Валюта бағамы USD : 333.53 | EUR : 392.1 | CNY : 50.4

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Қазыбек ИСА. АТА ЗАҢДЫ ӨЗГЕРТПЕЙ, ТІЛДІ ҮЙРЕНУ – СУҒА ТҮСПЕЙ ЖҮЗУДІ ҮЙРЕН ДЕГЕНМЕН БІРДЕЙ…

АУЫЛДЫҢ  КЕЗ-КЕЛГЕН ҚАЗАҒЫ БІЛЕТІН ОСЫ АҚИХАТҚА  АҚОРДАДАҒЫ  ЕРТІСБАЕВТЫҢ МИЫ ЖЕТПЕСЕ,  ҚАЛАЙ ПРЕЗИДЕНТКЕ КЕҢЕСШІ БОЛЫП ЖҮР?!.

Ұлы ақын Қасым Аманжоловтың 100 жылдығын тойлап, Қарағандыдан келіп, үйге кірген бетім еді, телефоным шырылдады. «Әлеу» дегенімде ар жақтан: «Қасым Аманжолмын» деген дауысты естіп, аңырып тұрып қалдым. Сәлден соң барып, белгілі тележурналист інімізді танып: «Қасым Аманжолдың 100-жылдығынан  келгенде Қасым Аманжолдың хабарласқаны қызық сәйкестік болды ғой»,- деп, күлісіп алдық. «Стан тв» телеарнасынан келіп отырған тәуелсіз журналист Қасымның алғашқы сұрағы: «Елді шулатып жатқан ұлт зиялыларының үндеуінің мәтінін сіз жазыпсыз. Әсіресе, Конституцияның 7 бабының 2-ші тармағын алып тастау туралы талап елдің көптен күткен қадамы еді…»-деген   сөз болды…

 

ЕЛДІ ЕКІГЕ БӨЛГЕН, ЕЛБАСЫ САЯСАТЫНА ҚАРСЫ  ЕРТІСБАЕВТАРҒА ЕЖІКТЕЙТІН ЕРЕЖЕ

     Иә, мемлекеттік тіл мүддесін қорғап,   елге белгілі зиялылар түгелге жуық қол қойған Ашық хат қоғамда зор сілкініс туғызды.  Бұл Ашық хат Тәуелсіз елдің 20 жылдан бергі темір төзімінің шегіне жеткендігін көрсетеді. Тіл туралы заңнан бері есептесек, 22 жыл! Осы уақытқа дейін шыдаған елге  біздің шет тілді отандастарымыз көп алғыс айтуы керек. Мен бұл жерде шет тілі деп Ресей мемлекетінің тілін айтып отырмын. Ашық хатқа әрқайсысының артында жүздеген мүшелері бар көптеген қоғамдық ұйымдар басшылары қол қойғанын есептесек, қолдаушылардың саны он мыңдаған адамға жетіп қалатыны анық. Қол қою жалғасуда. Оған көптеген өңірлерден хабарласып, атсалысушылар қарасы күннен күнге молайып келеді. Әр аудан орталығының өзінен қол қоюшылар саны 2-3 мыңға жетіп жатқаны қуантады. Қорытындысы 25 қыркүйекте Алматыда өтетін Мемлекеттік тіл мерекесінде айтылады.

Ал енді ел неге шулап жатыр? Қарапайым жұрт қуануда. Ал  мемлекеттік тілге миы жетпесе де, мемлекеттік қызметте отырған қазақтар бастаған орыстілділердің ой-өресі төмендері  жанталаса қарсылық жасауда. Мемлекеттік тілге, яғни мемлекеттік мүддеге қарсылық жасайтын мемлекеттік қызметкерлер әлемде тек біздің Қазақстанда ғана жазаланбайды, қайта қолдау көреді…  Негізі ел Конституцияда атап көрсетілгендей, 7 баптың 1 тармағында жазылғандай, «Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деген бап неге орындалмайды? Оның орнын орыс тілі туралы 2-ші тармақ неге заңсыз басып алады?»- деп шулау керек еді, 20 жылдан бері… Енді ғана, қазақта ғана болатын темір  төзімнің өзі сыр бере бастағасын бас көтеруде. Онда да бұл қазақ тілінің ертісбаевтары есіп жүрген билікке де, болат- жармаханы, алдамжаровы бар алдамшы оппозицияға да, бибігүл-қыдырәлілері қыдырып жүретін өнер өкілдеріне де керек емес екенін, тек намысты  зиялылар мен қалың қазаққа, Асылы Осман, Клара Хан секілді асылдарға ғана керек екеніне көзі жеткесін…  Ал 7 баптағы 2-ші тармақ Ашық хатта да, талай мақалаларымызда да атап айтылғандай, Конституциялық Кеңес дәл анықтап бергендей, «Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады» деген сөз – «Орыс тілі ресми тіл болып табылады» деген сөз, яғни, статус емес. Яғни, Орыс тілі екінші мемлекеттік тілдің қатарында бола алмайды. Бұл  Конституциялық Кеңестің Парламент депутаттарына берген ресми жауабы, қосымша қаулысы.. Ал бұл Атазаңның 7 бабы, 2-тармағына  берілген соқырға таяқ ұстатқандай анықтама Ертісбаев секілділерге ежіктеп түсіндіретін ережеге айналса, ол заманның ғана емес, қоғамның ғана емес, екі жердегі екінің неше болатынын түсінбей ешкікөзденген ертісбаевтардың сауатсыздығының  айқын дәлелі. Қоғамды екіге бөліп отырғандар, Президент кеңесшісі айтқандай,  Конституциялық мемлекеттік тілдің орындалуын талап етіп отырғандар емес, қайта сол ертісбаевтар. Сонда қаншама айтулы академиктер мен әйгілі ғалымдар, қайраткер-қаламгерлер, білімдар зиялылар Ашық хатқа  қол қойғанда, ежіктесең де ережені түсінбейтін кеңесші Ертісбаевпен  «кеңесуі» керек екен де… Дәл осы 7 баптың 2-ші тармағы  егер Конституцияда жазылмаған болса, Ресей тілінде сөйлейтін Қазақстанның  мемлекеттік тілге миы жетпейтін министрлері мен әкімдері ғана емес,  мемлекеттік қызметкерлері ғана емес,  кез-келген қарапайым азаматтары да мемлекеттік тілді  баяғыда біліп алар еді. Елбасы Жолдауларында айтылғандай, қоғам  мемлекеттік тілдің айналасына бірігу үшін, Тіл туралы мемлекеттік бағдарлама мен «Ел бірлігі» доктринасы талаптары орындалуы үшін  ең алдымен осы 7 баптың 2-ші тармағы алынып тасталуы тиіс. Ертісбаевтың арандатушылық сөздері ең алдымен Елбасының осы тіл саясатына қарсылық болып табылады. Өйткені, Атазаңды өзгертпей,  тілді үйрену – суға түспей жүзуді үйрен дегенмен бірдей…Ауылдың кез-келген қазағы білетін осы ақиқатқа Ақордадағы Ертісбаевтың миы жетпесе, қалай Президентке кеңесші болып жүргеніне таңым бар?!. Мысалы, өзгелерді қайдам,  мен Ертісбаевты ешуақытта өзіме кеңесші қылып алмас едім… қанша жалынса да…

