Валюта бағамы USD : 325 | EUR : 362.8 | CNY : 47.57

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛГЕ МИЫ ЖЕТПЕГЕНДЕР ҚАЛАЙ МИНИСТР БОЛАДЫ?..

БІЗДЕ МИСЫЗ МИНИСТР, МИСЫЗ ӘКІМ, МИСЫЗ ДЕПУТАТ, МИСЫЗ ШЕНЕУНІКТЕР БОЛУЫ ЗАҢДЫЛЫҚ болса, онда БІЗ ҚАНДАЙ ЕЛМІЗ?


Осы уақытқа дейін аю да қазақша үйреніп алар еді…

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

«Әлеуметтік лингвистика» ғылымының заңы бойынша

тілді үйренсем деген кез келген, тіпті нағыз топас адам,

өзі сол ортада өмір сүрмесе де,

3 жылдың ішінде үйреніп алуға шамасы жетеді.

Бұл ғылыми дәлелденген заңдылық.»

Дос КӨШІМ.

«Если вы мне не поменяйте мои мозги,

мне казахский язык не выучить!»

Ерлан ЫДЫРЫСОВ,

Сыртқы істер министрі.  2002 жыл.

 

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ БІЛМЕУГЕ ҚҰҚЫ БАР

МЕМЛЕКЕТ БОЛА МА?».

ӨЗ ТІЛІН БІЛУІ ҮШІН МИЫН АУЫСТЫРАТЫНДАР САНЫ ҚАНША?!

Елбасымыз бұл әйгілі сөзін бір жиында мемлекеттік тілді үйренуді қиынсынған өзге ұлт өкілдеріне қарата айтқан болатын… Белгілі саясаттанушы, «Ұлт тағдыры» қорының төрағасы, әлеуметтік лингвистика ғылымының маманы, ғылым кандидаты Дос Көшім де  бұл сөзін Қазақстан Халқы Ассамблеясының  Алматы қалалық бөлімшесі мүшелерінің, яғни өзге ұлт өкілдерінің алдында айтқан еді. Ол былтыр «Жас қазақ үні» газетінде жарияланды. Ал өзіміздің өз ана тілі мен мемлекеттік тілін білмейтін және білгісі келмей :«Если вы мне не поменяйте мои мозги, мне казахский язык не выучить!» деп анау-мынау емес, парламенттің алдында мәлімдейтін министр Ерлан Ыдырысовтарды (қазір Қазақстанның АҚШ-тағы Төтенше және Өкілетті елшісі)  қайтеміз? Онда олар екі есе „топас” болғаны ма? Осындай „топас” министрлерге, „жат” десе, жататын, „тұр” деп айтуды ұмытып кетсе, жата беретін біздің байғұс парламент: „қазақ тіліне миың жетпесе, қалай қазақ министрі боласың, орныңды босат!?” деп айта алған жоқ. Өйткені, парламентте де өз ана тілі мен мемлекеттік тілін білмейтін  топастар мен қазақ тілі қабылданып кетуіне қарсы Тасбайлар аз емес…Мысал керек пе, жетеді…  2004 жылыПарламент депутаттары Мемлекеттік тілге қарсы шыққанда «Жас қазақ үні» газетінің депутаттардың дауыс беру стенограммасын жариялап, сең қозғаған сенсациялық  мақаласы елімізді дүр сілкіндіріп, Жазушылар Одағына жиналған зиялы қауымның Сенат пен Мәжіліске Ашық хат жолдауына себепші болды. Оны орыстілділерден басқа көптеген баспасөз құралдары қатты қолдап кеткені белгілі. Еліміздің бас газеті «Егемен Қазақтанда»  біртуар қайраткер Шерхан Мұртаза: «Кімнің кім екенін білгің келсе, тек «Жас қазақ үні» газетін ғана оқып, біле аласыздар» десе, «Қазақ әдебиеті»  газеті: «Жас қазақ  үні» бір мақаласымен-ақ ұйқыдағы жұртты оятты» деп жазды сол кезде. Бұл біреулерге ұнаса да, ұнамаса да, ақиқаты осы. Тарихта қалған тізімдегі ана тілі мен мемлекеттік тіліне қарсы шыққан депутаттардың сүйегіндегі қара таңба ұрпақтарына кетеді. Біз оқырмандар сұрауымен бұл стенограмманы – қара тізімді газетке қайта жариялап, әлем қазақтары оқитын       www.qazaquni.kz сайтына салып қоюды жоспарлаудамыз.Иә, ешнәрсе де, ешкім де ұмытылмайды… әсіресе, ұлттық мүддеге жасаған қастандығың!..

Ақысыз-ақ айтып берейін, нұротандық депутаттарға бұл қара таңбадан құтылудың жалғыз жолы бар. Ол-мемлекеттік тілдің басымдығы, яғни үстемдігі туралы заң қабылдау! Мемлекеттік тілдің өзге тілдерден артық болуы бізден басқа өзін сыйлайтын әрбір мемлекет үшін әліппедей білуге һәм орындалуға тиіс заңдылық.!

