Валюта бағамы USD: 312.76 | EUR: 331.08 | CNY: 45.53

Ринат ЗАЙЫТОВ: ҰЛТАРАЗДЫҒЫН қоздырмайық деп, ҰЛТАРАҚҚА АЙНАЛЫП БАРАМЫЗ…

– Ринат, сені айтысқа енді шықпайды деп естідік…
– Иа, мен айтысқа  енді шықпаймын деп шештім. 
– Айтыстан кетемін деген шешіміңе не мәжбүр етті? Әлі бергеніңнен берерің көп еді ғой?

– Ешкім де ешқандай жағдай да мәжбүрлеген жоқ.  Бұл менің өз қалауым. Біреулер бергеніңнен берерің көп деп ойлайтын шығар. Ал мен өз басым олай ойламаймын. Маған қазір шығармашылық түрде өсу керек қой.Қарапайым ғана мысал, Масляковтың КВН-інде балл жазып отыратын бір адам отырады. Соның айтқанына қарап КВН-нің кез келген артық-кем тұстарының  бәрін айтады ғой. Бұл «сіздердің орындарыңызға жаңа буын келеді, келу керек. Сіздер уақытында кетіп, өсуіңіз қажет» деген секілді. Сол сияқты біздер де айтыс ақындары басқа бағыт іздеуіміз керек қой. Өмір бойы айтысып жүре алмайсың ғой? Қандай айырмашылық бар отыз жасыңда  кеттің не айтыстан қырыққа келгенде кеттің не? Мен азды-көпті он жыл айтысыппын. Енді өзімді басқалай сынап көргенім дұрыс болар.
– Мыңдаған айтыссүйер ағайынның сүйіктісіне айналған Ринат Зайытовты енді халық сахнадан көрмейтін болады ма?
– Жоқ, сахнаға шығамын. Бірақ айтысқа емес. Жүрсіннің айтысына емес.
– Жүрсін Ерман жақында баспасөзге берген сұхбатында «Ринатты енді айтысқа ұзақ уақытқа дейін шығармаймын» деп еді. Осы сөз айтыстан кетуіңе себеп болмады ма?
– Менің айтыстан кетем дегенім Жүрсіннің сұхбаты шықпай тұрып-ақ белгілі болған. «Құланның қасуына, мылтықтың басуы дәл келді де». Мен Жүрсіннің сұхбатын да, Бауыржанның мақаласын да оқыдым. Әлі күнге ешкімге тіс жарып ештеңе демедім де. Демеймін де. Шындық үндемегендігімен шындық. Сонысымен қымбат. Кейін бәрі белгілі болады ғой.
– Сол сұхбатта Жүрсін Ерман «Ринат келісіп айтысады, Жәмиғамен айтыс дегенде шықпады» дейді…
– Жәмиға сол айтысқа келетін болсын, келмейтін болсын мен Аалыға қарсы дайындалдым. Және жақсы дайындалдым да. Өзіме-өзім солай серт қойғанмын. Ол айтысыма еш өкінбеймін . Ал менің суырып салмалығыма ақындар да, халық та әлдеқашан бағасын берген. Менің жаттанды айтыс жайлы берген сұхбатымнан кейін, алдағы Дінмұхаммед Қонаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған айтыста ақындар жеребені сахнадан суыратын болады.
– Бұл жағдай айтыстың деңгейін көтереді деп ойлайсың ба?
– Жақсы болсын жаман болсын, енді ақындар келісіп алып айтыспайтын болады. Халыққа жаттап келгенін айтып, спектакль қоймайды. Сахнадағы айтыскер ақындардың айтқанына имандай сеніп, әулие көретін халықты алдауға болмайды. Ал енді,  Ринат Зайытовтың айтысқа шықпағанынан айтыс дамып кететін болса, мен оған титтей де ренжімеймін , қайта қуанамын.
– Аалы Тұтқышывпен болған айтыстан кейін «Зайытов ұлтараздығын қоздырды» деп айыптай бастады…
– Қырғызстанда  қазақ азаматын жанұясымен бауыздап кетеді. Ол ұлт араздығын қоздырмайды. Жақында үйленем деп жүрген қазақтың жап-жас жігітін Ыстықкөлдің жағасында ұрып өлтіреді. Ол ұлт араздығын қоздырмайды. Бұндай жағдайлар санай берсек жетеді. Ал Ринат Зайытовтың Аалымен айтысы ұлт араздығын қоздырады екен. Біз «ұлт араздығын қоздырмайық, ұлт араздығын қоздырып алмайық» деп ұлтараққа айналып барамыз.
– Аалымен айтысыңа қазылар тең деген баға қойды. «Әттең қазақтың намысы кетіп барады-ау» деген өкініш өзегіңді өртемеді ме?
– Жоқ , оны мен кетірген жоқпын ғой. Оны сол айтыста баға берген қазылар ойласын.
– Азды-көпті он жылдай айтысыппын дейсің. Сол кездерде «әй мына мәселені айта алмай кеттім-ау» деген сәттерің болды ма?
– Жоқ, болған жоқ. Себебі, мен айтпасам да, басқа елу шақты ақындар бар, солар айтты. Жеріне жеткізіп тұрып айтты. Ақыннан сөз қалмайды ғой. «Ақыннан сөз қалған ба?».
– Болашақта айтыс қандай деңгейде болады деп көз алдыңа елестетесің?
– Үстіне май жинап алып, ырсылдап күресіп жататын жапондардың сумоистерінен қазақ ақындарының қай жері кем. Немесе фонограммамен екі өлең жазып алып, бір клип түсірген «жұлдыздардың» ақындардан қай жері артық? Ақындар олардан биік тұрмаса төмен тұрмайды. Мен болашақта қазақтың әрбір ақыны абыройлы болса деп тілеймін. Жоқ дегенде Сүйінбайдай қадірі болса.
– Айтыстан кеттің. Енді әнші боласың ба? Әлде жүргізуші боласың ба?
– Балаларыма жақсы әке болайын деп жүрмін. Болашақта көре жатармыз кім боларымызды.
– Сұхбатыңа рахмет.