Бұл жерде ертісбаевтарды алаңдатып тұрған елдің жағдайы емес. Ең алдымен Конституцияны, Конституциялық Кеңес жауабын түсінбегені былай тұрсын, мемлекеттік тілге миы жетпейтін өздерінің және балаларының тағдыры. Егер бізден басқа өзін сыйлайтын кез-келген мемлекеттердегідей, мемлекеттік тілді білмесе, мемлекеттік қызметке алынбаса,  ертісбаевтарға еш жерде ешкім жұмыс бермейді, жеке фирмаларда болмаса… Ресей тілінде сөйлейтіндердің ең басты қаупі осы, ел қамы емес… қарабастарының қамы. Ашығын айту керек, Мәдениет министрлігінің мемлекеттік тілдің мүддесін қорғаған заң жобасына қарсы шыққандардың көбісі орыстар не өзге ұлт өкілдері емес, өзіміздің орыс тілді қазақтар. Қарсы шықты деген  5 мыңға жуық адамның көбісі таңнан кешке дейін компьютерде отыратын мемлекеттік тілге миы жетпейтін мемлекеттік қызметкерлер. Және олардың ішінде  бір өзі бір-екі сөзін өзгертіп, көптеген пікірлер жазатын  тролльдарға айналып кеткендері де жетеді. Сонда біздің Мәдениет министрлігі қарап жүріп, үркіп жүрген 5 мыңы 500-ге де жетпей қалады… Оның үстіне ол пікірлердің бәрі тек қана қарсы пікірлер емес… Бұл туралы  Жанұзақ Әкім жақсы дәлел келтіреді: «Егер Астанадағы шенеуніктердің (қатардағылардан бастап Премьер мен Президенттің көмекшісіне дейін) компьютерлерін екі күнге сөндіріп тастаса, заң жобасына қарсылар 70%-ға азаяды. Қалған  20% – ол болашақта оқырмандарынан айырыламыз деп қорыққан орыстілді БАҚ иелері. Бір тәулікте бес мың қол жинаған осылар. «Күшік асырап, ит еттім, ол өзімді қапты»- деген осы. Жауды шеттен іздеудің қажеті жоқ! Ресейдің Сыртқы Істер министрлігі, тағы басқа ресми органдары ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. Бұл заң жобасына Ресейдің ешқандай қатысы жоқ. Бұл заң жобасының Қазақстанда тұрып жатқан орыстарға да қатысы шамалы. Себебі мемлекеттік қызметкерлердің 90% қазақтар. Бұл заң жобасы осыларға арналған. Ресейді құбыжық жасаудың қажеті жоқ! Президент Конституцияның кепілі ретінде және мемлекет қауіпсіздігіне жауап беретін бас қолбасшы ретінде заңның орындалуына қарсылық жасаған шенеуніктерді жазалап Конституцияның қағидаларының іске асуын қамтамасыз етуге тиіс.» ( www.qazaquni.kz )

Иә, Президент мемлекеттік мүддеге қарсы шығып, арандатушылық әрекет жасағандарды жазаласа, ең алдымен өзінің кеңесшісі Ертісбаевтан  бастау керек. Осы жерде  егер тірі болса,  биыл  49 жасқа толатын   мемлекет және қоғам қайраткері Алтынбек Сәрсенбайұлының Ертісбаев туралы ертеде айтылған сөзін келтіре кетуге болады:  «Президентке дос емес, жау іздеп жүрген кеңесшіден Алла сақтасын дегеннен басқа не айтуға болады. Меніңше, мемлекет басшысына саяси жағынан арандататын адамның түкке керегі жоқ, керісінше, Президенттің қасында ұлтты ұйытуға, қоғамды топтастыруға шама-шарқы бар адал адамдар жүруі тиіс. Оның үстіне, қазіргідей алмағайып заманда жау іздеудің ұпай әпере қоймасы және анық. Саясатта қара көрсеткеннің бәрінің бойынан күдіқ іздеу, қандай да бір белсенділік танытқан қоғам мүшелерінен себепті-себепсіз жаулық көру, ел арасынан дұшпандық іздеу бұрын да болған, бірақ, түптеп келгенде,сондай жағдайлардың ақырының орны толмас өкінішке, қайғы-қасіретке ұшырап келгенін тарихтан жақсы білемін…»- депті саясаткер осыдан 9 жыл бұрын… Сонда оншақты жылдан бері тек арандатудан басқа іліп алар ісі жоқ Ертісбаевтан басқа Президентке кеңесші болатын  сауаттылау адам табылмаған ба деп таңғаласың…  Тіпті Ертісбаевың өзінің нан тауып отырған  ең негізгі жұмысына – Президент кеңесшілігіне жауапсыздықпен  қарағанының айқын көрінісі – қоғамда сілкініс тудырған осы зиялылардың үндеуін оқымаған да… Өзінің сауаты жетпегесін, анау айтты-мынау айттымен Президентке жауапсыз да, сауатсыз ақпар бере салуға   бола ма? Егер оқыса, «хатты президент пен премьерге жазбайды, парламентке жазу керек еді. Оған олардың сауаты жетсе…» деп қарап тұрар ма еді… Ашық хат парламентке де арналғанын, онда қос палатаның да төрағаларының аты-жөндері жазылғанын сауаты бар мектеп оқушыларына дейін біледі, тек мемлекеттік тілге миы жетпейтін Президент кеңесшісі Ертісбаевтан басқа… Сондықтан да ол «қатаң шаралар» (строгие меры)  дегенді «крайные меры» деп «түсінген». Міне, бұл жерде тағы да қайталап айтамыз, білдей Президент кеңесшісін масқараға ұшыратып отырған ең алдымен Конституцияның 7 бабының  2-ші тармағының кінәсі зор. Ол болмаса, баяғыда ертісбаевтарың есіп сөйлеп отырар еді қазақ тілінде… Мемлекеттік тілге жетпеген миларын ауыстырудың керегі болмайтын еді  экс-министр ыдырысовтарға… ( «Ана тіліне миы жетпегендер қалай министр болады?» www.qazaquni.kz)  Ертісбаевтың өзінің бүкіл елге әшкере болған сауатсыздығын білмей, Үндеу авторларын, әйгілі тұлғаларды  «сауатсыз» деуі… кешірерсіздер,  маймылдың маралды сұрықсыз дегеніндей екен…

Ал мемлекеттік қызметкерлердің 95 пайызы ең болмаса, демалыс сұрап, арыз жазуға сауаттары жетпейтінін Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне реформа жасауға кірісіп кеткен Әлихан Бәйменов мәлімдеген болатын… Сонда мемлекеттік  тілде нан сұрай алмайтындар мемлекет тағдырын шешетін мемлекеттік қызметтерде мемлекеттік тілге – мемлекеттік мүддеге қарсы қызмет етіп  отыр…  Қорқынышты емес пе, сіздерге… Ендеше, осыған жеткізген Конституцияның 7 бабы 2 тармағын тезірек алып тастау үшін Үндеуге үн қосыңыз!..

«Неге мемлекеттің ақшасына шығып жатқан, немесе үкіметтен мол тендер алатын «Казахстанская правда», «Литер», «Мегаполис», «Время», «Караван», «Экспресс К», т.б. басылымдар мен интернет порталдар мемлекеттік тіл мүддесін ауызға алмайды? Сынауға бар да қолдауға жоқ. Мемлекеттік тілге қарсы шығып, арандатушылық мақалалар басатын «Мегаполис» секілді басылымдарды қаржыландырудан бас тартатын кез әлдеқашан жетті»-деп Үндеуде айтылғандай, қойған қолынан айныған 3-4 жалтаққұлға  бола  қол қоюшылардың бәрін тап бір әлдекім алдап соғып, орға түсіргендей етіп көрсетіп жатқан басылымдар бар. Дамбалсыз «демократ» Ерғалиеваның  сайты осылай деп, «Почему затлел языковой костер?» атты мақала жазыпты. Бірақ елдің басым пікірі мемлекеттік тілді қолдауда екенін ол сайттың сауалнамасы да жасыра алмапты, құдайға шүкір…  «Как вы относитесь к инициативе исключения статуса русского языка как второго официального языка в Казахстане?» деген сауалға қатысушы 600-ге жуық адамның 497-сі, яғни, 90 пайыздайы «қолдаймын» деп жауап берген. Яғни, біздің Үндеуді қолдайды. Осы жерде сайттың сауалы да сауатсыз екенін айта кету керек. Өйткені Конституцияның 7 бабы 2-ші тармағы орыс тіліне екінші ресми тіл статусын бере  алмайтынын Конституциялық Кеңес айқындап берген.

       Осы мемлекет мүддесін қорғаған Үндеуді ең бірінші басуға тиіс «Егемен Қазақстан» газетінен бастап, мемлекет қаржысына шығып жатқан барлық мемлекеттік басылымдар «Казахстанская правда», «Айқын», «Литер», «Ана тілі», «Қазақ әдебиеті», «Түркістан», «Дала мен қала», «Экспресс К» және ресейлік басылымдардың Қазақстаннан қаржыландырылатын қосымшалары түгел жариялауы керек. Өйткені бұл Шаханов бастаған зиялылардың жеке шаруасы мен жеке мүддесі емес, Тәуелсіз Қазақстанның 20 жылдан бері күтіп келе жатқан тарихи да, заңды да конституциялық әділеттілікті талап етуі.

