақтығын ескере отырып, біз Н.Ә.Назарбаев ұсынған Әлеуметтік жаңғырту бағдарламасын түбегейлі қолдайтынымызды және өз тарапымыздан оны іске асыру үшін белсенді түрде қатысатынымызды мәлімдейміз.  Сонымен қатар, біздің ойымызша, осы бағдарламаға тікелей қатысы бар, оның тиімділігіне әсер ететін, бірақ оны іске асыру бойынша жауапты мемлекеттік органдармен жарияланған жоспарларда әзірше тиісті дәрежеде көрсетілмеген, бірқатар қосымша мәселелерді қоюды қажет деп санаймыз.   1.   «Ақ жол» партиясы әлеуметтік жаңғыртудың маңызды міндеттерінің бірі - еліміздің бай және кедей азаматтарының арасындағы өмір сүру деңгейіндегі алшақтықтың қысқартылуы болуы тиіс деп санайды.   Өкінішке орай, қатардағы қазақстандықтар бұл проблеманы ұзын құлақ арқылы ғана біліп отырған жоқ. Бұның сыртында, Мемлекет басшысы: «Қазақстан объективті түрде орташа Еуропа елдерінің әлеуметтік даму сапасы деңгейіне нақты жақындады... Бірақ біздің азаматтарымыздың тұрақтылық пен игілік жемістерін қаншалықты тиімді пайдаланып келе жатқаны маңызды мәселе болып табылады... Жолдау-2012-де мен Үкіметке нақты тапсырмалар бердім, - және мемлекеттік механизм жұмыс істеп берді. Алайда, мен Жолдауымның орындалу қарқыны мен сапасына қанағаттанбаймын» деп, атап өтті. Бұл нені білдіреді? Менің ойымша, жан басына шаққанда ІЖӨ көрсеткіштеріне қарамастан (еуропалық деңгейге жеткен), еліміздегі шынайы өмірді «еуропалық деңгейде» деп атау қиын. Және оның негізгі себебі – дәл осы кедейлер мен байлар арасындағы үдемелі алшақтықта болып тұр. Бұл алшақтық кәсіпкерлерді жолдан тайдырады және жастарды аздырады, әлеуметтік инфантилизм секілді құбылысқа себепші болады, бұл туралы Президент былай айтты: ол «әлеуметтік жағырту жолындағы айтарлықтай кедергі», себебі «игілікке жетудің алдамшы формуласы – «аз жұмыс істеп, көп табу», «ауадан ақша жасау» және тағы басқаларды абсолютке көтерді». Қазақстандық сарапшылар өздерінің бағалары бойынша (А.Кошанов, ҚР Білім және ғылым министрлігінің экономика институтының әлеуметтік-бағдарланған экономика теориясы орталығының меңгерушісі), децильдық коэффициент (кедейлер табыстарынан байлардың табыстарының артықтығы) бізде 30 (!) есеге жетіп қалды, ал дамыған елдерде ол 5-тен аспайды. Басқа сөзбен айтқанда, біз сырттан қарағандағы ІЖӨ игілігімен  және көрсеткіштерінің еуропалық деңгейге жақын болғанымен, орташа қазақстандық үшін әлеуметтік және материалдық игіліктерге қолжетімділік бойынша біз еуропалықтардан 6 есеге дерлік артта қалып тұрмыз. Осы артта қалушылықты қысқарту, ұлттың әл-ауқатын теңдей үлестіруді қамтамасыз ету «Ақ жол» партиясының пікірінше, министрліктер мен ведомстволар үшін әлеуметтік жаңғырту бағдарламасын іске асырудағы басымдықтардың бірі болуы тиіс. Алайда бұл бірқатар ілеспе міндеттердің шешілуінсіз мүмкін емес.  
  1. 2.      Осынша біркелкі емес (дискриминациялық) табыстардың үлестірілуінің басты арнасы сыбайлас жемқорлық болып табылады. Белгілі экономист К.Берентаевтың бағасы бойынша, жыл сайын паралар түрінде мемлекеттік сатып алу жүйесі арқылы екіден үш миллиардқа дейін доллары кетеді.