Сұхбаттасқан Оңғар Қабден

Маса.кз


Осыған ұқсас:

276 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Ақтөбе 1 Сәуір, 2014, 22:59

    Мен өзімді сенің орыныңа қоямда, ойланам! Ия мен азамата болсамда сен сияқты «БАТЫР» болатынмын ғой. Әтен-ай!,,,,,

    Жауап жазу
  2. Ақтөбе 1 Сәуір, 2014, 23:11

    СЕН БАТЫР АДАМСЫҢ! МЕН БІРАҚ; АУЫЛДА ОТЫРСАМДА РИЗАМЫН САҒАН! ӘЙТЕУІР БІР АДАМ БАР ЕКЕН БІЗДІ ТҮСІНЕТІН! ЖАЛПЫ ҚАЗАҚҚА АЙТАТЫНЫМ ҰЛТЫМЫЗДЫ ЖОЙМАЙЫҚШЫ: ӨТІНЕМ! Халқым «ОЯН ҚАЗАҚ»-дегендей! Ринат сияқты уақытында оянайық!АЛҒА ҚАЗАҚ!

    Жауап жазу
  3. ЕЛИМ ДЕГЕН АРУ 2 Сәуір, 2014, 06:36

    Ринат дурыс айтасын. Бас пайданды ойла. Сен тугил басшы ,министр,акимдер де мына жалганда бас пайдасын ойлап жатр. Кангыган казакты ким ойлап жатр

    Жауап жазу
  4. Ауезова Гулзейнат 2 Сәуір, 2014, 20:03

    Ринат ага журттын созин нагыласыз арким казирги заманда ен ауели оз камын ойлауы керек онердин кай саласында журсениз да алла тагала сизге жар болсын

    Жауап жазу
  5. Жас педагог 3 Сәуір, 2014, 19:29

    Ринат аға! Сіздің айтыстан кеткеніңіз қандай өкінішті. Сіздей ұлтжанды азаматтар кәнекей көп болса! Жоғарыда пікір жазған қарындастар өзіңнің қамыңды ойла депті. Сонда барлығы өз қамын ойласа ұлттың, елдің қамын кім ойлайды. Коп жастарымыздың жүрісі анау, өз тілін ұмытып, өз дінін, сал-дәстүрін сатып. «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамдықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, алланың сүйген құлының бірі боласың» деген Абай атамыздың сөзі ойыма келді. Ринат ағам сізді адамдықтың қарызы үшін жүрген адам деп білімін! Алланың Сүйген құлы деп білемін. Алла жар болсын! Аллам бәле жаладан сактасын!

    Жауап жазу
  6. Малшы адам 3 Сәуір, 2014, 22:57

    Ой жарайсың «жас педагог»! Ризамын саған! Ринат бауыр аман болсын!

    Жауап жазу
  7. Қазақ 5 Сәуір, 2014, 01:11

    Қазақта ҰЛТЫМ егілетін, жыры боп төгілетін азаматтар бар әлі. Олардың бірі- РИНАТ

    Жауап жазу
  8. Кожамсейтов манарбек 5 Сәуір, 2014, 02:00

    Ринат ага жарайсыз, мен сiзге оте рзамын.
    Аллах тагалам жар болсын.

    Жауап жазу
  9. Жалел Назерке 5 Сәуір, 2014, 15:27

    Ринат ага дурыс айтасыз. Бiрак бул создердi шын конилмен айтынызба? Алтын корсе перiште жолдан таяады деген. Казакты жамандаганыз бекер емес шыгар. Бирак шын конилмен айтсаныз ризамын сiзге. Казак елi сорлы халык!

    Жауап жазу
  10. Малшы адам 5 Сәуір, 2014, 22:19

    Ау көке! Мына Жалел Назерке! Менің ойымша, әрбір адам, яғни әрбір пенде өзінің САНА СЕЗІМІМЕН қабылдап және ойлайды. Ал менің ойымша Ринат бар шындықты айтып отыр. Бірақ біздің ҚАЗАҚТА шындықты айтатын адам аз ғана, яғни санаулы ғана, ал біз ҚАЗАҚ соларды қәдірлей алмаймыз ғой.РИНАТ менде сен сияқты азаматтың бірімін. Сені қолдаймын!

    Жауап жазу
  11. ЕРКИН КАППАР 6 Сәуір, 2014, 15:58

    Шындык ашы болады кашанда БАУЫРЫМ РИНАТ ЖАРАЙСЫН ертема кешпа акикат шыгады АЛА жар болсын саган каткан боктын исси сасыиды

    Жауап жазу
  12. жумахметов Жалгас 6 Сәуір, 2014, 16:06

    ЖАРАИСЫН РИНАТ

    Жауап жазу
  13. ОРИК 6 Сәуір, 2014, 16:07

    ЕРКЕКСИН РИНАТ

    Жауап жазу
  14. Назерке 7 Сәуір, 2014, 07:29

    Қазақ қашанда сорлы,солай болып қала бередi де! Ешқашан Қазақ елi дамымайды парахор үкiмет,басшы болған жерде.