Қазақстан Үкіметі былтыр 2020 жылы ғана, яғни Тіл туралы заң қабылданғанына 31 жыл, Тәуелсіздігімізге 30 жылдай толған соң ғана қазақ тілінде сөйлейміз деп мәлімдеді!..

Ал ең топас адамның өзіне тіл үйренуге 3 жыл жетеді екен… Сонда біз он есе топаспыз ба?.. Сондықтан да мен былтыр: „Қожанасыр есегін де 30 жылдан соң сөйлетемін деп еді, біз сол Қожекеңнің кейіпкерінен де кейін болыппыз ғой… Бұл ЕҚЫҰ-ға төраға, 50 елге еніп келе жатқан, Елбасымыз бар елдің азаматтарын қорлау емес пе?”- деп жаздым…

Ал жалпы әлемде мемлекеттік қызметкерлері мемлекеттік тілді білмеуге құқы бар мемлекет бола ма?!. Біз байғұстардан басқа…


ЕНДЕШЕ ҰЛТЫН СҮЙГЕНДЕРДІҢ ДЕ РЕСЕЙ ТІЛІН  БІЛМЕУГЕ ҚҰҚЫ БАР!

БАСШЫЛЫҚҚА ОРЫС ТІЛІН БІЛМЕЙТІНДЕР МЕН СӨЙЛЕМЕЙТІНДЕР АЛЫНУЫ КЕРЕК!


Орыс тілділердің үстемдігі бет қаратпайды. Ашып айтарымыз, қазақ тіліне қарсы шығушылар, өзге ұлт өкілдері емес, өз өгейлеріміз. Мысалы,  әкімдіктегі, министрліктегі, парламенттегі, ұлттық компаниядағы, т.б. мемлекеттік мекемедегі өзге ұлт өкілдерін  айтпағанда, өз ана тілі мен мемлекеттік тілді білмейтін мемлекеттік қызметкерлер (парадокс емес пе), өзіміздің екі есе топастар тіл басқармасы қызметкерлері қазақ тілінде қағаз апарса, түсінбейді де, „орыс тіліне аударып әкел” дейді. Оған „бұл мемлекеттік тіл” ғой десең, „бізде бәрі екі тілде ғой” деп, заңымыздың  бейшаралығын алдыңа тартады. „Онда өзің аударып ал!”-десең, „мен мемлекеттік тілді білмеймін?”- деп, топастығына ұялмай, қайта мақтанғандай түр көрсетеді… Оған табанының бүрі бар санаулы қызметкер ғана: „ Сенің өз ана тіліңді, қазақ тілін білмеуге, өкінішке орай, құқың болса, менің де айдаладағы шетел тілін, Ресейдің тілін білмеуге құқым бар. Ал менің мемлекеттік тілді білгенім  үшін ғана маған неге артық азап, артық жұмыс – тегін аудармашылық жұмыс жүктелуі керек? Керек болса, ақша төлеп, өзің аудартып ал” деп айта алады… Ал 99 пайызы бір күрсініп алып, негізгі жұмысын жиып қойып, жыл бойы „аудармашылықпен” айналысады.

 

Ұлттық теңгеге де орыс халқын сан білмейтін сауатсыздардай қорлап, орыс тілінде – шет тілінде жазып, қазақ тілін қате жазатын Әңуар (теңгеде “банкіні” ” баңкі” деп жазғаннан бері атын осылай жазамыз) Сәйденовтардай банкирлері бар Қазақстанды тіл зарын тартудан ГИННЕСС-тің рекордтар кітабына кіргізуге болады. Айтпақшы, әлемге әйгілі ақиық ақынымыз Мұқтар Шаханов басқаратын „Мемлекеттік тіл” қоры тағайындаған „Шіріген жұмыртқа” сыйлығының тұңғыш „лауреаттары”  қатарын осы ыдырысовтар мен сәйденовтар бастап тұрған еді…