«Біздің тілімізге қарсы шығуға ешкімнің қақысы жоқ. Өйткені Қазақстанның мемлекеттік  тілі -қазақ тілі.  Ал қазақ тіліне  қарсы шықты деген сөз, ол қазаққа  қарсы шықты деген сөз» – дейді заңғар заңгеріміз, Ұлттық Ғылым академиясының академигі Сұлтан Сартаев «Жас қазақ үні» газетіне берген сұқбатында.  Мүмкін, мемлекеттік тілді түсінбейтін,  Ата заңды білмейтін, ата жолды көзіне ілмейтін, Конституциялық Кеңесті тыңдамайтын, Президенттің өзіне қалай болса, солай ақпар бере салатын Президент кеңесшісі Ертісбаев заңгер-академиктің заңдық сауаты туралы да   бірнәрсе айтар…

 

БИЛІКПЕН АУЫЗ ЖАЛАСҚАН ОППОЗИЦИЯ

ҰЛТТЫҚ МҮДДЕГЕ ҚАРСЫЛЫҒЫН КӨРСЕТТІ…

      Қазір Қазақ тіліне қарай жасалған әр қадамды қуана қарсы алуымыз керек. Қандай да шенеунік не саясаткер, не кез-келген ұйым мен жеке азамат болсын, қазақша сөйлеуге тырысса, қазақ мүддесіне болысса, қақпайламай, қолдау керек. «Ақ жол»  нақты қадам жасауда.  Партиялардың ішінде бірінші болып мемлекеттік тілдің рөлін өсіру туралы және Үндеуді  толық қолдайтыны жөнінде Президиум Мәлімдемесін жариялады. «Ақ жол» сөзден іске көшті. Азат  Перуашев сөзінде тұратын істің адамы, іскер саясаткер екенін көрсетуде. Ау, қаптаған мәдениет пен өнер өкілдерінің, зиялылардың, қазақ тілімен нан тауып отырған қазақ жазушыларының, журналистерінің, кейбір қазақ басылымдары бас редакторларының  өзі қашып отырған жоқ па, Үндеуге үн қатудан және қол қоюдан…  «Руханият» партиясы басшысы Серікжан Мәмбетәлин Үндеуге қол қойғанын және саясаттағы әріптес ағалары секілді тайып кетпейтінін  айқын мәлімдеді. Билік партиясы «Нұр Отанда» ұлттық мүддеге келгенде үн жоқ немесе әдеттегідей қарсы шығады.

Біздің орысқұл  биліктен еш айырмашылығы жоқ орысқұл оппозициямыз бар.  «Азат» партиясының жетекшілері жетекке де ерер емес.. кері тартуда… Болат – Жармаханның Конституцияның 7 бабының 2-ші тармағын алып тастауға қарсы болып, қойған қолдарынан тайқып кетуі  олардың шын бет-бейнелерін көрсетеді.  Жоғарыдағы аты аталған саясаткерлер секілді Қазақстан Коммунистік партиясының төрағасы Ғазиз Алдамжаровтың үндеудегі қолынан тайқып кетуіне  немесе мемлекеттік тіл мүддесін шешетін Конституциялық бапты өзгертуден ат-тонын ала қашуына қарап, баяғы кеңестік коммунистік пиғылдан алшақтай қоймағандар Алдамжаров қана емес екеніне көз жеткіземіз.  Әшейінде қазақ тілі туралы мақалалар жазып жүретін Жасарал Қуанышәлиннің қазақ тілін қолдауды талап еткен Үндеуге қол қоюдан бас тартуын қалай түсінуге болады?  Ал осы өздерін оппозиция жетекшілері санайтын саясаткерлер мен Әблязовтың қамқорлығындағы радикал партиялардың, басылымдар мен интернет порталдардың  биліктің сұрқылтайы,  Президент кеңесшісі Ертісбаевпен «үндеушілердің антиконституциялық әрекеті» туралы сөздері мен ойлары бір жерден шығып, билікпен ауыз жаласа қалуын  қалай түсінеміз? Конституцияға реформа жасау керек деп ертелі-кеш жалықпай айтатын М.Әблязов енді неге мәлімдемесінде   мемлекеттік һәм ұлттық мүддені қорғайтын Конституциялық өзгеріс жасауға шақырған Үндеуге  қарсы «азаттықтар» сияқты ертісбаевтың алдына түсіп алып, шабалана  шабады? Олардың ұлттық мүддеге қарсы пиғылдары әшкере болған сайын, онсыз да оңып тұрмаған сайлаушылар алдындағы саяси рәпеттері қандай болады?

Мәжіліс депутаттары  М.Тінікеев, И.Елекеев, Б.Сыздықова сияқты өз тіліне, ұлтына қарсылар бүкіл елге әшкере болуда.  Ал В.Нехорошеев,  Ж.Сүлейменов секілді депутаттар нағыз мемлекетшіл саясаткерлерге тән қайрат көрсетуде… Тіпті, қазақ тілді басылымдардың  тұрақты сынына ілініп жүретін  депутатымыз Т.Бердіоңғаровтың да беті бері оңғарыла бастап, «балабақшалар мен мектептер 100 пайыз қазақша болуы керек» деп жатқанда, И.Елекеевтың«Ақ жол» партиясының Үндеуге қол қойғанына, қазақтың жартысы қырылған зұлмат ашаршылыққа Кеңес Одағы мен коммунистердің кінәлі екендігін   мәлімдеуіне қарсы шығуын мемлекет пен ұлт мүддесіне қарсылық дегеннен басқа не деу керек?

Билік бишігін көтерсе, Конституцияға  бірер минутта қалай өзгеріс енгізе салғанын білмей қалатын  парламенттің қос төрағасы да жарыса жағымпаздықтың үлгісін көрсетуде. Мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджанов енді  мемлекеттік мүддеге келгенде: «Не надо лезть в Конституцию!» деп қалыпты…  Ал Сенат төрағасы  Қайрат Мәми тіпті орыс журналистерін жинап алып, «Парламент биыл да, таяу болашақта да Конституцияға өзгеріс енгізіп, орыс тіліне қиянат жасамайды» деп «ант» беріпті… Ұлт мүддесіне келгенде құлдық саналы Парламент төрағалары Оралдың оралымсыз, Қайраттың қайратсыз екені бұрыннан белгілі ғой… Жалпы, билік «жат» десе – жататын, «тұр» деуді ұмытып кетсе, жата беретін жалтаққұл парламенттен, қазақ тілі мен қазақ мүддесіне қарсылығымен белгілі нұротандық парламенттен  бірнәрсе күтудің өзі күлкілі…  Алда, байғұстар-ай дегенді…  осы біздің депутаттарға қарап айтқан ғой деймін атам қазақ…  Ал «ерлер көп әйел алса, мен де көп байға тиемін» деп парламентте мәлімдеген (біліп қойыңыздар, бізде осындай да депутаттар бар), екі қолы алдына сыймағасын «Екі жұлдызда» ербеңдеп әндетіп жүретін Бақыт Сыздықоваға сөз шығындаудың да керегі жоқ шығар…

Премьер-министрдің орынбасары – Индустрия және сауда министрі Әсет Исекешев бастаған бірқатар лауазымды шенеуніктер шет тілін – Ресей тілін қолдау арқылы  өз тіліне – мемлекеттік тіл мүддесіне қарсы шығуда.  Таразының бір басын бассаң, екінші жағы жеңілдейтінін кез-келген дипломсыз жандар да  біледі. Әділет вице-министрі Дулат Құсдәулетов:  «Қоғамның мүддесі керек қой. М.Шахановтың мүддесі емес. Қоғамның мүддесі болуға тиісті. Иа, ол рас қазақ тілін дамыту керек. Бірақ, оның бірінші жолын табу керек» дейді 7 арнаның сауалына жауабында.  Ресей тілінде аузымен құс тістеген Құсдәулетовтың өз мемлекетінің тілінде шатып-бұтып не айтқысы келгені түсінбедік…Мемлекеттік тіл мүддесі тек Шахановтың мүддесі деген соқыр түсінікте жүріп,  сондай жоғарыда қызмет істеу, Әділет министрлігі басшылығында отырып, әділетсіз сөз айту біздің елде ғана болатын жағдай, мырзалар.