    Жауап жазу
  15. Қолқоюсыз 8 Сәуір, 2014, 22:20

    Қазақ елі сорлы болмай қайтсін. Анадай төбемізде кім қарсы шығады екен деп аңдып тұрса. Әділдікті жақтап шыккан адамдарды сөздің ашығы қырып жойған…АЛЛА ТАҒАЛАМ Ринат аганын амандығын берсин… ИНШАЛЛА бугин болмаса ертең әділдіктің туы желбірер, кімнің кім екені айқын білінер.

    Жауап жазу
  16. амиржан 8 Сәуір, 2014, 23:17

    селеметсизбе

    Жауап жазу
  17. Бану 9 Сәуір, 2014, 00:43

    АЙ, ҚАЙДАМ?! РИНАТ СИЯҚТЫ 1932-1933 ЖЫЛДАРЫ ІЛЯС. СӘКЕН, БЕЙІМБЕТ ЖӘНЕ Т.Б. АЗАМАТТАР КЕТКЕН «ШЫНДЫҚТЫ АЙТЫП» СОЛ ӘДІЛДІККЕ ЕШКІМ ЖЕТПЕЙДІ. ӨМІРДЕ ӘДІЛДІК ЖОҚ. РИНАТ БАУЫРЫМ ӨЗІҢДІ ОЙЛА, СЕН ХАЛЫҚҚА КЕРЕК АЗАМАТСЫҢ! УАЙЫМДАМА, ҚАУ ӨСЕККЕ СЕН БЕ, ОЛ АЙТЫЛАДЫ. БІРАҚ СЕН НАҒЫЗ АЗАМАТСЫҢ! АЛЛАДАН СҰРАЙМЫН СЕН СИЯҚТЫ АЗАМАТТАР КӨП БОЛСЫН! МЫНА ЗАМАН ДА

    Жауап жазу
  18. Бағила 10 Сәуір, 2014, 10:45

    Ринат бауырым аман бол ризамын саған.Халықтың мұңын жырлаған нағыз бетке тұтар ақын сен деп білем.Сенің айтқан әрбір сөздеріңе айызымыз қанып, қуанып отырамын.Бәрекелде алланың назарында бол.Жарайсың!

    Жауап жазу
  19. Ә. Ержантегі 10 Сәуір, 2014, 13:08

    Азаматсың Ринат! «Турасын айтқан туғанына жақпайды». Сенің қалыпқа сыйуың қиындау. Қалыпқа сыймайтын, әділ, арлы қазақтар көп болса ғой шіркін! Бар бол, НАР қазағым!

    Жауап жазу
  20. Абылай 10 Сәуір, 2014, 17:19

    Бәрекелді,Ринат,сен сияқты намысшыл азаматтарымыз көбейе берсің.Иә,Біз «ұлт араздығын қоздырмайық, ұлт араздығын қоздырып алмайық» деп ұлтараққа айналып барамыз,- деген сөзіңе 100% қосыламын.

    Жауап жазу
  21. ӡамӡа 14 Сәуір, 2014, 22:52

    Алла колдасын сiӡдi Ринат!

    Жауап жазу
  22. Қазыбек ИСКАКОВ 15 Сәуір, 2014, 17:06

    Ринат жақсы айттың. Қазіргі айтыстың көріністері мәз емес. Барлығының мақтайтыны ҮКІМЕТ басы. Қара халықты қорғап шындықты шырылдап айтқан бірінде көрмейсің. Мен де ақынмын. Айтыскер емес, жазба ақынмын.
    Көресіңдер, әлі, менде шындықты айтармын талай. Күмәнін болса достар, жақында шыққан «Бір күндік бұл дүние» өлеңдер жинағы кітабымды алып оқыңыздар. ЕСІМІМ ЕСІҢДЕ БОЛСЫН!

    Жауап жазу
  23. аноним 15 Сәуір, 2014, 18:29

    Ринат ага өте жақсы айттыныз!!! ризамын, бирак енди абай болыныз, өйткені халықтың кемшілігін ашық айтқан ақындарды жол апаты немесе қайғылы оқиға деп жылы жауып қоя салады, ашығын айтқанда өлтіріп кетеді!!! саулық тілеймін ага, жарайсыз

    Жауап жазу
  24. алик 17 Сәуір, 2014, 08:45

    Ринат ЕРКЕКСІҢ.Біз сенімен біргеміз.Әттең…

    Жауап жазу
  25. батырбек 22 Сәуір, 2014, 01:24

    ринат жарраисын аман бол, ринатаи акын жок казирги кезде

    Жауап жазу
  26. Қолқоюсыз 25 Сәуір, 2014, 21:19

    Нагыз еркек нагыз халкынын намын жеген казiргi заман Суйiнбайы

    Жауап жазу
  27. Динара 5 Мамыр, 2014, 10:11

    Аман бол жерлeс

    Жауап жазу
  28. Шынар Жунусова 7 Мамыр, 2014, 10:58

    Негизи елимизге шындыкты айтып отыратын бир адам болу керек .Ринат сизди тек бир аллатагалм колдасын .

    Жауап жазу
  29. Ерекен 8 Мамыр, 2014, 20:19

    Елиннин мунын жоктап журген азаматсын гой аман бол! Уакыт отер, заман озгерер бирак сендей улдын багасы аскактай беретини даусыз. Ойткени сен халкыннын акынысын, айтпесе сарай жагалаган «акындар» жетерлік кой.