Сонымен қатар мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы күшінің аясынан және тиісті бақылаудан жаңа мемлекеттік және квази-мемлекеттік құрылымдарды шығару бойынша беталыс күш алғанын ескерту керек. Әуелі бұл ұлттық компаниялар, жақында  - Ұлттық банк пен әкімдіктер жанындағы Тұрақтандыру қорлары болды, бүгінгі таңда өз ведомстволарын кезекті көлеңкеге әкеткісі келетіндер туралы сигналдар түсуде.  Осы ереженің сақталуы қысқартуға емес, байлар мен кедейлер арасындағы алшақтықтың ұлғайтылуына, әлеуметтік теріс интеграциялау мен қайшылықтардың өсуіне әкеледі; ең бастысы - өнімді еңбек пен еңбек табыстарын дискредитациялауға әкеледі, бұл негізінен «Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына 20 қадам» әлеуметтік жаңғырту бағдарламасының басты идеясына қайшы келеді.    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау, соның ішінде мемлекеттік қызметтің беделін тазарту мен оңалту, мемлекеттік қаражаттың бүкіл операторларын мемлекеттік сатып алу саласына қайтару, сыбайлас жемқорларды қабылдамаудың жаппай идеологиясын қалыптастыру - әлеуметтік жаңғыртудың ажыратылмас бөлігі болып табылады.    3.Осы проблеманың басқа да, үрей тудыратын жағы бар. Заңсыз жолмен алынған байлықтар негізінен шетелге оффшорлық аймақтар арқылы сатып алуды жүргізу, қымбат шетелдік жылжымайтын мүлік пен сән-салтанат заттарын сатып алу жолымен шығарылады.   Сонымен, осы қаражат біздің еліміз үшін біржолата жоғала шығарылады, олар инвестицияланбайды, өндірістік айналымға салынбайды, қосымша құнды құрамайды, жалпыға ортақ өнімді еңбекке қатыспайды. Оның үстіне К.Берентаевтің 2-3 млрд.доллары паралар көлемдері туралы бағалары анық төмен болып көрініп тұр.  Сонымен, «Время» газетінің мәліметтері бойынша  (03.05.2012), «Қорғас» пен «Қалжат» кеден посттарында әрекет еткен сыбайлас жемқорлыққа батқан  шенеуніктердің бір-ақ тобы ҚР-нан шетел компанияларының шоттарына 2 млрд.-қа  жуық АҚШ долларын шығарған  (GELLI HOLDING LTD, CreditSuisseZurich, тек 2008 жылғы 8 қаңтардан бастап 2008 жылғы 19 ақпанға дейінгі мерзім аралығында 28 млн. АҚШ доллары аударылды; JEREM SERVICES INC, Zurich, Switzerland, - 23 млн. АҚШ доллары; MASCON INVESTMENT LTD, RIGA, LATVIA - 43 млн. АҚШ доллары; JEREM SERVICES, Zurich, Switzerland, - 45 млн. АҚШ доллары; CHERAGA GLOBAL CORPORATION, HSBC Bank USA - 46 млн. АҚШ доллары; АМЕК LLC, UNITED STATES OF AMERICA - 1 млрд. 671 млн. АҚШ доллары; және басқалары).   Барлық кезде, министрліктер мен ведомстволардың бюджетті орындауы туралы Есеп комитетінің есебінде мемлекеттік орган өнімді нарықтық бағадан 3-4 есе және одан да жоғары бағамен сатып алғандығы және төлемді оффшорлық аймақ арқылы (бұндай фактілер жеткілікті) жүргізгендігі туралы деректер кездескен кезде – әңгіменің заңсыз (сыбайлас жемқорлық) капиталдың сыртқа шығарылуы туралы болып отырғандығын түсіну қажет. Бұған жоқ дүниені кепілге қою арқылы жалған банктік несиелер бойынша қаржыны Қазақстаннан шығаруды да қосу қажет, бұл жағдайға аты шулы М.Әбілязов маманданған болатын. Осылайша нақты Жалпы Ішкі Өнімнің көлемі шығарылған капиталдар сомасына азаяды және жан басына шаққандағы  тиісті сандар ресми статистикаға қарағанда едәуір төмен болады. Есесіне әлеуметтік алшақтық үлкейеді және экономиканың дамуы мен өнімді еңбек үшін ресурстар қысқарады. Елден капиталдың заңсыз шығарылуын тоқтату әлеуметтік жаңғыртылу бағдарламасының құрамдас бөлігі болуы тиіс деп санаймыз.   