Ұлттық қаны бар санаулы ғана саңлақ қайраткерлеріміздің бірі Иманғали Тасмағамбетов Алматыны басқарып тұрғанда мемлекеттік тілді дамытуға біраз қадам жасады. Сол кезде ғой Олжас Сүлейменовтың: „«Если мы сегодня переведем делопроизводство в Алматы на казахский язык, социального взрыва в городе не избежать!»деп гүр ете қалатыны. Сол кезде ғой, біздің де:«Орыстар Олжасты неге Алжас дейтінін енді түсіндім»деп «Жас қазақ үні» газетінде (2005 жыл) жазатынымыз… (Бұл сөзіміз кейін мәтелге айналып кетті…)  Тасмағамбетовтың журналистермен бір кездесуінде мен: „Алматы қазақшаланбай, Қазақстан қазақшаланбайды” деген тарихи сөз айттыңыз. Бұл бағытта не істеліп жатыр?” деп сұрақ қойдым.Сонда Имекең: „Біз бұл бағытта біраз шаруалар атқарудамыз. Жақында ғана Алматы қалалық білім басқармасының бастығы етіп қазақ тілі пәнінің маманын қойдық. Ол басында „мен орыс тілін білмеймін” деп бас тартып еді, „Бізге сол орыс тілін білмейтін басшы керек” деп көндірдік”-деген болатын.Бұндай тапқырлыққа қатты риза болған менің ойымша, бұл кешегі-бүгінгі кезеңіміз бар, 90 жылдық тарихта тұңғыш рет „орыс тілін білмегені үшін” басшылыққа тағайындау болған шығар… Яғни, енді осы тәжірибені еліміз бойынша қолдану керек.Үкіметке, парламентке, әкімдіктерге, ұлттық компанияларға, мемлекеттік қызметкерлерге Орысша білмейтіндерді немесе орысша сөйлемейтіндерді алу керек!..Ең басты талап-мемлекеттік тілді білуі керек. Содан соң ғана ағылшын тілін білсе, өзіне жақсы. Ал айдаладағы бір кезде бізді отар қылып, қожайын болған Ресейдің тілінде сөйлеуге құмарлық және оны талап ету – құлдық психология. Құлдардың ғана құтыла алмайтын, құлдарда ғана болатын  тәуелділік синдромы.  Аты-жөндерінен «-ов, -ова, -ев, -ева» сияқты Ресей таңған құлдық таңба, құлдық жалғаудан 1997 жылы заңымыз шықса да, 15 жылдан бері арыла алмай жүргендер де құлдар. Әрине, жоғарыда айтқандай, мемлекеттік тілдің артықшылығын танытатын  заң қабылдамай,  барлық әрекеттер адымын еркін аша алмайды… Тағы да қайталаймыз, Мемлекеттік тіл деген сөз – ол тілдің өзге тілдерден артықшылығы, яғни қазақшаласақ, үстемдігі деген сөз. Бұл барлық дамыған мемлекеттер үшін әркім әліппедей білуге тиісті артықшылық! Бізден басқа барлық ТМД мемлекеттері, титтей қырғыз да,  шағын тәжіктер де, шын мәнінде Тәуелсіздік алған елдер Ресей тілін пайдаланбайды. Бұны біз күніге жүз рет, мың рет қайталай беруге тиіспіз!

 

АНА ТІЛІН БІЛМЕУ ДЕ, АНА ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕМЕУ ДЕ – ҰЛТҚА САТҚЫНДЫҚ!

СІЗДІҢ  МЕКЕМЕҢІЗДЕГІ АНА ТІЛІН – МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ БІЛМЕЙТІН

ТОПАС БАСШЫЛАР МЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР КІМДЕР?!.


 

 

 

Былтыр әлемнің 56 еліне төраға болған ел Қазақстан болса да, ЕҚЫҰ-ның бүкіл жұмысында да, өз Астанамыздағы Саммитте де айдаладағы Ресей тілі үстемдік құрды. Енді мұндай төрағалық келе ме, келмей ме, бір құдай біледі. Қазақтың Астанасында Қазақстан  Президенті Ресей тілінде сөйлегеніне күйіп кеткен болу керек, (бізден басқа ешбір ел Ресейді пір санамайды) өз тілінде сөйлеуге мүлде құқы жоқ Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысы  Пан Ги Мун  кәріс тілінде бастады сөзін…  Шамасы, қазақтардың егер есінде қалса, өз тілдері де бар екенін естеріне түсірейін дегені шығар… Расын айту керек, Президентіміз былтыр Германияға барғанда қазақша сөйлегенін көріп… көзімізден жас шығып кете жаздады… Иә, одан соң Астанадағы Азиаданың  ғажайып ашылу салтанаты таза қазақ тілінде өтті. Тек ағылшын тілінде жүгіртпе жолдар жүріп отырды. Кеше ғана өткен Ислам конференциясында Президент Н.Назарбаев тек қазақ тілінде сөйледі. Қаншама қазаққа жұмыс табылды.  Ұлттың еңсесі көтеріліп қалды. Бұл енді мемлекеттік тілді білмейтін, білетін барлық басшыларға үлгі болуы тиіс еді…

Президенттен бастап, Үкімет,  Парламент төрағаларынан бастап, министрлер, әкімдерден, барлық басшылардан бастап, тек мемлекеттік тілде сөйлесе, біріншіден, миллиардтар жұмсалса да, маңдымай жатқан (себебі қажеттілік жоқ) мемлекеттік тіл дамиды. Екіншіден, мемлекеттік тілді білетін қаншама қазақ пен қазақстандыққа жұмыс табылады. „Орысшаға аударып әкел” деп, омалып отыратын топастар орын босатады…Сонда орыс тілінде сөйлеу, яғни Қазақ тілінде сөйлемеу деген сөз – қазақ тіліне, сол арқылы өз елінде қазаққа жұмыс бермеу деген сөз! Яғни, бұл ұлтқа жаулық емес пе? Сонда ұлтқа, яғни мемлекетке ең алдымен мемлекеттік тілді білмейтін шенеуніктер, министрлер, әкімдер, депутаттар, ұлттық компания жетекшілері, барлық басшылар жау деген сөз ғой! Ал ондай топас жауларды құрту керек емес пе? Көрнекті орыс жазушысы К.Паустовский : «Ана тілін білмеу-ұлтқа жасалған опасыздық» деп жазды сол кездің өзінде… Біздің орысшыл, орыс болып кеткен мәңгүрттеріміз неге осы орыс данышпанының сөзін ескермейді… Біз бұл ана тілін білмейтін және ана тілінде сөйлемейтін опасыз, сатқындарды, яғни жауларды жазалап, жауапқа тартпай-ақ қояйық, алғашқыда… Олар өз еріктерімен орындарын босатсын!  Сонда өзге ұлт өкілдері лезде мемлекеттік тілді үйреніп алады.  Қазақтың ақшасына шығып жатқан өзге тілді, пиғылы нашар, басбұзар басылымдар негізгі ұлтты негізсіз келемеждеп,“киіз үй- бомждардың баспанасы” дегендей…намысқа тиер сөздер жарияламайды…