    Жауап жазу
  30. Абылайулы Нариман 9 Мамыр, 2014, 00:42

    Ринат ағамыздың айтқанынан кейін қазақ әлі ұйқыда жүр.Сонау Махамбет пен Исатай аталарымыздан бері ОЯН ҚАЗАҚ деп шуылдап жүр елін ойлағандар,ал қазақ ұйқыдан басын көтермес.Ринат ағамды да өлең шумақтарына қостым Заманның шындығы деп аталады.https://www.youtube.com/watch?v=h5X0xXzbZgs

    Жауап жазу
  31. аманкул 25 Маусым, 2014, 00:27

    жарайсын ринат

    Жауап жазу
  32. semey 11 Тамыз, 2014, 14:59

    Bul tarixi okiga -37-38 juldarmen salusturyga bolatun. Nebir batursumaktardun aityga ryhu jetpegen ashhu chunduktu churuldatup tyrup aitkan Rinat,sagun sunbasun,kalamunda kancha kazaktun kanu,janu tamchulap agup tur

    Жауап жазу
  33. шолпан 29 Тамыз, 2014, 21:21

    Шындык кашанда шындык алла сызге жар болсын…

    Жауап жазу
  34. Ержан 24 Қыркүйек, 2014, 08:44

    Ринат сен тамаша айтыскерсин сен сиякты айтыскер акын жок казак даласында саган Абайдын басын берген енди саган Жамбылдын жасын тилеймин жарайсын

    Жауап жазу
  35. Азамат Хожанов 18 Қазан, 2014, 17:19

    Туар деп журдик гажап кун.
    Астында калдык мазактын.
    Досы боп калдык азаптын.
    Мандайынан атамыз.
    Ким камын жесе казактын.
    Озгени издеп кушканбыз.
    Казакка казак душпанбыз.
    Бир Танир боп бас урып сыйынатын.
    Кайсар улы казактын Ринатым

    Жауап жазу
  36. Жунис Гулнур 3 Қараша, 2014, 17:14

    Базар жок.Ринат агага ризамын.шындыкты букпесиз айтады.биздн казакка бундай айтыскер бундай ер керек ак.егер сондай ердин кадирин билетн жамагат болса.колда барда алтыннын кадири жок диди гой.кин кеткен сон осындай еди деп отырганнан не пайда барында кадирлемеген сон.

    Жауап жазу
  37. Серикбек Бота 20 Желтоқсан, 2014, 17:04

    Иа, кара казагымнын осындай азаматынын бары куантады-ак. Елди сорлаткан тойымсыздардын ащы да болса шындыгын айткан, «Елим» деп шырылдаган Ринаттай агамыздын амандыгын естип бир маркайып калдык…

    Жауап жазу
  38. конти 21 Желтоқсан, 2014, 13:25

    Ринат мен сизди колдаим оте дурыс айттыныз казир куни кун емес бишара казак коп аман болсаныз 100 жасаныз сиздей казак ери коп болсын сизге тискен адам букил халыктын каргысына калады сизди букил халык жане мен жаксы коремин.

    Жауап жазу
  39. Қолқоюсыз 23 Желтоқсан, 2014, 12:22

    жарайсын ринат

    Жауап жазу
  40. Армани 9 Қаңтар, 2015, 22:00

    Ринат Зайтовка бирдене болса дейсиндер Жастар жане Казакстандыктар Елбасынан корыкпайсындар ма А так канша биздин Казакстандык мыкты мыкты мен деген азаматтарымыз олип кетти неден?

    Жауап жазу
  41. толкын.к.с 17 Қаңтар, 2015, 17:59

    Ринат жарайсын!Семейликтер тек шындыкты айтады.Сол ушин Семейдин адамдарын жактырмайды.Орыстар айтадыгой.Правда в глаза колит деп сол шындыкка кейбир адамдар шыдамайды.Менде Семейликпин

    Жауап жазу
  42. Шарбат 17 Қаңтар, 2015, 23:57

    Иа биз Семейлiктер отiрiк жагымпазданбаймыз ура Семейлiктер жасасын

    Жауап жазу
  43. Адиль 5 Ақпан, 2015, 21:51

    Ринат Зойытовты отирик айтпасам 7-ши класстан танимын жане айтыстарын жиберми корем,тек шындыкты айтады оган халыктын кози жеткен и оз орыны бар казирги 21-ши гасырдын нак акыны. Алга жерлес тек алга, Алла тагала казак деген ултымызга осындай Ул бергениме куаныштымыз.

    Жауап жазу
  44. Nazipa 5 Ақпан, 2015, 22:32

    Jok beisembek agani eki jyzdi emes

    Жауап жазу
  45. бауыржан 18 Ақпан, 2015, 01:11

    ринат иним дурыс жасагансын айтыстан кетип сенин айткандарынды теледидардан толыктай жеткизбейди халыкка монтаждап кыйып тастайды сенде халыкка жанын ашыган жансын анау шыгыс ониринен менде халыкка жаным ашыган жанмын мынау батыс ониринен биз айтканмен жогарыда отырган агаларымыз халыктын жагдайын ойлайтын адамдар емес копке топырак шаша алмаймын бар шыгар жагдайын ойлайтын агалар .Биракта халык наразы казирги танда билик окилдерине Бул шындык

    Жауап жазу
  46. ойан казак 20 Ақпан, 2015, 18:54

    кайран калкым тагыда неше жыл сорлайтынымызды кым былсын рйнат бауырым аман болгайсын алла жар болсын

    Жауап жазу
  47. Бейсен 28 Ақпан, 2015, 10:57

    – Мыңдаған айтыссүйер ағайынның сүйіктісіне айналған Ринат Зайытовты енді халық сахнадан көрмейтін болады ма?
    Осы сөз айтыстан кетуіңе себеп болмады ма?
    Сол кездерде «әй мына мәселені айта алмай кеттім-ау» деген сәттерің болды ма?
    Қазбек, мына Ринатпен сұхбаттасқан жігіт қайда оқыған?
    «Болады ма?» дегенді қайдан шығарды? Ақылыңды айтарсың.