Кеше ғана даңқты әншілерінің қолын Үндеуден көріп, қазаққа болысқан қадамына қатты  қуанған қарапайым халыққа бүгін айнып кеткен Бибігүл Төлегенова апайымыз не дейді? Кеңес Одағының әртісі кеңес кезіндегі қожайын тілі – орыс тілінен айрылғысы келмейтіні неліктен?.. Өзінің орыс тіліне деген адалдығын дәлелдеу үшін баспасөз мәслихатын өткізіп, немерелерімен жасты намысты ұл-қыздардың қарсылығына ұшырап, «дүбара» деген ат алып,  масқара болу, 80 жыл жинаған абыройдан 8 минутта айрылу қандай қасырет еді десейші… Ең ауыры Қазақ бұлбұлы атанған әншіміздің , бүгінде билік “бұлбұлдарының” әуеніне қосылам деп,,   сарай бұлбұлына  айналып кеткенін көру қандай аянышты еді…

Еліміздегі бірінші коммунист Ғазиз Алдамжаровта   да,  бұрынғы қызыл коммунистер, Мәжілісте қазақ тіліне қарсы шыққан Жармахан мен «ұлтты төлқұжаттан алып тастайық» деп, орыс тілінің шашбауын көтерген Болатта да, қазақ бұлбұлы атанған әншіміз, бүгінде билік «бұлбұлының» әуеніне қосылып,   сарай бұлбұлына  айналып кеткен Бибігүл Төлегеновада да, бесіктен белі шықпай жатып, билікке жағымпаздықтан бірінші орынды бермейтін Қыдырәлі  Болманда да баяғы отарлық езгіден қалған құлдық құлқын ұлттық рухқа орын қалдырмаған секілді…

Ал қазақ тілі туралы қазақтардан жақсы айтып жүрген Г.Бельгердің де жеме-жемге келгенде Үндеуге қол қоймағанымен қоймай,  «Қазақ тілін қос қолдап қолдаймын» деген «Айқындағы» айқын пікірінен айнып кетіп, басқаша сайрап отырғаны қалай? Сонда «екі қолдап қолдаудың»  екі жүзділікке  жалғасып кеткені ме бұл?..

 

 

ҰЛТШЫЛ ЗИЯЛЫЛАРҒА ЖАЛА ЖАБУШЫЛАР – ҰЛТҚА ҚАРСЫЛАР!

          Өздерін оппозицияшылдармыз деп көрсеткісі келетіндер ел алдында ұлттық мүддеге қарсы шын мәніндегі пиғылдары әшкере болғасын,  оны қалай бүркемелеу керектігін әдеттегі жолмен айқындап алыпты… Өздеріне қосылмағандарға қолданатын ескі әдістері: «олар биліктің тапсырмасын орындап отыр» деген жала таратуды енді ұлт зиялыларына да қолдануда. «Тіл туралы үндеуді  Шаханов тобы  биліктің тапсырмасын орындап,  негізгі күрделі мәселелерден, Маңғыстау мұнайшыларының ереуілі  т.б. оқиғалардан ел көңілін аударып алып кету үшін жасап отыр», т.б. неше түрлі өсектерді соғуда. Тіпті, тісі саясатпен сарғайған сақа саясаткерлердің ішінде де өзім хабарласқан кейбіреулері  «мен осылай ойлаймын» деп, үндеуге қол қоюдан бас тартуда…  Бұған не дерсің? Сонда олар үшін мемлекеттік тіл мүддесі – мемлекет мүддесі – тұтас  ұлт тағдыры мен намысы екінші, үшінші кезектегі мәселе екен, әйтеуір негізгі емес екен…  Ғасырлар бойы күткен Тәуелсіздіктің ең басты белгілерінің  бірегейі – әркім қастер тұтуы тиіс мемлекеттік тіл туралы бұндай сөз айтқан саясаткерлерді, мейлі билікте болсын, мейлі оппозицияда болсын,  өзге елдерде, мысалы Өзбекстанда ит қосып қуады… Оларға айтарым, «қарынының ашқанына емес, қадірінің қашқанына жылайтын қазақ» екенімізді ұмытпайық. Осыдан 25 жыл бұрын бүкіл Кеңес одағының керегесін күйретуге бастама болған Желтоқсан көтерілісі қарынның қамын ойлап шыққан жоқ алаңға… Ұлттық намыс, Ұлттық мүдде мен Ұлт тілі үшін ұрандады!

Қасым Аманжол бастаған журналистердің де маған  негізгі қойған сұрақтары осы «биліктің тапсырмасы»  туралы болды. Мен бұған таңғалдым. Тілім  деп, ұлтым деп шырылдап жүрген әлемге әйгілі ақын Мұқтар Шаханов қалай биліктің тапсырмасын орындайды, егер ең бірінші ол кісіге мен шығып, Үндеу жайлы ұсыныс жасасам…  «Орыс тіліндегі екі-үш басылымның сынына бола Мәдениет министрлігі тіл туралы заң жобасынан негізгі бапты алып тастады. Біз қайта қостыру үшін осы күйіп тұрған мәселеге үн қатайық» деп телефон шалдым. Мұқаң өзінің шаршап жүргенін айтып, «Онда өзің жаз мәтінін, кейін талқылап, зиялыларға қол қойдырамыз» деді.  Осылай басталды Үндеу жариялау бастамасы. «Жалын» журналы редакциясында ел зиялылары жиналып, үндеу мәтіні талқыланды. Маңызды деген  мәселелер қосылды. Бар болғаны сол. Бұл жерде мені «билік» деп ойламасаңыздар, ешқандай жоғарының нұсқауы болған жоқ деп кепілдік бере аламын.  Егер билік өзі тапсырма берсе, Үндеуге Президент кеңесшісінен бастап, тайлы-таяғына дейін қарсы шыға ма?  Шахановтың үстінен неше түрлі жала материалдар да қаптап жатқанын жақсы білесіздер… Өтірік болса да,  қисын деген болсайшы? Ал біреудің   тапсырмасын орындайтындай  Мұқтар Шаханов «Алжасқан» жоқ…

Кейде маған ой келеді, осы Мұқтар Шаханов болмаса, қайтер едік деген… Ел кімнің артынан ерер еді… Біздің білдей саясаткерлер үшін «кейінгі кезектегі мәселе» – тілдің, ұлттың зарын айтқан қайраткерлерді кім бастар еді?.. Бұл менің ғана емес, билікте де жүрген ұлтшыл саясаткерлердің де ойы  болса керек… Елдің бәрі Ертісбаев емес қой…

Мемлекеттік тілге қарсы, бір кездегі қожайын тілді – орыс тілін қолдаушы құлдарды  қазір бәрі біліп отыр. Кезінде 2004 жылы қазақ тіліне қарсы шыққан депутаттардың (90 пайызы қазақтар) қара тізімін жариялап, қоғамда сең қозғаған «Жас қазақ үні» газеті   мемлекеттік мүддеге қарсыларды әр санында әшкерелеп отырады. Ертең ұрпақтары «өз тіліңе де қарсы шығуға бола ма? Бұл елге деген ең үлкен сатқындық қой» деп, беттеріне басу үшін барлық қазақтілді басылымдар солай ететініне сенемін.

     Мемлекеттік тілге қарсылар – мемлекетке қарсылар!  Мұндай құлдық құлқынмен бейшара болып отырған біздің мемлекеттен  басқа өзін өзі сыйлайтын барлық елде солай саналады. Сондықтан Конституцияның 7 бабы, 2-ші тармағын алып тастау керек!

       Құл болмай, ұл болсаң,  Үндеуге үн қат,  қол қой!  02 қазанда  Алматыда «Сарыарқа» кинотеатрының артында өтетін Тәуелсіздігіне 20 жыл толып отырған Қазақ елінің  Мемлекеттік тіл митингісінен табыл!

                                                                             

 

 

 

 

 

 


Осыған ұқсас:



155 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Маханбет 25 Қараша, 2012, 15:43

    Көк туға жеткенмен көш кеше,

    Көп әлі Қазақтың зар-мұңы.