Тәуелсіздігіне 20 жыл толып отырған Қазақстанда өз ана тілін, яғни мемлекеттік тілді білмейтін топастар мен жауларға орын жоқ!

Ал олар кімдер? Аттарын атап, түстерін түстеп, тізімін жариялайық? Масанов марқұм болып кетті…   Ерлан Ыдырысов пен Әңуар Сәйденовтерден  басқа кім бар? Тәуелсіздіктің мерекелі 20 жылдығында „Шіріген жұмыртқа” сыйлығының жаңа лауреаттығына кімдер таласа алады?.. „Қазақ тілі дамымай жатыр”-деп аттан салып, комиссиялар құрамына кіріп, өздері балаларын орыс тіліндегі мектепке беретіндер кімдер? Сіздің мекемеңіздегі ана тілін – мемлекеттік тілді білмейтін, топас  басшылар мен қызметкерлер кімдер?

Үн қосыңыздар, оқырман қауым! Ең ұтымды ұсыныс жасағандар мен өткір ой иелеріне сыйлығымыз да бар…

Қазыбек ИСА

сурет: azattyq.org

 

 


Осыған ұқсас:



237 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. секе 26 Ақпан, 2015, 21:05

    Манкурттердин кара тизимин жасап улкен билбортарга жазып каланын ен корнеки жерлерине илип кою керек.суреттеримен олаи истесе занмен кудалана ма жазган адамдар

    Жауап жазу
  2. Орыс шошкасы 9 Наурыз, 2015, 13:36

    Я по национальности казах говорю пишу читаю только по русский если обстановка в казахстане будет как в Украине то я на стороне русских

    Жауап жазу
  3. Қолқоюсыз 13 Наурыз, 2015, 12:05

    Нур агамызга не болған озкандасымызды заңымен кудалатып Серік Ахметовты абақтыға жапты айдаладагы Ұйғарды бізге министргып қойды акымак кангыбас ұйғыр десе

    Жауап жазу
  4. Алсерке Ибрахим 13 Наурыз, 2015, 22:31

    ТИЛИННЕН БЕЗГЕН КАЗАКТАРГА АЙТА, АЙТА ,АУЗЫМЫЗ ЖАЗА, ЖАЗА КОЛЫМЫЗДЫН АУЫРГАНЫН БАРИМИЗ ДЕ БИЛЕМИЗ . БИРАК БУЛ ТЕКСИЗДЕРГЕ, СОЗ ОТПЕИДИ. СОНДЫКТАН, ОБАЛЫ ЖОК ШЫГАР , ЕРТЕНГЕ КАЛДЫРМАЙ ПИШТРИП ЖИБЕРУ КЕРЕК.

    Жауап жазу
  5. Бейсен 15 Наурыз, 2015, 21:42

    МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛГЕ МИЫ ЖЕТПЕГЕНДЕР ҚАЛАЙ МИНИСТР БОЛАДЫ?.. Бұл сұрақтың жауабын тек Елбасы біледі.

    Жауап жазу
  6. Болатхан 26 Наурыз, 2015, 21:10

    Президент қазақша сөйлемей ТІЛІМІЗ оңбайды ешқашан да!!! Тілге ҚАЖЕТТІЛІК тудырмай БІЗДІҢ АСЫЛ ТІЛІМІЗ ешқашанда Мемлекеттік Тіл бола алмайды! Ешқандай тіл курстары көмектеспейді ! Бұл босқа ақша шашу ! Жолы: ҚАЗАҚ ТІЛІН білмейтіндерді басшылық қызметке басы бесеу болса да қоймау керек ! Е.Ыдырысов сияқты бауырларымыз бір аптаның о жақ бұ жағында ҚАЗАҚ тілін біліп кететініне мен сенімдімін !!!