    Жауап жазу
  48. Қолқоюсыз 4 Наурыз, 2015, 16:16

    Ринат жигит екенсин

    Жауап жазу
  49. Н.Т.К. 4 Наурыз, 2015, 16:34

    Байлыкпенен туспедин дуниенин жолына.Касиетти казагымнын домбырасы колында.Арбир баскан кадамына кызганган.Кей наданды тенеймин тек сорлыга.

    Жауап жазу
  50. Ж.Т.К. 5 Наурыз, 2015, 12:58

    Жалпы қазіргі ел басқарудың барысына талдау жасап отырып, біз осы ел бола аламыз ба? Қазіргі саясат қазақтардың жойылуына негіз қалап отыр. Елде жаппай жүгенсіздікпен тәртіпсіздік белең алған. Дамып келе жатырмыз деген сөздерімен өзімізді-өзіміз алдап жұрміз.Шындықты айтқан адамның сөзінен қоғамға пайдалы жағын алудың орнына оның артынан май шам алып түсіп, соңында өлтіреміз немесе жынды қылып түрмеге жабамыз. Мысалы Ринат Зайытов мәңгі тарихта қалатынына сенемін ол халықтың жоғын жоқтап биліктің кемшілігін бетіне басты. Оған бюст орнату керек.

    Жауап жазу
  51. жазира 6 Наурыз, 2015, 20:11

    Ринатты журсин ерман умытканмен оны халкы умытпайды.болар жигит оса агамыздай болганы жон.улги алар агаларымыздын бири.

    Жауап жазу
  52. Алсерке Ибрахим 13 Наурыз, 2015, 11:25

    ОТКЕН ГАСЫРЛАРДАГЫ АКЫНДАР ТАРИХ ТОРИННЕН ОЗ ОРЫНДАРЫН АЛДЫ. КОПКЕ ТОПЫРАК ШАШУГА БОЛМАЙДЫ , БУГИНГИ ТАНДАГЫ АКЫНДАРДЫН ИШИНДЕ МУЛДЕМ АТТАРЫН АТАУГА ТУРМАЙТЫНДАРЫ КОБЕИП БАРАДЫ. СОНДЫКТАН РИНАТ БАУРЫМ СИЯКТЫ, ШЫНДЫКТЫ ХАН ДЕМЕИ, КАРА ДЕМЕИ, БЕТКЕ АЙТАТЫН , АКЫНДАРДЫ ИРИКТЕП АЛЫП ХАЛЫКТЫН АЛДЫНА ШЫГАРСАН ,КАЗАКТЫН КОЗИ АШЫЛАДЫ. СЫРТЫМЫЗДЫ ЖАЛГАН НУР ЖАЙЛАГАН , ИШИМЗДИ, ШЕР, МЕН МУН ЖАЙЛАГАН КЕЗЕНДЕ, ХАЛЫККА КЕРЕГИ ШЫНДЫК, СОНДЫКТАН ЖАЛГАН АКЫНСЫМАКТАРДАН АУЛАК БОЛУЫМЫЗ КЕРЕК. АКЫНДАРДЫН АЛАНЫНА ЖУРСИН ЕРМАННАН БАСКА ЖУРЕГИ ТАЗА АЗАМАТ КЕРЕК.

    Жауап жазу
  53. аманбай 25 Наурыз, 2015, 00:00

    халкымыз оянган екен ринаттай жигиттер кобисин

    Жауап жазу
  54. Сағадат 31 Наурыз, 2015, 15:21

    Былғаныштың ішінде жүрмегені де дұрыс шығар

    Жауап жазу
  55. абашов жанибек 31 Наурыз, 2015, 23:24

    ассаламуалейкум Ринат коке сизди мактан тутам

    Жауап жазу
  56. ҚАНАТ АХМЕТЖАНОВ 11 Сәуір, 2015, 16:24

    РИНАТ ЗАЙТОВТЫРН КЕУДЕСІНЕН ШЫҚҚАН СӨЗДЕРДІ,ОЙЛАҒАН ОЙЛАРЫН,КӨЗБЕН КӨРІП,ЖУРЕГІМЕН СЕЗІНГЕНІН МЫНА ТОПЫРЛАП ЖУРГЕН ТОП-топ АҚЫНСЫМАҚТАРДЫН ТАНАУЛАРЫНА ИІСІДЕ БАРМАЙДЫ… АЛҒАН БЕТІҢНЕН ҚАЙТПА АЛДЫ АРТЫҢДА ҚАЗАҚ ДЕГЕН ХАЛҚЫҢ БАР ЖАСЫМА ТЕК АЛҒА ЖУРСІН ҚАРТАЙДЫ ҒОЙ НЕ ДЕМЕИДІ САҒАН ХАЛҚЫҢ СЕНЕДІ ШЫҒАТЫН КЕЗДЕ ШЫҚ АЙТАРЫҢ БОЛСА АЙТ

    Жауап жазу
  57. Қолқоюсыз 13 Сәуір, 2015, 14:30

    ПІКІР ДЕГЕН

    Жауап жазу
  58. Н.Т.К. 10 Мамыр, 2015, 14:08

    Ринат акын туспедiн дуниенiн сонына
    казагымнын касиеттi домбырасы колында
    Арбiр баскан кадамынды кызганган
    Надандарды тенеймiн тек сорлыга.