    Ақ Орда ешнәрсе шешпесе,

    Алаңда шешілер барлығы…

    Жауап жазу
  2. Маханбет 25 Қараша, 2012, 15:47

    Маймыл ғып жіберді Барысты,

    Кешіксек бәрі де бітеді…

    Құл болмай,

    Ұл болсаң намысты,

    Алаңда ел сені күтеді!…

    Қазыбек ИСА

    19.01.2010 жыл

    Жауап жазу
  3. editor Author 27 Қараша, 2012, 13:48

    ҚАЗЫБЕК ИСА. АТА ЗАҢДЫ ӨЗГЕРТПЕЙ, ТІЛДІ ҮЙРЕНУ – СУҒА ТҮСПЕЙ ЖҮЗУДІ ҮЙРЕН ДЕГЕНМЕН БІРДЕЙ… ЕЛДІ ЕКІГЕ БӨЛГЕН, ЕЛБАСЫ САЯСАТЫНА ҚАРСЫ ЕРТІСБАЕВТАРҒА ЕЖІКТЕЙТІН ЕРЕЖЕ. ЗИЯЛЫЛАРҒА ЖАЛА ЖАБУШЫЛАР – ҰЛТҚА ҚАРСЫЛАР! АУЫЛДЫҢ КЕЗ-КЕЛГЕН ҚАЗАҒЫ БІЛЕТІН ОСЫ АҚИХАТҚА АҚОРДАДАҒЫ ЕРТІСБАЕВТЫҢ МИЫ ЖЕТПЕСЕ, ҚАЛАЙ ПРЕЗИДЕНТКЕ КЕҢЕСШІ БОЛЫП ЖҮР?!. http://www.qazaquni.kz/8911.html

    Жауап жазу
  4. Махамбет Author 1 Желтоқсан, 2012, 21:19

    Газет таралымы қазір жеке адамға емес, қоғамға байланысты секілді. Датың 30 мың, Жас алашың 30 мың, «Жас қазақ үнің» 15 мыңның айналасында. «Қазақстан» газеті 10 мыңдай еді, тіпті жабылып қалды. 2004-те «Жас қазақ үні» Парламенттегі қазақ тіліне қарсылардың тізімін жариялағанда көп газет редакторлары «Енді «Жас қазақ үні» газетінің тиражы 100 мыңға жететін шығар» деп еді, олай болмады. Әйтпесе, осы газеттер бәрін ашық айтып, жақсы жазып жатыр ғой…

    Жауап жазу
  5. Өмір ағай 2 Қаңтар, 2013, 22:30

    Шынында да біздегі оздерін «оппозиция» деп журген жігіттер, бокка тойган коразды елестетеді..Сайлау кезінде бір ку-ка-ре-ку деп койып, калган кезде галамтордагы оздерінін адемі фотолары мен жазган макалаларына мас болып бакыттан бастары айналып отырады!

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 30 Қыркүйек, 2017, 20:33

      Кораздын бок жейтынын калай былдын, озынде сол атештын туысысынгой шамасы.

      Жауап жазу
  6. Бір бала 12 Қаңтар, 2013, 15:22

    Қазақтарды жік – жік бөлу дұрыс емес сияқты. Қайда жүрсе де қандай тілді қолданса да ол қазақ. Осы әңгіменің бәрі халқымыздың санының аздығынан болар, және кешегі тоталитарлық мемлекетте өмір сүріп соның салдарынан азшылыққа ұрынып, тілдеріміз үндеріміз сәйкестенбей жатыр. Шешімін іздеу, оны табу, ендіру өте қиын іс. Ел ішінен жау іздемей, халқымыздың санын арттыруды қолға алайық. Ол халықтың туу ғана емес, сонымен қатар шеттегі ағайынды елге келтіру, басқа халыққа сіңіріліп бара жатқан халқымыздың бір бөлігін өзімізге қарату мәселелері. Ұлттың ойшылдары бастапқы кезде осы мәселелерді шешсе, қазіргі салынып жатқан қазақ мектептері болашақта толығымен жұмыс істесе алға қойған мақсаттың бір бөлігі еңсеріледі. Сонымен қатар әртүрлі ұлттық тілді, ұлтты дамыту бағдарламалары жасалады деп сенуге болар еді.

    Жауап жазу
  7. Сенбек 16 Сәуір, 2013, 09:48

    Аяқтарды шынжыр қысқан кездерді,
    Тез ұмытып, халқым қалай өзгерді.
    Өткен күнді еске алып ағайын,
    Есті жиып, етек жабар кез келді!

    Елі егемендігін алғанмен тілі егемендігін ала алмай алмай жүрген жалғыз жарымжан халық қазақ болар! Мүшкіл халімізге Жаратқан ием тек аянышты көзбен қарап, толықжан еткей деп тілейік!

    Жауап жазу
  8. Cerikbay Mahanwlı aqın - sazger 17 Сәуір, 2013, 15:29

    СЫНАЛҒАН ОТЫЗҒА .
    (Лира Қонысқызына)
    «Солай да солай қарағым ,
    Отыздан асып барамын» .
    Несіне , қызым налисың
    Екен ғой жүйрік қаламың .

    Кезінде Мұқағали жырын жырлап ,
    Өлеңнің 0тын жақты досын жыйнап
    Күйзеліп , өмір сүріп күйінгенде
    Жүрді ғой көп ақындар жанын қыйнап .

    Көрдің бе , Отыз жастың жасарғанын ,
    Жігіт боп , тойын қайта бастағанын .
    Таңданып Мұқағали жоқтауы деп
    Жараспас «ән мен биге» қасарғаның ?!

    Талғамын барша жұрттың – таяз етіп ,
    Санасын жіберіпсің – саяз етіп ?
    Қазақтың барлық тойы Отызбенен
    Шарықтап басталады баян етіп .

    Бұл әнді жазған сазгер Серікбаймын ,
    Жыр – думан Отызбенен анықтаймын .
    Дос болып Мұқаңменен бірге жүрдім
    Сондықтан барлық тойда қалықтаймын . .

    Шын ізде менің таза жүрегімнен,
    Тірілтем өлеңдерін сөздерімен
    Ақанға жараспайды – әумесерлік
    Сақ болған Мұқағали іздерінен.

    Жауап жазу
  9. Ғалия 22 Мамыр, 2013, 00:06

    Тілді барлық қазаққа міндеттейтін кез келді. қазақ таза ана тілінің патриоты болса, өзге ұлт қайда барады? Қазір де қазақ тілін қазақтан артық білетін өзге ұлт өкілдері көп қой. Өзбекстанда тұрған бір орыс әйелі айтқан: » бұзақы тиіскенде ,құтқарыңдар» деп өзбекше айқайласаң, көмек аласың, әйтпесе ешкімнен көмек күтпе»-деген. Немесе бір әйел айтады» аптека» деген жазу тұрғанда мен» дәріхана» деген сөзді тіпті оқымаймын»- деп. Сол айтқан саналы, мәдениетті түрде мемлекеттік тілді білікерек, білмеген адам неге қызметке, депутаттыққа тағайындалады? Қоғам қайдан сауатты болады, шенеунік мемлекет тіінде сөйлейтін қазақты мемлекет иесі екеніне қарамай, шетке қағып отырса?Ертеңгі бала не болады, бүгінгі 50 -дегілер бірдеңеден хабары бар, өзін қорғай алар.Ұлт болашағы қандай? Ойхой, дүние серуен, Адам бір көшкен керуен. Дүниені қызық қалдырып, асамыз өмір белінен….Жалғыз мұраң сол болар, қол қайыры берілген. Дәулетіңнен не пайда, таусылмастай көрінген. Басқа дүние бірі де, көмілмейді кебінмен,– деп Жамбыл Жабаев айтқан.Ана жаққа барғанда ел үшін не істедім дер екен, шенеунік мырзалар? Жар басына қонбаңыз, дауыл соқса үй кетер. Жатқа тізгін бермеңіз, жаламенен бас кетер -демеп пе еді Бұқар? Бұл не қылған жеп қою, 37 жыл бақаш көрініс тауып жатақн жоқ па, өзі? Неге қазақ азаматтары жеп сотталып жатыр, не жепті, кіммен, қалай?Өндірсін, сотталмасын. Атом өндірісін алға қойған Жәмішев пе ұмытып қалдым атын, неге отталды? Храпуновтан да көп жеп пе?

    Жауап жазу
  10. Қолқоюсыз 3 Тамыз, 2013, 14:49

    «Бізде қазақтың намысы бар, ұлттың, Тәуелсіз елдің Намысы бар!» Қазыбек Исаның мемлекеттік тіл митингісінде сөйлеген сөзі. http://www.youtube.com/watch?v=a_kyxV70xuQ

    Жауап жазу
  11. Жибек 25 Қазан, 2013, 17:25

    Казакстан есігі ашық түрган уймен тең,өзіңіз ойланып көріңіз өзіңіздің үйіңізге барлық адамдар кіріп,қалағанынша тұрып,керегін өз елдеріне тасып алып кете берсе уйіңіз қандай жағдайда болады? ең соңында үйіңізде дым қалмайды! Ең азы алыс елді емес Өзбекстанға барып көріңізші 5 күннен артық қала алмайсың, 5күнде елінен шықпасаң салық төлейсің. Ал біздеші 2айга дейін жүріп салық төлемейақ жұмыс жасауға болады! Біздің заңды белінен басып жүрген шетелдік азаматтар каншама сигандардың есебі жоқ. Осылар елімізде заңсыз жұмыс істемегендеғой өз азаматтарымыз бен азаматшаларымыздың жұмыссыз жүру деңгейі азятын еді.