    Жауап жазу
  7. Атырау 31 Наурыз, 2015, 18:10

    Бизге аке шешемиз окындар билим алындар болашакта депуттат боласындар деген арине кулкили))биз негизи шынында орысша казакша анык солей аламыз халыктын жагдайын тек биз билемиз кара халык бола тура казакша солеп жазалмайтын адамдар калай министр депутат болып жур биз окысакта депутат болалмаймыз оган тек агасы барлар миы жок акшасы коптер отырадыгой))шынында россияда орыстардын мажилисте казакша жиналыс жургизип отырганын кормеппин неге биз казактар орысша жургиземиз казакстан емес шалаказахстан сияктымыз

    Жауап жазу
  8. Атырау 31 Наурыз, 2015, 18:20

    Шындыкты айткан адамдар ардайым жазаланады,бурынгы халык жауы деп атылып кеткен биздин гулама акындарымыз сиякты атып немесе турмеге жауып олтирип кейн олгеннен кейн силап китапка енгизип силайды казирги акындарда шындыкты айтады неге телевизордан создерин киып кейн мулдем шыгармай тастайды айтыска онын мысалы Ринат Зайтовты онын айтканынын барлыгы шындый оны кара халык казактардын бари келиседи тек ана акшага тоймайтын депуттаттар мойындамайды недеген адамсындар кризис келятр дейди ол бизге келятр депуттаттар сендерге катысы жоккой киналмандар келетин нарсенин бяри бизге келеди жаман болсада депутатка даже куста жоламайтн шыгар отырып алып уйыктап тус корип тусинде машинанын фарларын жагып журиндер не кундиз корми каласындарма детски кресло дейди сол болса кишкентай бала аман калама онын бяри Алланын колында олетин адам бир касык суга батып оледи биз сендерге акыл уйретик депуттаттар енди сол калдыгой хаха

    Жауап жазу
  9. Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім 9 Сәуір, 2015, 22:29

    Ұлы Жаратушы – Адам Ата мен Ауа Ананы Қазақтың Ана тілімен бірге жаратқан. Адам таза қазақ сөзі. Бұл сөз қазақтың төл сөзі болғандықтан ғана біз бір-бірімізді (ерді де, әйелді де) Адам деп атаймыз. Әйтпесе, мына орыс елі сияқты, біздерде бір-бірімізді «человек», «женщина» немесе «люди»; ағылшындар сияқты «ман», «мен», «вуман»; арабтар сияқты «рожулун» (ер кісі), «имроатун» (әйел адам), парсылар «Мәрд», «зән», «енсан» (жалпылама Адам деген ұғым оларда да бар) деп атаған болар едік. Олар бізден және бізге ең жақын туыс елдерден өзге елдердің барлығы Адам деп тек қана ең алғашқы Адамды (Адам Ата – Ауа Ана, Адам и Ева) атайтындарының сыры осы.
    Ұлы Абай «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп», – десе, ежелгі Аталарымыз «Адамзаттың бәрін Адам, Атам (менің Атам) деп, Бәке, Жәке, Сәке, Нәке дегенде, өзіңнен үлкенді Әкем деп сүй деп отыр. Жақында Қазақстан парламентінің бір депутаты бір министрге Жәке (әке) деп сөйлегені үшін бұрқан-талқан болып ашуланып, қатаң ескерту жасады. Осы бір ауыз сөзге бола-ақ барлық депутаттардың мандаттарын тартып алып, оларды қазақ ауылдарына ұзақ мерзімге, қашан қазақтың Ана тілін толық меңгеріп алғанша, есекпен (баяғы Әбіш Кекілбай ағамыз айтқандай) іссапарға жіберіп алсақ артық болмас еді.
    Атам Қазақ өз тілдерін өзге елдер сияқты туысқан (родной) деп атамай, «Ана тілі» дегенде бұл менің шешемнің тілі деп отырған жоқ. Шеше жұрттың бәрінде де бар. Бұл сөз Қазақтың Ана тілі бүкіл әлем елдері тілдерінің анасы деген сөз. Қазақта осыған сәйкес, тек қана үш ұғым: Ауа ана, От ана және Жер ана делінеді. Маңғыстаулық қазақтардың ежелгі шежіре-дастандарындағы ауыздарынан тастамайтын «Үш аналы қазағы» осы.
    Бүкіл әлемдегі сөйлеген сөзіне біздер түсіне алмайтын, бізге ең алыс елдердің де 30% сөз түбірі қазақтың сөздерінің сөз түбірімен сәйкес келеді. Мағыналары да тура біздікіндей, немесе соған жақын. Бұл тіл ғылымында толықтай мойындалған. Демек, бұл бүкіл әлем елдерінің тілі өз бастауын біздің Ана тілімізден алады деген сөз.
    Адай шежіресі Адам ата мен бүгінгі ұрпақтың арасын 70 000 жыл деп көрсетеді. Сондықтан, бүкіл әлемде қазақтың ана тілінен бай тіл жоқ. 1980 жылдары әлем елдері өздерінің сөздіқ қорының құрамын санағанда ағылшындар 250 000, қытайлар 500 000, ал қазақтардың сөздік қоры 20 000 000 асқан. Ғұмыры ұзақ елдің тілі ғана осыншама бай болатыны ешкімге де дау туғызбайтын, айдай ақиқат болса керек.
    «Егер де жердегі барлық ағаштар қаламға айналып, ал теңіз (сия болып) және оған артынан жеті теңіз қосылса да Аллаһтың сөздері таусылмайды (Құран Кәрім. Лұқман сүресі. 27 аят). Тәпсір: Соның бәрімен жазса да аса ұлы Аллаһтың сөзі таусылмайды. Ибн Касир. Демек, қазақтың Ана тілі Ұлы Жаратушы – Аллаһтан кейінгі екінші тіл.