    Жауап жазу
  59. Баке 13 Мамыр, 2015, 16:02

    Ринат заказбен айтатын акын

    Жауап жазу
  60. аян 5 Шілде, 2015, 14:59

    коздеринмен кормей жатып, акикатын билией жатып оттай бермендерш… ауыздарыннан жаксы соз шыксашы… олди дей бергенше умитин актамайсындар ма… одан кейин билик жаман деп копке топырак шаша бермендер… бес саусак бирдей емес… казакка жаны ашитын атпал азаматтар бар али де жогарыда…азшылык копшиликке багынад демекши жалшыздын уни, жаяудын шаны шыкпайд. кеше гана оз козиммен кордим айтыста… жаттап айтыспайды… шындыкты ашык айтады… алайда кишкене оркокирек адам екен… балгынбек, болатбек, ирангайып, сырым сиякты кишипейил емес екен… кол берип амандасып, сухбаттасканына пыскырмайды… сол кемшилигин байкадым… оны да актамандар, биликти даттамандар, журсинди мактамандар…

    Жауап жазу
  61. Еркебулан 13 Қыркүйек, 2015, 00:55

    Елимиз аман !!!журтымыз тыныш болсын !!! Агайын.коп кумандар.арине Ринаттай азамат аман болсын!!! Брак осы кунине Аллага шукир де казак.баримиз бирдеймиз.мадинетти улгили журт болайык халхым.келер урпакты ойлайык!!!

    Жауап жазу
  62. бұрынғы модель қарт Қыпшақ 16 Қазан, 2015, 13:52

    Ринат. біреудің бауыры, біреудің бүйрегі, біреудің жүрегі, біреудің бар мүшесі, біреулердің тілі яки ұлттың жаны,біреудің ағасы, біреудің идеалы Ринат. Жарайсың, жампозым. Жалпы, жұрт қазір де ақ-қараны айыра алады. Сұраусыз жатқан қазақ жоқ. Анау мыйы іркіт болған, майбас қырсықтарда ұлт та жоқ. Сондықтан, жұртын ойлаған есті ерді бағалағандарың жөн-ақ.»Аалыны шақыр!» Мінез таныс, бұрынғы қазақтардың ірілігі. Ұлт намысын қорғағаныңа ризамыз, Ринат!Аман бол, сақ бол, бұ тірлікте небір жыртқыштар жоқ.

    Жауап жазу
  63. Айдана 28 Қазан, 2015, 22:32

    Ринат оте жаксы акын.Арине кеткени окиништи

    Жауап жазу
  64. Қаба 1 Наурыз, 2016, 00:43

    Ринат інім «АРҚАЛЫ» суырып салма, бір туар ақын. Оны көрмегендер «көрмес-түйені де көрместің, кебі. Жүрсін алжымай тұрғанда айтыстан құруы керек.

    Жауап жазу
  65. Жанибек 11 Наурыз, 2016, 12:53

    Ринат бауырым сендей ешбир акын шындыкты бетке айтпайды. Коркады. Саспа халык сенимен бирге

    Жауап жазу
  66. найнти ван вахахах 2 Сәуір, 2016, 17:13

    ринат асканга тоскан деген шин екенгой, шамана карап соз сойлеу керек еди, богинмен жасты балдырмен алысып нен бар еди отырык потриод болмай

    Жауап жазу
  67. Ринат ақын емес 10 Сәуір, 2016, 22:55

    БӨРІБАЕВА АЙҒА ҚАРАП ЖҮР МЕ?
    қарамағындағыларды неге жөнге салмайды
    Соңғы кездері облысымызда мәдениет саласы жиі дауға іліне бастады. Тіпті, кейбір әртістер ұжымы сахна аз болғандай саунада өнер қойғаны аян болып, ұятқа қалған еді. Оны жаңа-жаңа ғана ұмыта бастап едік. «Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды» демекші енді міне, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаеваның осы жоғары қызметте облысымызға келіп отырған тұңғыш сапары сынға қалды. Автордың сөзіне қарағанда оған да облыс әкімі бастаған жергілікті билік себепкер болып отырған көрінеді. Жақында «Қамшы» ақпараттық порталы тәрізді бірқатар әлеуметтік желілерде Көкшетаудағы М.Ғабдуллин атындағы облыстық мұражайдың қызметкері Оюлы Қуаныштың «Көкшетаулық шенеуніктер Дариға Назарбаеваны алдап соққан» деген мақаласы жарияланды. Онда автор: «…«…Қош, сонымен Дариға Назарбаева Көкшетауға келеді деген хабар тараған соң біздің Ақмола облысында ала шапқын басталды дейсің бір. Елдің бəрі анау үш тілге қатысты реформа қабылданбаса екен деп уайымдап жүрсе, біздің басшылар соған атсалыспақ ниетте екен. Тіпті қатты тырысқаны соншалық Дариға ханымның өзін алдап жіберген ғой. Дариға нөмірі №2 мектепке бармақ болған екен, біздің сұңғыла басшылар екінші мектептің оқушыларының орнына №3 мектептің оқушыларын отырғызып қойыпты. Отырғызып қойып «биология» пəнін ағылшын тілінде өткізіпті.