    Жауап жазу
    • Есауыл 30 Қыркүйек, 2017, 22:03

      Осыжагдайга мембасшылар кыналы, халыктын назарын баска жакка аударып, латынды суйреп жургендеры де сол алдаркату тырлыгы, баска тукте емес. Латынга кошпейды ешкым, аншейын бызды алдаган саяси ойынгой.

      Жауап жазу
      • Қолқоюсыз 30 Қыркүйек, 2017, 22:18

        бір тілді кириллицамен сүйреңдеп әзер-әзер сақау балаша меңгеріп келе жатқанда,енді латынға мінгесіп,шабы айырылмаса бопты.

        Жауап жазу
  12. Самат Сыпатайұлы 2 Қараша, 2013, 03:28

    ҚАЗАҚ САНАСЫНА СІЛКІНІС ҚАЖЕТ
    « Егемен болмай, ел болмас».
    Махамбет
    Егемен ел – Тәуелсіз ел
    20 жыл бойы Қазақстан Республикасының тәуелсіздік мерекесі басқа мемлекеттердегідей жалпы халықтық көтеріңкі көңіл-күймен тойланған емес. Меніңше, бұның үш себебі бар. Біріншіден: Еуропалық жаңа жылдың көлеңкесінде қалуы. Екіншіден: Қызыл империяның қабырғасын сөккен дербестік жолында құрбан болған, асқақ рухты қазақ жастарының жадымыздан өшпес орын алуы. Үшіншіден: желтоқсан айындағы ауа райының қолайсыздығы. Оған 2012 жылдың желтоқсаны нақты дәлел бола алады. Осы жылы ауа райының өрескел аяздығына байланысты Қазақстан тереториясында Тәуелсіздік мерекесі тойланбай қалды. Бұл біздің ұлттығымызға, елдігімізге сын. Сондықтан, Тәуелсіздік күнін нақтылап өз орнына қойғанымыз абзал. Қазақ елі өзінің Егемендігін 1990 жылы 25 қазанда қабылдағаны мәлім. Қазақ (Советтік Социалистік) Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы деклорация былай басталады. «Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Жоғарғы Советі Қазақстан халқының еркін білдіре отырып…
    Қазақ ұлтының тағдыры үшін жауапкершілікті ұғына отырып,
    ізгілікті демократиялық, праволық мемлекетті құруға бел байлауды негізге ала отырып,
    Қазақ Советтік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігін жариялайды және осы Деклорацияны қабылдайды» – деп 17 бөлімнен тұратын құжатты бекітеді. Деклорацияда егемен ел ретінде, ел аумағының бөлінбес бір тұтастығы, мемлекеттік рәміздердің қастерленуі, тіпті егеменді мемлекет ретінде жаңа Конституциясының жүзеге асырылуы жайында нақтылы айтылады. Ал, 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының 2-бабындағы 1,2 тармағында «Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Республиканың егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді» – деп көрсеткен. Осынау, 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған егемендік туралы Деклорация мен 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған Конституция да ТӘУЕЛСІЗ деген сөз бірде-бір рет қолданылмаған. Демек, Егемендік пен Тәуелсіздік – егіз ұғым. Махамбет бабамыздың «Егемен болмай ел болмас» – деуі тәуелсіз, дербес ел болуды аңсауы. Сондықтан, 25 қазан күнін Тәуелсіздік һәм Республика күні ретінде тойлауды, ал 16-17 желтоқсанды «ҚАЗАҚ РУХЫ» күні деп атап белгілеуді ұсынамын.Жалпы егемен ел ретінде түзетеріміз баршылық. «Кеңесіп пішкен тон, келте болмайды»-деген ғой бабаларымыз.
    ТЕКТІЛІГІМІЗДІ ТАНЫТЫП ТЕГІМІЗДІ ТҮЗЕЙІК
    ОВ,ЕВ,ИНдерден қайтсек құтыламыз? Осы бір тақырып Ақмет Байтұрсынұлының бастауымен 1915 жылдан бері жазылып келеді ,оған үш жылдан соң 100 жыл болады.1996 жылғы 2 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің «Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы» жарлығы шықты.Бұл Жарлықта «Ұлты қазақ азаматтар өздерінің тегі мен әкесінің атының жазылуын қазақ тіліне тән емес аффиксті алып тастай отырып,өзгертуге хақылы,алайда тегі мен әкесінің атының түбірлік негізі сақталуы тиіс.Бұл реттеәкесінің атын жазған кезде азаматтың жынысына қарай «ұлы» немесе «қызы» сөздері бірге жазылады» делінген.Осы арада азаматтардың аты-жөнінің «ұлы», «қызы» деп нақтылы бір жүйеге түсірілгенімен,тегін жазудағы бір ізділік айқындалып айтылмағандықтан әркім өз тектерін әр түрлі жазуда.Бірі тегіне «әулеті» деп бірі «тегі» деп қосып жазса,енді біреулеріміз еуропалық үлгіні ұстанып Қасымбек Айдар,Бейбіт Бекен,Серік Арман,Қанат Қайрат деген сияқты қайсысы аты қайсысы тегі екені белгісіз үлкенге, ата-бабаға, қарияға деген құрмет сезілмейтін ұлттық болмысымызға жат үлгіні ту етіп жүргеніміз және бар.Он, жиырма атасына дейін жатқа айтып беретін қазақ тексіз емес еді. «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер», «жеті атасын білмеген жетесіз»,демекші қазақта «жеті ата», «ата тек» деген қасиетті ұғым бар.Сондықтан да ұлты қазақ азаматтар тегін жазғанда осы ұлтымыздың өзіндік ерекшелігіне тән киелі «ата» деген сөзді қосарлап жазса деймін.Бұл тегімізді жазғандағы қазаққа ғана тиесілі бір ізді үлгі болар еді. Мысалы:Досқан ата Берік Алмасбекұлы, Қасентай ата Гүлбақыт Төлегенқызы, Наурызбай ата Айсұлтан Әбдешұлы, Тасболат ата Еркежан Сәкенқызы т.т. Әгәрәкім осы бір үлгіні заңдастырсақ біз әлемнің қай түкпірінде жүрмейік Алаш ұранды Қазақ баласын аты-жөнінен немесе бір ғана тегінен-ақ бірден танып біліп отыратын боламыз.Тағы бір айтарым атамыздың атын яғни тегімізді кез-келген жерде айтып,кез-келген жерге жаза бергенді доғаруымыз керек.Тегіміз төлқұжат,жеке куәлік,диплом сияқты толық аты-жөні,тегімен куәландырылатын ресми қағаздар мен құжаттарға ғана жазылғаны жөн. Қалған кездерде мектепке барған баладан бастап,барлық мемлекет қызметкерлері тегіс аты-жөндерімен жазылып аталғандары дұрыс.Мектеп оқушысын,болмаса студент оқушыны тақтаға шақырғанда Арман Тұрарұлы,Әсем Қанатқызы деп немесе жәй ғана Тұрарұлы,Қанатқызы тақтаға шық деп шақырып,баға қоятын журналдарын толтырғанда тек қана аты-жөндерімен жазсақ .Осылайша ов,ев,индерден құтылып қана қоймай,бір ізге түсірілген,ұлттық болмысымызға тән таза қазақы үлгіні өмірге әкелген болар едік.

    Самат Сыпатайұлы

    Жауап жазу
  13. Қалдыбюай Аманұлы 7 Желтоқсан, 2013, 18:53

    Мен қазақ тілін білмейтін Е. Ертысббаевтың мәдениет министрі болғанда жағамды устадым. Ол президеттің кеңесіші болғпнда біратыла түңілдім.

    Жауап жазу
  14. марзия 5 Ақпан, 2014, 10:54

    Бізден сан ғасыр бұрын өмір сүрген Майқы бабамыз айтқан»ұрпағым сары қағаздың құлы болады»-деп,яғни,ақшаның құлы. Ақшаға құл болмағандар тек қарапайым халықтың арасынан табылар,әлі де,ал ақшаның дәмін татқан,оның құлына айналғандар,жоғарыдағылар үшін сенің ұлттық құндылығың,тілің,дініңнің құны «көк тиын»

    Жауап жазу
  15. Ореке 13 Ақпан, 2014, 22:15

    Ығысқан көп өзге тілдің жағына,
    Ресей тілін сіңдіргендер қанына.
    Ұлт намысын сезінбеген адамның,
    Қазақ зары қайдан батсын жанына.