4. Нақты әлеуметтік жаңғыртылу әлеуметтік әділдік және тараптардың шынайы теңдігін сақтау принципін қамтамасыз етуді талап етеді, ең алдымен азаматтық және шаруашылық дауларда. Бұл туралы медиация институтын дамыту туралы сөзінің барысында Президент сендіре айтты. «Ақ жол» партиясы үшін әлеуметтік әділдік және азаматтардың тең құқылы болуы мәселелері басым бағыттардың бірі болып табылады. Ағымдағы жылдың бірінші жартысының өзінде Парламенттегі «Ақ жол» фракциясымен газдандыру бағдарламасын жүргізу кезіндегі біздің азаматтардың тең құқылы болуын қамтамасыз ету мәселелері көтерілді (біз бұл бағдарламаға Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарын қосқызған болатынбыз); Ұлы Жеңіске орай еліміздің әртүрлі аймақтарында қаржылай көмек алу кезіндегі Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құқықтарының теңдігі; жоғары оқу орындарына түсу үшін мемлекеттік гранттарды жеңіп алу байқауы кезінде, мектептегі білім алған тіліне қарамастан талапкерлердің тең құқылы болуы; аналардың босануы бойынша жәрдемақы алу кезіндегі жаңа туған сәбилердің тең құқылы болуы және т.б.) Мен айтып өткен мысалдардың өзі ғана бұл салада көптеген мәселелердің бар екендігін көрсетеді. Осыған байланысты, істерді соттарда қараудан бастап және дамудың мемлекеттік бағдарламаларымен аяқтай отырып, біздің азаматтарымыздың іс жүзінде тең құқылы болуын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар кешені әлеуметтік жаңғыртудың маңызды бөлігі болуы тиіс деп ойлаймыз. Бұл үдерістің келесі бір жағы жалпықылмыстық заңнаманы ізгілендіру бағдарламасы болуы тиіс. Бұл алдымен азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндірумен байланысты емес істер бойынша екпінді қаржылық құралдарға аударумен жүргізілгені жөн. Мемлекет басшысының тапсырмалары бойынша экономикалық және шаруашылық құқық бұзушылықтарды декриминализациялау бойынша жүргізіліп жатқан ауқымды жұмыс бар екендігін көрсетті. Бұдан басқа, адамды құрыған қылмыскерге айналдыратын түрмеге қамау мерзіміне қарағанда қаржылай айыппұлдарды өндіріп алу құқық бұзушыға зор тәрбиелік әсерін тигізуі мүмкін. Абақтыға қамалатын «тұрғындардың» батыл қысқартылуы және қаржылай өндіріп алу шараларына бет бұру жағдайы қоғамға қылмыстық психологияның элементтерін енуін қысқартудан басқа, бүгінгі күні бас бостандығынан айыру орындарында отырған тұлғаларға жұмсалатын бюджеттік қаржының айтарлықтай үнемделуіне әкелер еді. Сондай-ақ экономикаға мыңдаған еңбекке қабілетті азаматтардың оралуы маңызды болып табылады. «Ақ жол» партиясы әлеуметтік жаңғырту бағдарламасының аясында жақын арадағы 3-5 жыл ішінде кезең-кезеңмен бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатырған тұлғалардың санын екі есе қысқартуға қол жеткізуді қажет деп санайды. Әлеуметтік жаңғырту бағдарламасына қылмыстық заңнаманы ізгілендіру шараларын қосуды ұсынамыз. 5. Азаматтарды өнімді еңбекке жаппай тарту туралы айта отырып, мемлекет барлық тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ете алмайтындығын және қамтамасыз етпеуі тиіс екендігін есте ұстау қажет. Н.Ә.Назарбаевтың өзі атап өткендей, «...мемлекет – шетсіз-шексіз донор емес, азаматтардың әл-ауқатының өсуі үшін жағдай туғызатын әріптес... Тек осындай жағдайда ғана Қазақстан қоғамы патернализм инерциясын еңсере алады». Іс жүзінде бұл мемлекеттік емес секторда мыңдаған жұмыс орындарын ашуды, жеке кәсіпкерлікке бұқаралық және жаппай сипат беруді білдіреді. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау түрлерінің басым бөлігі банктік несиелер арқылы жүргізіледі. Сонымен, осы бағдарламалардан негізделген пайда алушылар кәсіпкерлердің өздері  емес, жекеменшік банктер болып табылады. Сондықтан олар тіпті дағдарыс кезінде де тәбеттерін төмендетуге ниет етпейді және пайыз мөлшерлмесін төмендету мүмкіндіктерін тек оларға теңдессіз аяушылық білдіретін жағдайлар негізінде қосымша мемлекеттік қаржы беру арқылы қарастырады. Алайда, бүгінгі күні еуропалық банктердің басым бөлігінде маржа 2 пайыздан аспайды (еркін нарықта тартылған қаржы бойынша), ал отандық банкирлер тіпті мемлекеттік ақша арқылы да 5 пайыздан төмен түсіргілері келмейді, әдетінше одан да көп алғылары келеді. Қайта өңдеу саласындағы орташа 10-15 пайыз рентабельділік жағдайында кез келген өндірістік бизнес қазақстандық банктен 12-18 пайызбен несие алып, іс жүзінде тәуелділікке түседі, ол несиені төлеп бітіргенше тек банк мүддесі үшін жұмыс істеуге мәжбүр болады, тіпті одан да көп уақыт болуы мүмкін. Кәсіпкердің өзіне тек күнелтуге тура келеді. Осындай жағдайларда жаңа бастаушы кәсіпкерлердің өндірістік секторға жаппай кіруі аса перспективті болмайды. Бұның сыртында, «Сандж» қорының зерттеулері көрсеткендей, банктерде несиелерді алудың өзі кәсіпкерлерді жиі бопсалау және кемсітумен байланысты. «Ақ жол» партиясының  осы тақырып жөнінде депутаттық сауалы бойынша  ҚР Ұлттық банкі есеп беру саласында тәртіп орнатудан өздігінен бас тартқаны және көкейге қонымсыз жазбамен жауап бергені айғақ болып тұр. Дегенмен, Президенттің «...әлемдік өркениеттің барлық құндылықтары, барлық экономикалық және мәдени байлықтар виртуалды қаржы институттарымен емес, адамның еңбегімен жасалады» деп айтуы тек әдемі сөздер емес, өндіріс пен қаржы институттары арасындағы жаңа, барынша әділ және баланстандырылған қатынастарды қалыптастыруға үндеу  деп ойлаймын. Банктердің тәбетін шектейтін және қаржы қызметі нарығы тұтынушыларының заңды құқықтары мен мүдделерін қорғайтын, өндіріс пен қаржылық институттар арасында қарым-қатынастың әділетті балансын қалыптастыратын түзетулерді дайындап және заңнамаға енгізу қажет. Сонымен бірге, бұл шаралар тек кәсіпкерлерді ғана емес,  сондай-ақ тұтынушылық және ипотекалық несиелер бойынша мыңдаған қарыз алушыларға әсерін тигізуі мүмкін, яғни кең ауқымды әлеуметтік нәтиже  алады. «Ақ жол» партиясы бұл шараларды әлеуметтік жаңғыртылу бағдарламасына қосуды ұсынады. 6. «Ақ жол» партиясы социумның ұлттық құраушысын дамыту бойынша жұмысты санайды; ауылдық елді мекендердегі тұрмысты және әлеуметтік нысандарды жаңғыртуды (мектеп, аурухана, спорт және мәдени мекемелер), ауыл жастарының қалаға бейімделуін, урбанизация үдерістерін басқаруды, тіл саясатын жаңғыртуды, халықты мемлекеттік тілді меңгеруге тартуды, Қазақстандағы басқа да этностардың  тілін және мәдениетін дамытуды және қолдауды әлеуметтік жаңғыртылудың маңызды бөлігі деп санайды. Әлеуметтік жаңғыртылу қоғамның рухани өмірінде болып жатқан үдерістерді есепке алуы, мемлекеттің зайырлы сипатының және білім жүйесінің нығаюына, экстремизм мен діни радикализмді қоғамның қабылдамауына  кепілдік беруі тиіс.

            Экстремизм теңсіздік, әділетсіздік, жұмыссыздық және өмірлік перспективаның болмауы түріндегі әлеуметтік алғышарттары бар жерлерде пайда болады. Президент ұсынған «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты әлеуметтік жаңғыртылу бағдарламасы бұл талаптарға нақты баламаны беріп отыр. Біздің міндетіміз – осы конструктивты парасатты іске асыру.

www.qazaquni.kz