    Əй, сабаздарым-ай! Не деген ақыл, не деген ми?! Осы жағдайға байланысты ата-аналар мен ұстаздардың, оқушылардың арасында реніш бар. Кім өзін, болмаса өзінің баласын біреуден кем көреді? Əрине, реніштері орынды»…» деп өзінің пікірін білдірген екен. Жалпақ жұртты дүрліктіріп отырған мақаланы мен де оқыдым. Шынымды айтсам оқып, отырып өзім қатты ұялдым. Қуаныштың мұнысы не екен деп. Ұялған себебім басқа мектептен оқушы тасымалданғанына емес, тырнақ асты кір іздеп, ұсақ сөйлеп отырған мәдениет саласының, Батыр Мәлік ағамыздың киелі ордасы, мұражай қызметкерінің әрі ер азаматтың әлеуметтік желіге өсек таратқанына.
    Осы орайда, маған бір ой келді. Ол бүгінгі таңда мәдениет саласына қомақты қаржы бөлініп, жатыр. Бірақ та, осыны сала қызметкерлері ақтап жатыр ма деген? Осы күні бұл мәселе мені ғана емес, барша ақмолалықтарды да толғандыратыны шындық. Алайда, мәдениет саласы қызметкерлерінің сахнаның емес, әлеуметтік желілердің жұлдызы болып жүргені оларға бөлінген ақшаның текке кетіп жатқанын анық байқатады.
    «Атың шықпаса, жер өрте» демекші, осы мақаланы жазбасы бұрын Оюлы Қуаныш ұсақ сөйлеп, өзінің сауатсыздығын қалың жұртқа әлеуметтік желі арқылы паш еткеннен гөрі, одан да өзі айналысып жүрген айтыс мәселесіндегі шикіліктерді айтпай ма?
    Жақында Ақмола облысы орталығындағы «Көкшетау» мәдениет сарайында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Алғыс айтам халқыма» атты облыстық ақындар айтысы өтті. Оған көрші Солтүстік Қазақстан облысынан да ақындар келді. Осы айтысқа жыр сүйер қазақтың баласы болған соң менде асықтым. Барғаным сол еді, сахна сыртында (закулисами) ақындардың жаттап алғандарын айтып мен былай айтамын, сен былай айтасын деп бір бірімен шүйкелесіп, репетиция жасап жатқанын көргенде көңілім су сепкендей басылды.
    Сонда әлгі айтқан, жұрт мақтап жүрген суырып салма ақындарымыз сахна төріне «заготовка» жасап шығыпты. Тіпті, Оюлы Қуаныш бауырымыз орысша айтқанда «цветы по заказу» өзінің бірге жұмыс істейтін әріптесіне (әйел адам) сахнаға гүл алып шығуды алдын ала тапсырыпты. Гүлге байланысты өлеңді де күні бұрын дайындап қойыпты. Бұдан қуаныштың қарсыласы да хабардар. Ол да осы сәтке өлең жырын алдын ала әзірлеп қойған. Бір сөзбен айтқанда бір күн бұрын барлық ақындар бас қосып, кім қандай заготовкамен келді, кім-кіммен шығады, кім-кімге не айтады деп алдын ала шешіп алған. Мен ақындардың мұнысы не деп жатсам, «сахнаға шыққанда сасып қалмайын деп қамданғандары ғой», дейді әлгі ақындардың сөзін құлағы шалған қасымдағы досым.
    Көп ұзамай айтыста басталды. Мәдениет сарайының залы көрермендерге лық толы. Ине шаншар орын жоқ. Алдымен облыстық мәдениет басқармасының басшысы Сәуле Бөрібаева құттықтау сөз сөйлеп, мәдениет саласын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы майын тамызып айтып берді.
    Одан әрі жүргізуші Мәлік Ғабдуллин атындағы облыстық мұражайдың директоры Құдайберлі Мырзабек бірінші жұпты сахнаға шақырды. Алғашқы болып, көкшетаулық Мұхамед Қонқаев пен солтүстікқазақстандық Аманжол Зағыпар айтысты. Екеуі де тақырыпты ашпақ түгілі мүлдем беттей алмады, тек бір-бірінің жеке басындағы кемшіліктерін айтып, күлкі болды. Сөз арасына ара тұра Құдайберлі араласып ақындарды дұрыс жолға салғандай болады. Ол да сиқыршы сияқты көрермендердің назарын өзіне бұрып ақындардың «заготовкасын» сезіп қалмасын деп алдап бақты.
    Одан әрі бүгінгі мақаламыздың басты кейіпкері көкшетаулық Оюлы Қуанышқа да кезек келді. Сахнаға шыққан ол қарсыласымен сәлемдесе бастап еді. Көп ұзамай әріптесі әлгі айтқан гүлді сахнаға алып шықты. Сол сәтте қуаныш бауырымыз өзінің қарсыласымен айтысудың орнына әлгі гүлге арнап жаттанды өлеңін оқып берді. Бұл сахнада екі ақынның айтысы емес, гүл алып шыққан әйел мен шай құюға келген қызды есептегенде төрт адамның қатысуымен өткен «Бауыржан шоу» театрының әртістерінің әзіл-оспақ қойылымы болғандай әсер қалдырды. Осы күні ақындардың барлығы дерлік жаттандылықтан шыға алмады. Тіпті, кейбірі «келесі кезеңге өттің» деп жүргізушінің айтқан сөзі мен қазылар алқасының шешіміне де келіспей «жаттанды дүнием «заготовкам» бітіп қалды, енді не айтамын» деп дал болған сәттерін көзбен көріп, құлақпен естідік. Ешбір ақын тақырыпты бойлай алмады. Бұл олардың білімінің тайыз екенін тағы бір рет дәлелдеп берді. Шынтуайтына келсек, ақындарымыз бізге тәуелсіздік қандай күшпен және қашан келгенін айта алмайтынына толық сенімдімін. Оған олардың бастағы білімі жетпейді. Оған осы айтыста анық көз жеткіздім. Көптен бері осы туралы жазайын деп жүрген едім. Бүгінгі Қуаныш бауырымның негізсіз сыны осыған сеп болды десем дөп түскендеймін.