    Жауап жазу
  10. Ж.Т.К. 22 Сәуір, 2015, 18:59

    Тілі жойылған халықтың өзі жойылатыны туралы ұлы адамдар бізге дейін айтып кеткен. Дүние жузінде 100 деген ұлттармен ұлыстардың тілдері жойылып мәңгүрттеніп кеткені белгілі. Ендеше қақақтыңда бұл әлемнен жойылуына негіз қаланып жатыр. Қазақста балық басынан шіритіні сияқты бар кінә басшыдан яғни, президент ауыспай осы жалтақтығымыз, мәңгүртенгеніміз жалғасын таба бермек. Біз тек шикі заттың көптігінен ғана өмір сүріп отырмыз. Ал оның қоры таусылған немесе азайған күні Қазақстан жерін дамыған елдер тулақтай талап, қазағың соларға құл болады.

    Жауап жазу
    • Адил 12 Наурыз, 2017, 16:30

      Оте дурыс айтасыз! Кез келген мемлекетке барсаныз олардын тилинде сойлеуге мажур боласын,ал биздин елде ондай тартип жок.мысалы Туркияда сол елдин тилин билмесен аштан олесин аныгын айтканда. Бизгеде сондай талап керек деп ойлаймын сонда халык амал жок кун кору ушин уйренер еди. Ал былайша омир сурип жаткан елди сыйлап сол елдин тилин
      уйренейн деген сана жок ешкимде. Жогарыда билк басында отырган агалардын ана тилге жан ашымаса карапайым халыктын колынан не келеди?орысша билмейтин казактардын дарежеси оте томен оздери жасык кайда барсада алдарынан орыс тилине деген сураныс шыгады. оз елинде ата бабаннын жеринде журген адамга уксамайды Орыс тилин билу миндет сиякты. Осыны тусинбей-ак койдым неге ен 1 ши басымдык ана тилге берилмейди? Кай мемлекетте омир суресин ишип жейсин отбасынды асырайсын сол елдин тилин билу керек,сол елге деген сыйластык болып саналады.биздин казахтардын дарежеси томендегени соншама бир бирин орысша билмесе кемитеди,ал орысша билсен сен ен солардын ойынша образованный,интеллигентный,современный, жана заманга сай гылым билим барин игерген адам болып коринеди.Осы кулдык санадан кашан кутыламыз екен? менин ойымша тек бир жолы бар ол жазып кеткенимдей Ана тилимизге сураныс керек ягни тил билмесен жумыс жасай алмайсын карапайым мысал.сосын ози ак букил ис кагаздар кужаттар казакшага айналады. Орысша ариптермен жазганыма кеширим сураймын.тез жазу ушин колдандым.

      Жауап жазу
  11. Жандос 18 Маусым, 2015, 19:00

    Қайран! Заманбек ағамызбен Сәрсенбек ағамыздың қазаққа симайкеткен-ай. Заманбек ағамыз кезінде жоғарғы жақта істеп жүргенде бір ұлт өкілін қазаққа қаратып сөйлетбеп еді. Қазір мәңгүрттер төбемізге шығып алған-ай.

    Жауап жазу
  12. Гульжанат 5 Шілде, 2015, 15:08

    Бiзде министiрлiкте аттарын айтпайаккояйын кейбиреуi ТУПЫЕ асиресе денсаулык сактау министiрлiгiндегiлеp ойларына не келет соны iстей салат не сумдык адамды емдендер дегеннин орнына керисинше истейт созiм жок ужасна

    Жауап жазу
  13. Ма 19 Тамыз, 2015, 22:36

    Менин ойымша биликке ултжанды казах келмейинше, тил маселеси шешилмейтин шыгар,
    Екинши маселе сиздерден улкен отиниш дукендерге барганда казахша сойлейикши орыстарга сатушыга, олар баленин барин тусинеди, мысал еки нан десек биледигой олар сауатты халык емеспе мектеп окыган,
    Ушинши биз анау мынау демей озимиз козгалайык, озимиз талап етейик, озимизден бастайык бир орыс корсек бар билген орысшамызды айтпай казахша айтайык

    Жауап жазу
  14. Қолқоюсыз 23 Тамыз, 2015, 12:37

    АНА ТІЛІНЕ, МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛГЕ МИЫ ЖЕТПЕГЕНДЕР ҚАЛАЙ МИНИСТР БОЛАДЫ?.. БІЗДЕ МИСЫЗ МИНИСТР, МИСЫЗ ӘКІМ, МИСЫЗ ДЕПУТАТ, МИСЫЗ ШЕНЕУНІКТЕР БОЛУЫ ЗАҢДЫЛЫҚ болса, онда БІЗ ҚАНДАЙ ЕЛМІЗ? http://www.qazaquni.kz/7602.html :zhlau: :shoshu:

    Жауап жазу
    • Адил актау 12 Наурыз, 2017, 17:03

      оте дурыс козгалган ангиме! Копшилик ултжанды мен ултшылды шатастырып жур али кунге таныс араласатын жолдастарымда бар осындай орысшасы басым . Соларга ана тилде сойле десен бирден нацизмге апарып тирейди.мыс биз не ушин оз елимизде оз ата бабамыздын жеринде атаконысымызда журип орысша билмеген ушин киындык коруимиз керек? Арине баска тилге ешкандай карсылыгым жок бирак 1 ши ана тилин сосын жетти журттын тилин бил.теледидарды косып калсан орысшага бари судай ана тилимизге келгенде шоркак асиресе басшы курамда отыргандар.солардын барин тил билмегени ушин жылы орындарынан куып нанынан айырсан оп онай уйренип алар еди.ал оздигинен ешкандай шенеуник халыкты сыйлап елди жерди ана тилин сыйлап уйренбейди ондай сана жок.сол ушин еуропадагыдай сураныс керек биздин тилимизге соган жеттик.

      Жауап жазу
  15. Қолқоюсыз 22 Қыркүйек, 2015, 01:59

    МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛГЕ МИЫ ЖЕТПЕГЕНДЕР ҚАЛАЙ МИНИСТР БОЛАДЫ?.. БІЗДЕ МИСЫЗ МИНИСТР, МИСЫЗ ӘКІМ, МИСЫЗ ДЕПУТАТ, МИСЫЗ ШЕНЕУНІКТЕР БОЛУЫ ЗАҢДЫЛЫҚ болса, онда БІЗ ҚАНДАЙ ЕЛМІЗ?
    http://www.qazaquni.kz/?p=7602

    Жауап жазу
  16. ЕВРОПАДАҒЫ ҚАЗАҚТАР!!!!!!!!!!!! 26 Қараша, 2015, 00:56

    ҚАНЫҢ ҚАЙНАЙДЫ ОСЫНДАЙ НАМЫССЫЗ, АРСЫЗ, ҰЯТСЫЗ НАДАНДАРҒА!!!!!!!!!!!!! ЕВРОПА МЕМЛЕКЕТТЕРІНДЕ ӨЗІНІҢ АНА ТІЛІН БІЛМЕСЕ МИНИСТР ТҰРМАҚ ДАЛАНЫҢ ҚОҚЫСЫН ТЕРУГЕ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСА АЛМАЙДЫ!!!!!!!!! АТА-БАБАЛАРЫМЫЗДЫҢ АРУАҚТАРЫ АТСЫН!!!!!!!! НАДАН!!!!!!!!!!!!!! ЕСЕК!!!!!!! МАСҚАРА!!!!!!!!!!!! ЕВРОПАҒА КЕЛІП БІЗДІ МАСҚАРАЛАМА ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙ АЛМАСАҢ ҮЙІҢДЕ ОТЫР АЛБАСТЫ!!!!!!!!!!!!!! СЕНІҢ МАҢЫ ТҰРМАҚ ШАҢЫҢА ЖОЛАМАЙМЫЗ!!!!! МАСҚАРА!!!!!!!
    АНА ТІЛІМ-ҚАЗАҚ ТІЛІМ АҚ СҮТІНДЕЙ АНАМНЫҢ!!!!!!!!!!!!!!
    АНА ТІЛІҢ АРЫҢ БҰЛ!!!!
    ҰЯТЫҢ БОЛЫП ТҰР БЕТТЕ!!!!!!!!!
    ӨЗГЕ ТІЛДІҢ БӘРІН БІЛ!!!!!!!!
    АНА-ҚАЗАҚ ТІЛІМІЗДІ ҚҰРМЕТТЕ!!!!!!!!

    Жауап жазу
  17. ЕВРОПАДАҒЫ ҚАЗАҚТАР!!!!!!!!!!!! 15 Қаңтар, 2016, 02:34

    24 ТӘУЕЛСІЗ ЖЫЛЫМЫЗДА ҚАЗАҚША СӨЙЛЕМЕГЕН ҰЯТСЫЗ АРСЫЗ НАМЫСТАРЫ ЖОҚ ХАЙУАНДАР!!!!!!!!!!! ҚАЛАЙ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АЛДЫНА ШЫҒЫП ЖҮР!!!!!!!!! ЕВРОПАДА АНА ТІЛІҢ БІЛМЕСЕ, АНА ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕМЕСЕ ОНДАЙ ХАЙУАНҒА МИНИСТР ТҰРМАҚ ӨМІР ДЕ ЖОҚ!!!!!!! АЛ МЫНАУ НА СҰМДЫҚ МАСҚАРА??????? ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ОСЫНДАЙ БАСҚА меммлекеттің ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕЙТІН НАДАНДАРДЫ ҚУУ КЕРЕК, ОЛАР ҚОЙ БАҒЫП ҚОЙМЕН СӨЙЛЕССІН БАСҚА МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІЛІНДЕ!!!!!!!!!! ҚАНЫМЫЗ ҚАЙНАЙДЫ!!!!!!!!!!!!!!
    :zhlau: :zhlau: :zhlau: :zhlau: :zhlau: :zhlau: :zhlau: :zhlau: :zhlau: :zhlau:

    Жауап жазу
  18. Өмірге қонақ 17 Қаңтар, 2016, 18:09

    Еееййй ағайыыыыыын! Бұл əшейін əңгімемен біте қалар іс емес! Солардың бір -екеуін Астананың орталық алаңына түнде тұқымынан асып кету керек! Мойнына тақтайшаға: Мынау, қазақ тілін менсінбейтін шіріген жұмыртқа сияқты шенеунік қазақтың жазасы, міне осы, деп!