    Жауап жазу
  16. Болат 27 Наурыз, 2014, 05:56

    Белинский ана тілін сыйламайтын орыс зиялыларын итке теңестірді, Бауыржан Момышұлы ондай қазақтарды сатқын деді, Расул Ғамзатов ана тілім ертең өлетін болса, мен бүгін өлуге дайынмын деді, Сәкен Сейфуллин 20-жылдары кеңсе жұмыстарын қазақша жүргізу керек деді, Мұхтар Шаханов ондайларды жартыкеш адам деп шырылдап-ақ жүр.Көпшілігінің тілі де,ділі де, жаны да, отбасы мүшелері де орыстанған мемлекетіміздің билік басшыларынан не қайыр,не үміт?

    Жауап жазу
  17. серікбай махарұлы 13 Сәуір, 2014, 11:31

    ӨЗБЕК ҚЫЗЫ ЗУХРА .
    Сөзі , әні .
    Көңілді , еркін . Серікбай Маханұлынікі .

    Қара көзің мөп – мөлдір , қиғаш қасың ,
    Жарасады көп өрім ұзын шашың .
    Өзбек қызы , мінезің көркіңе сай ,
    Бір қазақтың жүрегін баурап алдың .

    Қайырмасы :
    Сандуғаштай сайраған ,
    Тамсамдырып ән салған .
    Өзбек қызы — Зухра қыз
    Қандай бақыт ойласаң .
    Өзге емес , бір саған ,
    Тамды Аруын сыйлаған .
    Осы әнін Шәмші де ,
    Саған арнап салдырған .

    Жаратылған келбетің сұлу мүсін ,
    Ғашық болған жігіттің сөзін түсін .
    Сағындырған қазақтың серілігін
    Таныс еттің өмірге сенім күшін .

    Қайырмасы :
    Неткен тұнық білімнің жолын тостың ,
    Еңбек етіп , еліңнің жырын қостың .
    Дәріс беріп , ұстаз боп шәкірттерге
    Ағылшынның тілінің сырын аштың .

    Қайырмасы :

    Жауап жазу
  18. серікбай махарұлы 13 Сәуір, 2014, 11:33

    ҚАЖЫМҰХАН .
    Сөзі , әні .
    Жігерлі . Серікбай Маханұлынікі .

    Әлемге әйгілісің Қажымұхан ,
    Сан қилы күрестердің тағын алған .
    Қан майдан — соғыс жылы Отанына
    Самолет жасау үшін қаржы салған .

    Қайырмасы :
    Неткен күш тұла бойдан тасыған ,
    Өнерін тақ үстінде асырған .
    Поддубный досы болып күресте
    Күш ата жаратылдың асылдан ,
    Қажымұхан .

    Күрестен сан палуан құлағанда ,
    Иленді сом темірлер бұрағанда .
    Быт – шыт боп үгетілді таудай тастар
    Кеудеден қос балғамен ұрғанында .

    Қайырмасы :
    Үлгі боп өткен өмір жылдарыңа ,
    Ашылды мұра жайың ұрпағыңа .
    Құрметпен жылда өтер үлкен жарыс
    Қазақтың сайыпкерлер құрамына .

    Қайырмасы :

    Жауап жазу
  19. editor Author 30 Маусым, 2014, 11:50

    Көк туға жеткенмен көш кеше,
    Көп әлі Қазақтың зар-мұңы.
    Ақ Орда ешнәрсе шешпесе,
    Алаңда шешілер барлығы…

    Жауап жазу
  20. editor Author 30 Маусым, 2014, 23:23

    “Бізде қазақтың намысы бар, ұлттың, Тәуелсіз елдің Намысы бар!” Қазыбек Исаның мемлекеттік тіл митингісінде сөйлеген сөзі. http://www.youtube.com/watch?v=a_kyxV70xuQ

    Жауап жазу
  21. Рашит 27 Шілде, 2014, 03:31

    БІЗДІҢ ТІЛІМІЗДІ КЕРЕК ҚЫЛМАҒАНЫ – ЕЛІМІЗДІ, ЕЛБАСЫМЫЗДЫ БАСЫНҒАНЫ ДЕП БІЛЕДІ ЕЛ. БЕЙШАРА ЕЛ БОЛҒАН СОҢ, СЕНІҢ ТІЛІҢДІ ЕШКІМ КЕРЕК ҚЫЛМАЙДЫ!

    Жауап жазу
  22. ТАМА 1 Тамыз, 2014, 08:43

    Ата заңды емес,қазақтың САНАсын өзгерту керек

    Жауап жазу
  23. ТАМА 16 Тамыз, 2014, 09:29

    Қандай ата бабаң, ана тілін ата заңмен үйренген

    Жауап жазу
  24. ТАМА 16 Тамыз, 2014, 09:29

    Қандай ата бабаң, ана тілін ата заңмен үйренген

    Жауап жазу
  25. Рашит 18 Тамыз, 2014, 11:27

    Тама тантып кетіпті… Ата-бабаңның кезінде үстемдік ететін орыс тілі болған жоқ, заңның да қажеті болған жоқ. Адам деген сөйлегенде сәл ойланып сөйлесе болады ғой…

    Жауап жазу
  26. Рашит 18 Тамыз, 2014, 11:29

    Тамаға айтарым: Сананы тұрмыс билейді. Бұл жерде тұрмыс деп заңды айтсақ болады.

    Жауап жазу
  27. Болатхан 28 Наурыз, 2015, 09:36

    Маймөңкелемей турасын айтпайсыздар ма … Бәрі бірінші Алла болса , екінші Елбасының қолында емес пе ?!!!

    Жауап жазу
  28. Қолқоюсыз 23 Сәуір, 2015, 03:37

    «АТА ЗАҢДЫ ӨЗГЕРТПЕЙ, ТІЛДІ ҮЙРЕНУ – СУҒА ТҮСПЕЙ ЖҮЗУДІ ҮЙРЕН ДЕГЕНМЕН БІРДЕЙ…» http://www.qazaquni.kz/?p=8911

    Жауап жазу
  29. адам 24 Сәуір, 2015, 23:47

    АТА ЗАҢДЫ ӨЗГЕРТПЕЙ, ТІЛДІ ҮЙРЕНУ – СУҒА ТҮСПЕЙ ЖҮЗУДІ ҮЙРЕН ДЕГЕНМЕН БІРДЕЙ – тауып айтқан сөз

    Жауап жазу
  30. Батырхан 8 Мамыр, 2015, 15:48

    Болат мырза дұрыс айтады: «Белинский ана тілін сыйламайтын орыс зиялыларын итке теңестірді, Бауыржан Момышұлы ондай қазақтарды сатқын деді, Расул Ғамзатов ана тілім ертең өлетін болса, мен бүгін өлуге дайынмын деді, Сәкен Сейфуллин 20-жылдары кеңсе жұмыстарын қазақша жүргізу керек деді, Мұхтар Шаханов ондайларды жартыкеш адам деп шырылдап-ақ жүр.Көпшілігінің тілі де,ділі де, жаны да, отбасы мүшелері де орыстанған мемлекетіміздің билік басшыларынан не қайыр,не үміт?» Бұған қосрарымыз, ал Қазыбек Иса ана тілін білмегендерді мисыз, орысқұл деп атады. Айтпақшы, «орысқұл» деген Қазыбектің сөзі осыдан соң жалпыхалықтық теңеу-терминге айналып кетті.

    Жауап жазу
  31. Рәш 8 Мамыр, 2015, 15:50

    Еліме дәл бүгін ие кім?
    Сенеді кім тілсіз құлдарға?
    Ұлты үшін күйетін, сүйетін,
    Ұлтшыл Ер туатын күн бар ма?
    Тура айтыпты Қазекең…

    Жауап жазу
  32. admin 11 Маусым, 2015, 02:18

    ҰЛТШЫЛ ЗИЯЛЫЛАРҒА ЖАЛА ЖАБУШЫЛАР – ҰЛТҚА ҚАРСЫЛАР!