    Ал, Қуаныштың жаңағы мақаласына қайта ойыссақ. Мақала соңында ол: «Ал, енді басты мəселе – біз кімді алдап жүрміз?! Жас ұрпақты өтірікпен ауыздандырып жүріп, қалай бетіміз бүлк етпей тəрбие туралы сөз айтамыз?! Сонда Дариға Назарбаеваны қарсы алуға облыстың ығай-сығайлары барған, кім екенін аттарын атап, түрлерін түстемей-ақ қояйын, солардың біреуі осы мəселе туралы жақ ашпағанына налимын. Ел боламыз дейміз, қайдан ел боламыз мына түрімізбен жас баланың көзін бақырайтып қойып көзінше «ойнас жасап» жатсақ. Ұят емес пе?! Күлеміз бе, жылаймыз ба?!
    Осы жазбам үшін жергілікті билік менің де маңдайымнан сипамасын білем! Бірақ үндемей қалуға азаматтық ар-ұжданым жібермеді. Үн қосыңыздар ағайын! Ана тілі оларға керек болмаса бізге керек! Мен баламның мəңгүрт болғанын қаламаймын!», деп жығылып жатып сүрінгенге күлді. Жоғары да келтірген мысалдарды салыстыра келе, ұлғатты ұстаздарымыз емес, ақындарымыз жұрты, өнер сүйер қауымды, айтыс тыңдармандарын алдап отырғаны айдан анық. Мұны оқып отырған оқырмандар да толық келіседі деп ойлаймын. Жаңағы мектеп оқушыларының орнына өзге мектептен балаларды тарту қылмыс емес. Вице-премьер ол мектепті тексеруге келсе бір сәрі, жай ғана жұмыс сапарымен танысу болып отыр. Қазақта, «жамандығын жасырып, жақсылығын асыр» деген аталы сөз бар. Кез-келген адам сырттан келген қонаққа бар жақсылығын көрсетіп, бағуға тырысады.
    Ал, ақындарымыз болса, айтысқа ақша төлеп барған тыңдармандарын көздерін бақырайтып қойып алдауда. Алдап қана қоймай өздерін «светой» санайды. Соңғы жылдары Көкшетауда екі сөздің басын қосып сөйлем құра алмайтын, интернеттен өлең ұрлайтын «бау кеспе ұры» ақындар көбейіп кетті. Сондықтан оларға бюджеттен бір тиын да ақша бөлудің қажеті жоқ. Олар айтысты өрге емес, көрге сүйреуде. Ал, арамызда біреуге жөнсіз сын айтып, мәдениет саласының мәдениетсіздігін көрсетіп жүрген адамдарды көргенде тіпті іштей қынжыласын. Осыны көре тұра, біле тұра облыстық мәдениет басқармасының басшысы Сәуле Бөрібаева айға қарап жүр ме қарамағындағыларды неге жөнге салмайды деген сұрақ туындайды. Қашанғы мәдениет саласы қызметкерлерінің сауатсыздығы мен масқарасына төзе беретін боламыз?
    PS: Осы орайда, кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екенін оқырмандар өздері шешеді. Оқырмандар өздері баға береді. Кім болса да, ауыз менікі деп, оттай бермей, жөнімен сөйлегені абзал. Әсіресе, мәдениет саласында жүргендер мәдениеті болғаны жақсы болар еді. Осы уақытқа дейін ақындардың жаттандылығына көз жұмып келдім. Дұрысталатын шығар деп. Дегенмен, семіздікті қой ғана көтере алады. Бүгінгі Қуаныштың сөзінен кейін қолыма қалам алып, бар сырымды ақтаруға тура келді. Айта берсең, жаза берсең мәдениет саласында былық көп, онымен халықтың санасын Қуаныш сияқты улағаннан ештеме ұтпаймыз.
    Амангелді Әубасаров, зейнеткер ұстаз.
    Ақмола облысы.

    Жауап жазу
  68. Султан 19 Сәуір, 2016, 14:42

    шындыкка жуйрик же тп е иди гой бауырлар

    Жауап жазу
  69. Болат 21 Сәуір, 2016, 17:54

    Шындық шіркін қай кезде тəтті болып еді,
    Ащы дəрі баспайма бар дертіңді. РИНАТ МЫҚТЫ АЛЛА ӨЗІҢ ҚОРҒА.

    Жауап жазу
  70. Қолқоюсыз 12 Желтоқсан, 2016, 21:53

    :aaa:

    Жауап жазу
  71. Қолқоюсыз 21 Қаңтар, 2017, 19:39

    «Манглик Ел» – Абай Айткан Казаксын,
    Намысым «Бар», Бирак Менде Казакпын.
    Бул «Зынданнан» КАЗАК Мени «Шыгармас»,
    «Ултарагы» «Шыгыс» пенен » Батыстын».

    Жауап жазу
  72. Таке 26 Наурыз, 2017, 11:40

    Ринат кокиректеусин гой. Артык кететин жерлерин бар.!

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*

 aaa aaa aaa aaa aaa aaa aaa aaa aaa aaa Көңіл күй бейнелер авторы: IMKAZ.kz.