    Жауап жазу
  19. Жағамды ұстадым 18 Қаңтар, 2016, 11:34

    Аурусыңдар ма. Онсыз да басқа ұлттар өлтірсе құны сұраусыз бейшараларды енді тіл білмегені үшін өздерің өлтірсеңдер. Алла, Алла мына жұрттың миы сарысу болып кеткен бе. Есі саудың сөзі емес…

    Жауап жазу
  20. Қолқоюсыз 24 Ақпан, 2016, 12:07

    МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛГЕ МИЫ ЖЕТПЕГЕНДЕР ҚАЛАЙ МИНИСТР БОЛАДЫ?..
    http://www.qazaquni.kz/?p=7602

    Жауап жазу
  21. ;fy,jkfn 1 Наурыз, 2016, 19:59

    Балық басынан шіриді,Назарбаев кетпей қазақ тілі дамымайды,Назарбаевқа қазақтың осылай қырық пышақ болғаны жақсы,Бөліп ал да билей бер деген мақал бар,

    Жауап жазу
  22. жеттім... 20 Наурыз, 2016, 19:12

    ана тілін білмеу деген не? ол білмейтіндер қазақ еместер! өз тілін білмейтіндер әлем бойынша бізде ғана болуы ұйалтады. ал басқалар сайрап тұр. сондықтан ана тілін білмейтіндерді кадырлық санатқа өсіріп жұмыс беру заңға қыйғаш емес қарсы келу болмақ!

    Жауап жазу
  23. арат 9 Сәуір, 2016, 17:47

    Менің арғы ата-бабам араб болған.Мен қазақ болып кеттім.О дүниелік болып жатсам бабаларыммен қалай сөйлесем…Оған кім кінәлі?

    Жауап жазу
  24. Әзімбай 19 Қыркүйек, 2016, 13:37

    Әкесі жақсы еді,әлі тірі дейді.Маған:Әзімбай қазақша жаз, сөйле, ойла деп еді, сонда өз баласына шамасы келмей жүр екен, мүлде түйсік баласында

    Жауап жазу
  25. Қолқоюсыз 13 Қараша, 2016, 18:58

    «МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛГЕ МИЫ ЖЕТПЕГЕНДЕР ҚАЛАЙ МИНИСТР БОЛАДЫ?..» http://www.qazaquni.kz/2011/06/11/7602.html

    Жауап жазу
  26. Қолқоюсыз 2 Желтоқсан, 2016, 22:58

    Мен солай ойлаймын

    Жауап жазу
  27. ШОК 20 Желтоқсан, 2016, 10:37

    Қасымжомарт Тоқаев қазақша сөйлеп жүр, кешегі жиналыстағы қазақшасын естіп, сүйсіндім. Міне нағыз патриот,ол да басында қазақша дым білмейтін. Тоқаев президент маңындағы қазақшаға миы жетпейтіндерге үлгі болу керек!!!!!

    Жауап жазу
  28. admin 29 Желтоқсан, 2016, 16:58

    МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛГЕ МИЫ ЖЕТПЕГЕНДЕР ҚАЛАЙ МИНИСТР БОЛАДЫ?..
    http://www.qazaquni.kz/2011/06/11/7602.html

    Жауап жазу
  29. койшы 26 Сәуір, 2017, 09:07

    мал мал мал мал мал мал мал союга да жарамайды мал мал мал мал мал бары мал

    Жауап жазу
  30. Ғалам меңгерушысы 26 Сәуір, 2017, 09:14

    Қазақтың тілін ақыреттың тілі ғылып сайладым енді қайтер екен шенеуниктер мен менеуниктерың

    Жауап жазу
  31. БОТАГӨЗ, ҚОСТАНАЙ 10 Маусым, 2017, 21:13

    Қазыбек мырза, К.Паустовский : «Ана тілін білмеу-ұлтқа жасалған опасыздық» осыдан артық қалай айтуға болады. Кейбір қазақтардың санасы, ой-өрісі, тілге деген бет-бұрысы неге дұрыс болмай келе жатыр, олар қашан өзгереді, африкандықтар мен американдықтар ҚАЗАҚ тілін үйреніп, сөйлеп жатыр. Соншама саналарында, жүректерінің түбінде елге, тілге деген деген кішкене болса да сый-құрмет болу керек еді-ау. Өзге тілде сайрап, өз тілін жетімсіреткеннен олар да жақсылық таппас түбі……………………

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*