    Жауап жазу
  33. Мұхан 11 Маусым, 2015, 02:23

    Жасарал қазақ тілін қорғаған 138-дің хатына қол қоймай қашты, шын бет-бейнесі әшкере болды. Бейшара орысқұл екен ғой ол да…

    Жауап жазу
  34. Қолқоюсыз 11 Маусым, 2015, 02:23

    Әлі талай өтірік «ұлтшылдар» әшкере бола береді

    Жауап жазу
  35. Қолқоюсыз 29 Шілде, 2015, 16:11

    .“АТА ЗАҢДЫ ӨЗГЕРТПЕЙ, ТІЛДІ ҮЙРЕНУ – СУҒА ТҮСПЕЙ ЖҮЗУДІ ҮЙРЕН ДЕГЕНМЕН БІРДЕЙ…” http://www.qazaquni.kz/?p=8911 3.

    Жауап жазу
  36. Ата 27 Тамыз, 2015, 14:59

    Осы сендер неге сыңаржақсыңдар? Мәселені сау адам сан қырынан қарастырады.»көке» кінәлі, заң кінәлі, Бибігүл мыстан, Қазыбек-асыл туған бауыр т.с.с айтып лепіресіңдер.Содан бері 4 жыл өті-не өнді? Тама, дұрыс айттың.Мәселе заңда емес, санада. Сана болмаса заң да дәрменсіз. Заң дұрысталуын күтіңдер ендеше тағы 10 жыл өтсін. Ол уақытта ұлттығымыздың сарқыншағы ғана қалады. Жынданбай, үндеусіз, қол қоймай -ақ лепіріп өлең жазғансып, құйыршықтанбай-ақ көп іс тындыруға болады. Мысалы, мен өзім кемпір,балалар, келіндер, немерелер бар, бәрін қазақ тілінде сөйлеуге үйреткем,қазақ тіліндегі газет-журнал аламыз.Балалар бәрі қазақша оқиды, сөйлейді. «Оралман» да, «торғайлық» та, «южан» да емеспіз-арқадағы балтакерейміз.Шахановта шаруаларың қанша? Ол саналы, ұлтының шын жанашыр ұлы. Мақтанбайды. Қазіргі көпшілігің ұпай жинап мәзсіңдер. Ұраншылын, өлеңшілін бұлардың. тілмен емес іспен дәлелелдеңдер ұлттың ұлы екендеріңді.Төрімнен көрім жуық, бірақ мына даурығуларың -парықсыздықтарыңды көрсетеді, дардай адамсыңдар, бұл не деген дарақылық осы.Әпендісіңдер. Қазақша сөйле, біл, жаз, жырла-заң да билік те ештеңе қыла алмайды, қайта қуанады мынау өзі сенсация болды-ау деп. Неменеге боқ-сідік т.с.с айтып өз танымдарыңнан хабар бересіңдер?Үндеуге қол қоймағандар есуас деп пе едіңдер-саналы, ел-жер, өмір көрген, еңбегі сіңген кісілер бір жөн-жосықты біліп отыр да.қазақ тіліне олар қарсы деп кім айтты? Әуелі пысықтап анық қарсы ма біліп алу қиын емес қой, сұрқиялықтың, анықтама жинаудың сан түрі бар, бізге керегі бірақ әділдік, жақсылық. Неге лекция оқымайын мен институтта әлі де дәріс оқитын шалмын.Айтыңдаршы, аулада бір ит үрсе қалғаны да қосыла кетеді, солары батырлық,міндетке адалдық, даналық па? Жоқ, жайша – ит болған соң үреді. Сендер де сондайсыңдар, ақ-қараны, жағдайды саралай алмайсыңдар сосын үресіңдер, қандені қайсы төбеті қайсы айырып болмайсың. Жат, тынышталыңдар, надан күшіктер.

    Жауап жазу
  37. Қолқоюсыз 24 Қыркүйек, 2015, 02:46

    “Бізде қазақтың намысы бар, ұлттың, Тәуелсіз елдің Намысы бар!” Қазыбек Исаның мемлекеттік тіл митингісінде сөйлеген сөзі. http://www.youtube.com/watch?v=a_kyxV70xuQ

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 30 Қыркүйек, 2017, 20:39

      Казбектын айтканы Маган кейде, озы аз казакты арандату сиякты боладыда турады.

      Жауап жазу
    • Жанашыр 30 Қыркүйек, 2017, 20:40

      Казбектын айтканы Маган кейде, озы аз казакты арандату сиякты боладыда турады.

      Жауап жазу
  38. тіл тіл жиырма бес жыл өтті 16 Ақпан, 2016, 19:19

    тек бірғана жолы бар қазақ мектепке баратын ұл-қыздарымыз бірінші әдебиеті кіинен ағылшын физика математика химия пәндерін жетік меңгерсе жайлап орыс тілі қалады екінші үлкен мәселе қыздарымыздың әр дайым құлақтарына ұлтың намысын құйып отру керек себебі қыздарымыз ағылшын тілін тез меңгереп деп шетелдіктердің қолтықтарына кіріп кетіп намыстарын былғап алмау керек үшіншіден жастарымыз білікті мықты білгір алқыр жан-жақты оишыл болмағаншы біздер орыс пен қытайға жалтақтап жасай береміз бір бірімізге олай істеу керек бұлай істеу керек деп отырғаның орнына кунде ұл-қыздарымызға қазақ тарихын ағылшын математика физика химия пандерін жетік үиретик

    Жауап жазу
  39. Қолқоюсыз 19 Шілде, 2016, 23:55

    НАЗАРБАЕВА ПРИЗВАЛИ ГОВОРИТЬ ИСКЛЮЧИТЕЛЬНО НА ГОСУДАРСТВЕННОМ ЯЗЫКЕ (видео)
    Нұрсұлтан Әбішұлы, можете ли Вы представить ситуацию, когда президент, правительство, парламент России ведут свои заседания на казахском языке? Абсурд, не так ли? А почему нынешняя ситуация с государственным языком в КЗ не кажется нашим чиновникам и народным избранникам такой же абсурдной? Ведь с них берет пример молодежь?
    http://www.qazaquni.kz/2016/07/18/55326.html

    Жауап жазу
  40. Салтанат 19 Шілде, 2016, 23:57

    Орысқұл билік тұрғанда орыс тілі орнын бермейді! Ол үшін Атазаңды өзгерту үшін заңды митингіге шығуымыз керек!

    Жауап жазу
  41. Есет 19 Шілде, 2016, 23:59

    Елбасы тек қазақша сөйлесе басқасы үш күнде қазақша сайрайды.

    Жауап жазу
  42. Мәди 20 Шілде, 2016, 00:01

    Жүз пайыз қолдаймын!!! Қазақ тілін өз дəрежесінен көре алмай келеміз!

    Жауап жазу
  43. Толкын 20 Шілде, 2016, 00:03

    Мемлекеттік тілді білмесе, мемлекеттік қызметке алынбау туралы заң қабылдау керек!

    Жауап жазу
  44. Қолқоюсыз 18 Қараша, 2016, 00:00

    Бізде бір-ақ мемлекеттік тіл бар – ол қазақ тілі!

    Жауап жазу
  45. Қолқоюсыз 18 Қараша, 2016, 00:08

    Қазақ пен қазақ ғана емес, барлық қазақстандықтар қазақ тіліндесөйлеуі тиіс

    Жауап жазу
  46. Мәди 27 Қаңтар, 2017, 00:27

    Мемлекеттік тілге миы жетпейтін тағы бір министр келді Сулейменов деген.

    Жауап жазу
  47. Ғаббас 27 Қаңтар, 2017, 00:29

    Ана тілінде сқлемейтін, ана тіліне қарсы шығатын ақын Алжас Сулейменов бар еді, енді министр Сулейменов шығыпты ғой…

    Жауап жазу
  48. Қасқыр 24 Тамыз, 2017, 18:14

    Сөзден іске көшетін уақыт келді, дұрыстап ұйымдастырыңдар, барамыз тек ертерек айту керек,тілден аярым жоқ, тілдің жағдайын айтқанда көз қанталайды, зығырданың қайнайды,ыза деген әбден шырқау шегіне жетті, шала қазақтарды аттың бауырына алатын күн туса мен дайын!

    Жауап жазу
  49. Акбала 11 Қыркүйек, 2017, 17:23

    колдаймын

    Жауап жазу
  50. Жанашыр 30 Қыркүйек, 2017, 20:43

    Казбектын айтканы маган кейде арандату сиякты корынедыде турады

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*